сұхбат
-
-
«Қызылорда-Жезқазған» автожолы 2022 жылдан бастап қайта жаңғыртылады
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Қызылорда-Жезқазған» автожолын салу жұмыстарына да аз уақыт қалды. Қазіргі таңда бұл автомобиль жолын қайта жаңғырту үшін «Қазавтожол» АҚ тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Жыл соңына қарай мердігер мекемемен келісімшарт жасалып, келер жылдан бастап құрылыс жұмыстары басталатын болады. Бұл туралы Қызылорда oблыcтық жoлayшылap көлiгi жәнe aвтoмoбиль жoлдapы бacқapмacының бacшысы Тлeyмбeтoв Мұpaт Жoлкeлдiұлы BAQ.KZ сайтына берген сұхбатында айтты.
31.07.2021
-
Ярослава Шведова: Ең соңына дейін ойынды тоқтатқым келген жоқ...
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Олимпиаданың келесі айналымына өте алған жоқ. Ол кездесу кезінде ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. Olympic.kz cайтына сұхбат берген теннисші жарыстан бас тартуының себебін айтты.
25.07.2021
-
Дипломат Шәмішев: Нағыз дипломат болу өмір бойы оқуды талап етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні. Сыртқы саясатты жүргізіп, бейбіт өмірді қалыптастыруда осы мамандық иелерінің еңбегі ұшан-теңіз. Атаулы күнге орай дипломатия саласының ардагері, Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау департаментінің директоры Ерлан Шәмішевпен сұхбаттасқан едік.
02.07.2021
-
Елбасының сұхбатына негізделген «Қолтаңба» деректі фильмі көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 шілдеде сағат 20:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатына негізделген «Қолтаңба» деректі фильмі көрсетіледі.
01.07.2021
-
Карантин ата-аналарға мұғалім мен мектептің қадірін ұқтырды – Ақзира Қасымова
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қызылорда облысында 2600 орынға арналған 6 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ осы жылы облыс орталығындағы біршама мектепке бейнебақылау орнатылып, Жедел басқару орталығына қосылмақ. Жалпы, жаңалығы көп өңірдің білім саласында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Осы турасында Қызылорда облыстық Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымовамен сұхбаттасқан болатынбыз.
25.06.2021
-
Адамдық парызымды орындадым – субұрқақта тоқ соққан жандарды құтқарған Абылай осылай дейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда субұрқақтың жанында тоқ соққан адамдарды құтқарған Абылай Балапанов Қазнеттің жұлдызына айналды. Tengrinews.kz құтқарушы жігітті тауып, оны әңгімеге тартқан.
21.06.2021
-
Жақсылық Оспанов: Қызылордада кенжелеп қалған спорт түрі жоқ
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалықтардың 30 пайыздан астамы спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Халықты спортқа тартып, қызығушылығын арттыру үшін 138 елді мекенде 282 спорт нұсқаушысы жұмыс істейді. Осы және өзге де бұқаралық спортты дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу үшін облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспановпен сұхбаттасқан едік.
15.06.2021
-
Эпидемиолог маман: Екпе – адамзатты өлімнен құтқарған шара
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін жұқпалы аурулармен күресуде тәжірибесі бар шығысқазақстандық эпидемиологтарға коронавирустық пандемияға қарсы шаралар жүргізу қиын болған жоқ.
14.06.2021
-
Қорғаныс әскерлері елімізге төнген кез келген басқыншылықта бәрін жасауға тиіс – полковник
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери агрессия, nөтенше жағдайлар кезінде мемлекет өзінің барлық ресурсын жұмылдырады және жергілікті халықтың қолдауына сүйенеді. Жергілікті атқарушы органдар осындай міндеттерді орындауға қаншалықты дайын, Қорғаныс министрлігі аумақтық әскерлер жүйесін жетілдіру үшін не істейді, осы сұрақтар төңірегінде біз Қарулы күштер Бас штабы Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы, полковник Ризат Қолпашевпен әңгіме өрбіттік.
13.06.2021
-
Уақытылы күтім жасау дағдыға айналғанда ғана табиғи тісті сақтап қалуға болады – стоматолог
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Тіс емдейтін стоматология қызметіне сұраныс жоғары. Стоматолог қызметіне кімдер жиі жүгінеді? Тіс неден бұзылады? Табиғи тісті сақтау үшін нені білу керек? Тіс саулығына қатысты қандай реформа жүргізілуі тиіс? Осы және басқа да сұрақтарға тәжірибелі стоматолог-терапевт Гүлмира Өміржанова жауап берді.
11.06.2021
-
Емханада жатқан кезде болашақ жарыммен таныстым – жауынгер Сырым Сүндетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбе қаласында радикалды ислам ағымын ұстанатын қарулы топ шаһардың бірқатар нысанына, соның ішінде Ұлттық Ұланға қарасты 6655 әскери бөліміне қарулы шабуыл жасаған болатын. Мерзімді әскери қызметте болған сарбаз Сырым Сүндетов қаруластарымен бірге қанды қол лаңкестердің жолына алғашқы болып тосқауыл қойды. Шабуыл барысында Сырым ауыр жарақат алады. Сегіз жерден пышақталып, жұлынына зақым келеді. Солай бола тұра, ұландық жауынгер жауға берілген жоқ. Өлім алдында тұрса да, лаңкестерге қарсы лайықты тойтарыс берген.
10.06.2021
-
Дәрігер-уролог: Ауруын тексертпей, кейде «әулие» аралап кететін науқастар да кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Уролог дегенді естіген кезде бірден ер адамдарды емдейтін дәрігер көзімізге елестейді. Алайда оның ер адамдардан бөлек, әйелдердің де өмірлік маңызы бар ағзаларын емдейтінін бірі білсе, бірі білмейді. Бүгін үш бірдей мамандықты ұштастырып жүрген тәжірибелі жас дәрігер, «Теледәрігер» жобасының тұрақты қонағы, қазақстандық уролог-андролог-хирург Талғат Асылханұлымен әңгімелесіп, ерлер арасында белсіздік ауруының таралу себебін, елімізде қандай урологиялық аурулардың «жасарып» бара жатқанын, неліктен адамдар мамандарға емес, жарнамасы жер жаратын препараттарға сеніп, «әулие» аралап кететінін сұрастырдық.
30.05.2021
-
Қызылорданың «бренді» әлемнің 14 еліне экспортталады
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының «бренд» өнімдері әлемнің 14 еліне экспортталады. Биыл төрт ай ішінде күріш өнімінің 24,6 тоннасы сырт елдерге жөнелтілді.
22.05.2021
-
«Рухани жаңғыру» мұражай жұмысына жаңа бетбұрыс әкелді – музей директоры
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Тоқсан жылға таяу тарихы бар Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы облысымыздағы іргелі мәдени орталықтардың бірі. 1932 жылы ашылған музейде Қарағанды облысының территориясына, тарихына, халқына, өнеркәсібіне, мәдениетіне қатысты құнды жәдігерлер мен тарихи құжаттар жинақталған.
30.04.2021
-
Үкімет қаржыландыратын телеарналар рейтинг мәселесін алға тартпауы керек – әнші
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әнші, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Желмая» жобасындағы сұхбатта бұхаралық ақпарат құралдарының халықты тәрбиелеудегі рөлі жайлы айтты.
20.04.2021
-
Ұстаз болу үшін білім жолында аш қасқырдай болуың керек – Наурызова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспе. Біріншісі - жар таңдауда, екіншісі – мамандық таңдауда» деген қанатты сөз бар. Өз саласының дамуына үлес қосып жүрген ұстаз, Тәуелсіздік құрдасы Гүлдария Наурызова мамандық таңдауда қателеспедім дейді. Ол қазақ тілі, орыс тілі мұғалімі тәрізді қатардағы мамандықты емес, инженер-құрылысшы мамандығын таңдаған. Қазір «Astana Polytechnic» жоғарғы колледжінде оқытушы болып жұмыс істейтін ол еңбек жолы, құрылысшы мамандығының маңыздылығы, қашықтан оқытудың қызығы мен шыжығы жайлы әңгімелеп берді.
19.04.2021
-
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 85 жас мерейтойына орай түсірген, алайда қаламгердің өзі көріп үлгермеген соңғы сұхбатын ұсынады.
10.04.2021
-
Бапкер: Тоғызқұмалақты дамыту – бойында қазақтың қаны бар әрбір азаматтың міндеті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тарихқа зер салсақ, қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын қатты ұнатқан екен. Түрлі этнографтардың сөзіне сүйенсек, Абай ойынға қатты берілетіні соншалық, қарсыласымен бірге екі күн қатарынан тапжылмай ойнайтын көрінеді. Жақында Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітіліп, тізімге тоғызқұмалақтан бөлек 8 ойын түрі енгізілді. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерін мектеп бағдарламасына енгізу туралы жақсы бастама көтерілді. Білім беру ұйымдарына ең алдымен асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресін енгізу жоспарда бар. Осы орайда 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында тоғызқұмалақтың дамуына атсалысып жүрген бапкер Дурияш Рамбердиевамен сұхбаттасқан едік.
19.03.2021
-
Біз әліпбиді сән үшін емес, Тәуелсіздік мұратын жүзеге асыру үшін өзгертеміз – Дихан Қамзабекұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2023 жылдан бастап қазақ әліпбиі латын қарпіне көшеді. Бұл туралы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысында айтылды. Осыған байланысты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлымен сұхбаттасқан едік.
02.02.2021
-
Профессионалдар. Ұшқыш
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұшқыш – аса жауапкершілікті талап ететін қиын да қызық мамандық. Әуеде өзіңнен әлдеқайда үлкен қанатты темір тұлпарды бағындыру әйел баласына ғана емес, ер азаматтарымыз үшін де оңай іс емес.
28.01.2021
Наверх