сұхбат
-
-
~
Телефоныма Президенттен келетін хабарламалардың арнайы дыбыстық белгісі бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист, Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берген екен. Соны назарларыңызға ұсынып отырмыз.
06.11.2021
-
~
Әскерге шақыру науқаны қалай жүріп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны осы жылдың соңына дейін жалғасады. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық жас толықтырады. Әскерге шақырудағы жаңашылдықтар мен үміткерлерді іріктеудің ерекшеліктері туралы Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің бастығы полковник Сәкен Жүсіпов айтып береді.
17.10.2021
-
~
Санақ парақшасындағы «біртүрлі» сұрақтар елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтауға көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде «Қазақстанда әркім маңызды» ұранымен ұлттық халық санағы жүріп жатқаны баршаға белгілі. Бұл шара тек жалпы халықтың санын ғана емес, халықтың игілігін, жалпы мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтауға бағытталған. Осы орайда демография магистрі, Карлов Университетінің докторанты, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Аяулым Сағынбаевамен сұхбаттасқан едік.
17.09.2021
-
~
Анар Фазылжанова: Жаңа әліпбиге жастардың көзқарасы оң
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қоғам арасында бірде көтеріліп, бірде бәсеңдейтін тақырыптардың бірі – жаңа әліпбиге көшу. Осы уақытқа дейін желі қолданушылары жаңа «графиканың тіл дәрежесін көтермейтіні, кириллицадан қалған мәдениетімізді ұмытпауымыз керек» деген пікірлер кең тараған еді. Бұл және басқа да мәселе бойынша соңғы жетілдірілген әліпбиге тікелей атсалысқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжановамен сұхбаттастық.
17.09.2021
-
~
Зейнетақыны қайта есептеу кезінде біз жұмыста түнедік. Ағыбаева ағынан жарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік салада 25 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан қызметкер Айжан Ағыбаева бұл саланың қыр-сыры мен осы уақыт аралығында қандай реформалар жасалғанын бізге берген сұхбатында айтып берді.
15.09.2021
-
~
Байсуфинов: Біз қарсыластың қателігін күтпей, өз стилімізде ойнауға тырысамыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Финляндиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, жергілікті тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
04.09.2021
-
~
Тапсырылды – орындалды: 2020 жылғы Президент Жолдауының қандай тапсырмалары орындалды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Кезекті Жолдау барысында елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары талқыға түседі. Ал осыдан тура бір жыл бұрын жолданған Жолдау қаншалықты орындалды? Осы орайда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Ермек Тоқтаровпен сұхбаттасқан болатынбыз.
31.08.2021
-
~
Үнзила Шапақ: Халық Конституциялық құқығын толық пайдалануды үйренуі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Заңгер, Заң ғылымдарының докторы, ҚР Конституциялық кеңестің мүшесі Үнзила Шапақ ҚР Конституция күні қарсаңында BAQ.KZ ақпарат агенттігіне сұқбат берген болатын.
30.08.2021
-
~
Гуманизм тұрғысында Ата Заңға қандай баға беруге болады? Профессор жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов Ата заңдағы адам құқықтары туралы айтты.
30.08.2021
-
~
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау өтті. Сайлаудың елдің дамуына қосар үлесі қандай? «Экономикалық зерттеулер институты» өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметовпен сайлау қорытындысы туралы сұхбаттасқан болатынбыз.
25.08.2021
-
~
Зарема Шәукенова: Тәліптердің Қазақстанның діни ахуалына әсерін болжау қиын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда әлем назары Кіндік Азияға ауып отыр. Бір апта бұрын Ауғанстанда орын алған діни-саяси оқиға әлемнің біраз елі үшін күтпеген жағдай болғаны анық.
20.08.2021
-
~
Бектұрғанов: Медсақтандыру пандемия кезінде адам өмірін құтқаратын «қауіпсіздік жастығына» айналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Неліктен негізінен мемлекеттік медицина ұйымдарында не жас, не егде жастағы дәрігерлер жұмыс істейді? Биыл оңалту шараларына бұрын-соңды болмаған қаражат бөлінгені рас па? Қазақстандағы медициналық сақтандыру жүйесінің барысы, медициналық көмектің сапасы қандай? Осы және өзге сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық консультативтік кеңес төрағасы Серік Бектұрғанов жауап берді.
14.08.2021
-
~
Дәурен Абаев ұлтшылдықты жоққа шығарып, сынаған жоқ – Ерлан Қарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кешеден бері әлеуметтік желіде әріптесім әрі жолдасым Дәурен Абаевтың мәлімдемесіне қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Мен Дәурен Әскербекұлымен біраз жыл қызметтес болдым. Біз Президент Әкімшілігіне дейін де ақпарат саласында бірге жұмыс істедік. Оның мемлекетшіл әрі ұлттық мүддеге берік азамат екенін жақсы білемін. Сондықтан, айтылып жатқан мәселеге бей-жай қарамай, оған өз пікірімді білдіргенді жөн көрдім деп жазды Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин facebook-парақшасында.
13.08.2021
-
~
Дәурен Абаев: Қазақстанда орыс тілі қысым көріп отыр деу – әділетсіздік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында бірқатар сұрақтарға жауап берді. Отандық қана емес, ресейлік ақпараттық кеңістікті елең еткізген оқиға талқыға түсті.
12.08.2021
-
~
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының экологиясын жақсарту қалай іске асып жатыр?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Аталған екі мегаполисті газдандыру, ондағы жылу қазандықтарын газға көшіру жұмыстары қалай іске асып жатыр? Ауаға зиянды қалдықтар бөлетін көліктерді реттеу жұмысы қалай іске асырылуда? Жалпы ауадағы зиянды қалдықтар қала тұрғындарының денсаулығына қалай әсер етіп жатыр? Осы және өзге де сұрақтарға ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов сұхбат барысында жауап берді.
11.08.2021
-
~
«Қызылорда-Жезқазған» автожолы 2022 жылдан бастап қайта жаңғыртылады
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Қызылорда-Жезқазған» автожолын салу жұмыстарына да аз уақыт қалды. Қазіргі таңда бұл автомобиль жолын қайта жаңғырту үшін «Қазавтожол» АҚ тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Жыл соңына қарай мердігер мекемемен келісімшарт жасалып, келер жылдан бастап құрылыс жұмыстары басталатын болады. Бұл туралы Қызылорда oблыcтық жoлayшылap көлiгi жәнe aвтoмoбиль жoлдapы бacқapмacының бacшысы Тлeyмбeтoв Мұpaт Жoлкeлдiұлы BAQ.KZ сайтына берген сұхбатында айтты.
31.07.2021
-
~
Ярослава Шведова: Ең соңына дейін ойынды тоқтатқым келген жоқ...
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Олимпиаданың келесі айналымына өте алған жоқ. Ол кездесу кезінде ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. Olympic.kz cайтына сұхбат берген теннисші жарыстан бас тартуының себебін айтты.
25.07.2021
-
~
Дипломат Шәмішев: Нағыз дипломат болу өмір бойы оқуды талап етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні. Сыртқы саясатты жүргізіп, бейбіт өмірді қалыптастыруда осы мамандық иелерінің еңбегі ұшан-теңіз. Атаулы күнге орай дипломатия саласының ардагері, Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау департаментінің директоры Ерлан Шәмішевпен сұхбаттасқан едік.
02.07.2021
-
~
Елбасының сұхбатына негізделген «Қолтаңба» деректі фильмі көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 шілдеде сағат 20:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатына негізделген «Қолтаңба» деректі фильмі көрсетіледі.
01.07.2021
-
~
Карантин ата-аналарға мұғалім мен мектептің қадірін ұқтырды – Ақзира Қасымова
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қызылорда облысында 2600 орынға арналған 6 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ осы жылы облыс орталығындағы біршама мектепке бейнебақылау орнатылып, Жедел басқару орталығына қосылмақ. Жалпы, жаңалығы көп өңірдің білім саласында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Осы турасында Қызылорда облыстық Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымовамен сұхбаттасқан болатынбыз.
25.06.2021
Наверх