Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі артады

25 Тамыз 2021, 18:22
6302
Бөлісу:
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі артады
Сұхбат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау өтті. Сайлаудың елдің дамуына қосар үлесі қандай? «Экономикалық зерттеулер институты» өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметовпен сайлау қорытындысы туралы сұхбаттасқан болатынбыз.

- Жуырда елімізде ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы өткені белгілі. Бұл сайлаудың бұрынғыдан айырмашылығы бар ма?

- Жалпы алғанда ауыл әкімдерін сайлау жергілікті өзін-өзі басқарудың кешенді реформасының бір бөлігі ретінде жергілікті тағайындау мәселелері мен олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шешім қабылдау процесінде ауылдық елдімекендерде қызығушылық танытқан тұрғындардың қатысуын қамтамасыз етеді. Бұл реформаның мақсаты – халыққа жергілікті биліктің қызметінің ашықтығы мен есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз ететін жүйені құру болып табылады. 

Әкімдерді тікелей сайлауды енгізу адамдардың өздеріне әкімдерді сайлау мүмкіндігін ұсынады. Өз кезегінде сайланған әкім өткізілген жұмыс үшін халыққа есеп береді әрі экономикалық дербестіктің кеңеюіне қарай аудандық деңгейден барынша тәуелсіз болады. Әкімдерді тікелей сайлауды енгізу жергілікті деңгейде азаматтық қоғамды қалыптастыруға, демократияны ілгерілетуге серпін беруі тиіс. Адамдар өзекті мәселелерді шешу үшін тікелей қамтылады. Дамыған жергілікті өзін-өзі басқару азаматтар олардың пікірінше өмір сүру деңгейін арттыруы мүмкін шешімдерді өздері таңдайтындығын білдіреді. 

Ауылдық округтерде жергілікті қауымдастықтың қолданыстағы жиналысын түрлендіру жолымен өкілдік орган функцияларымен жергілікті кеңес өзін-өзі басқару органы құрылады. Ол бюджет есебі мен жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен жүргізілген ақша қаражаттарын пайдалану тиімділігіне мониторинг жүргізіп, ауылдық округтің әкімшілігі қызметі туралы әкімнің есебін тыңдайтын болады. 

Одан бөлек, ревизиялық комиссиялар жасалған өтініштер негізінде қаражатты пайдаланудың тиімділігіне жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер өткізе алады. 

- Ал басшыларды тікелей сайлау, жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы туралы практиканың тиімділігі туралы халықаралық тәжірибелерден нені аңғаруға болады?

- 2018 жылы біз «Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттыру есебінен өңірлердегі институционалдық ортаны жақсарту» аналитикалық зерттеуін жүргіздік. Ол 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы жобасын әзірлеуге негіз болды. Аталған зерттеудің шеңберінде шетелдік тәжірибені талдадық, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындадық. 

Бүкіл әлемде жергілікті өзін-өзі басқару өмірлік маңызды мәселелерді тікелей шешу мен жергілікті маңыздылыққа ие істерді басқаруды қала және ауылдық елдімекен тұрғындарының қызығушылық білдірген тұрғындарының қатысуын қамтамасыз ететін ең ықпалды механизмдердің бірі екені сөзсіз. Қазақстан үшін бұл тұрғыда жалпы алғанда жергілікті және аймақтық басқаруды дамытуда табысқа қол жеткізген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше болып табылатын мемлекеттердің тәжірибесі маңызды әрі қызықты.
Атап айтатын болсақ, жергілікті өзін-өзі басқаруды қалпына келтіруге бағытталған реформаларды жүзеге асыруда айтарлықтай табысқа қол жеткізген Польшаның тәжірибесі үлгі тұтарлық. Орталықсыздандыру қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы негізгі оң әсерлерге қол жеткізуге алып келді. Сонымен қатар Франция мен өзге де еуропалық мемлекеттерде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін мемлекеттік билікті орталықсыздандыруда тәжірибеге бай. 

- Соңғы жылдары жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігін арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сіздегі бар деректер бойынша осы реформалардан қандай экономикалық ықпал болады деп болжануда?

- Ең бірінші, экономикалық ықпал ауылдық округ деңгейінде оларға салық пен төлемдердің түсуін беру есебінен экономикалық базаны қамтамасыз етуге байланысты болады. Әр жылдары қаржылық құралдар арқылы биліктің дербестігін арттыру бойынша шаралар қабылданған болатын. Мәселен, аудандық және ауылдық деңгейде жалға беру, жарнама және өзге де жерлерден табыстар келді, жақында бюджеттің 4-ші деңгейі енгізілді. Нәтижесінде қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқарудың табысы салықтық түсімдердің алты түрінен, түрлі төлемдер, айыппұлдар, коммуналдық мүлік пен жоғарыдағы бюджет есебінен трансферттердін түсімдерінен қалыптасады. Олар тікелей ауылдың бюджетіне түседі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың табыстық базасын әрі қарай кеңейту үшін 2022 жыл мен 2024 жылдар аралығындағы кезеңде 7 салық пен төлемдерді беру жоспарланып отыр. Бұлар: бірыңғай жер салығы, жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем, жер учаскесін сатудан болған түсімдер, су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер, қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымдар.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауапкершілік саласы бүкіл аумақтың, қоғамдық кеңістікті абаттандыруды, жергілікті көлік, әлеуметтік және өзге де инфрақұрылымды дамыту, базалық қызмет көрсету, сондай-ақ инфрақұрылымның іргелес, бірлесіп қолданатын нысандарын дамыту мүмкіндігі мәселелерін де қамтиды.

- Ал қазіргі уақытта ауыл бюджетіндегі жеке табыстың үлесі қандай? Ауыл, ауылдық округ әкімдерінің дербестігі туралы айту үшін енгізілген шаралар жеткілікті деп ойлайсыз ба?

- 2020 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің табысы 252 млрд теңгені құрады, оның ішінде шамамен 34 млрд теңге немесе 13,4%-ы – жеке табыстар және 218 млрд теңге жоғары тұрған бюджеттен түскен трансферттер. 

Ауылдық округтердің салықтық базасын ұлғайту есебінен ауылдық округтердің дербестігіне табыстың жалпы көлемінен түскен жеке табыстарының үлесі орта есеппен 2025 жылдың өзінде шамамен 35%-ға жетеді деп жоспарланып отыр. 

Мысалы, 2019 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке шағын және орта бизнестен корпоративті таыбс салығынан түсімдерді беру туралы шешім қабылданды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша пандемия салдарынан аймақтардағы экономикалық белсенділіктің төмендеуіне қарамастан жергілікті бюджетке былтыр ШОБ-тен жоспардағы 386 млрд теңге деп алғанда 482 млрд теңгедей корпоративті табыс салығы жиналған, бұл табыс салығының 25%-ға артқанын білдіреді. 

Ауылдық бюджеттерге қатысты айтатын болсақ, 2023 жылдан бастап жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алымдар механизмі қолданылмайды. Жоспардан артылған барлық түсімдер ауылдық округті дамытуға қалдырылады. 

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары бұдан былай елдімекендерді сапалы қызметпен қамтамасыз ету үшін бекітілген қаржылық ресурстардың құзыреті мен құралдарына ие болады. 

Жеке табыс қаражаттары тікелей ауылдық округті дамытуға және жергілікті қауымдастықтың жиналысында келісу арқылы жергілікті сипаттағы мәселелерді шешуге бағытталатын болады. 

- Әңгімеңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы