Азаматтарға құқыққорғаушылар тарапынан қолданылған күштің барлығы жіті тексеріледі – Тоқаев

29 Қаңтар 2022, 21:13
2076
Бөлісу:
Азаматтарға құқыққорғаушылар тарапынан қолданылған күштің барлығы жіті тексеріледі – Тоқаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда болған жағдай төңірегінде адамдарда үрей бар. Оны түсінуге болады. Сол үшін Бас прокурорға әр жағдай бойынша тергеу жүргізуді тапсырдым. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Президент сондай-ақ БАҚ арқылы ұсталған азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық комиссияның құрылғанын оқып, білгенін жеткізді. 

Заңгер Айман Омарованың басқаруымен қоғамдық комиссия құрылыпты, оны құптаймын. Бұл жерде бізге тәуелсіз заңгерлер, қоғамдастықтарды тартқан жөн. Бұл қазір не болып жатқанын және трагедиялық күндері не болғанын шынайы анықтау үшін қажет. Адам құқығы жөніндегі омбудсмен Эльвира Азимова мен танымал заңгер Жеңіс Тұрмағанбетова СИЗО-ға барып, ұсталғандармен кездесіп, олардың жағдайын біліп, арыздарын тыңдауда. Бұл өте пайдалы іс. Мемлекет басшысы ретінде азаматтардың құқығы бұзылмауын қалаймын,-деді Тоқаев

Өзгелердің жаңалығы