Ярослава Шведова: Ең соңына дейін ойынды тоқтатқым келген жоқ...

25 Шілде 2021, 22:13
3465
Бөлісу:
Ярослава Шведова: Ең соңына дейін ойынды тоқтатқым келген жоқ...

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Олимпиаданың келесі айналымына өте алған жоқ. Ол кездесу кезінде ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. Olympic.kz cайтына сұхбат берген теннисші жарыстан бас тартуының себебін айтты. 

Өз өзіме енді келіп жатырмын. Өкінішке қарай, кездесу жеңіліспен аяқталды. Жақсы ойнап, тырысқан сияқтымын. Бәрі жаман емес еді, алайда, бірінші сеттің аяғына қарай ыстыққа шыдау мүмкін болмады. Күннің ыстығы қатты әсер етті.

Сонда да тоқтамай, бірнеше гейм ойнауға тырыстым. Бірақ жағдайым нашарлап, аяғымды сезбей қалдым. Ойынды тоқтатқым келген жоқ, ең соңына дейін ойнағым келді. Бірақ 3:2 есебімен алда тұрғанымда бәрі қиындай түсті.

Мен соңына дейін ойнай алмайтынымды сездім. Юля мен Зарина да ойыннан бас тартқан соң, барынша соңына дейін барғым келді. Ойыным жақсы жүріп жатса да, жағдайдың осындай болғаны өкінішті, - деді Шведова. 


Өзгелердің жаңалығы