Тоқаевтың неге өзге тілде сұхбат бергені түсіндірілді

Тоқаевтың неге өзге тілде сұхбат бергені түсіндірілді
3270

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев неге Хабар 24 арнасына орыс тілінде сұхбат бергенін түсіндірді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін республикалық телеарналардан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Осыған байланысты Президент неге мемлекеттік емес, орыс тілінде сұхбат береді деген сауалдар келіп түсіп жатыр. Аталған сұхбат әлемдік аудиторияға арналған. Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға әлемдік қоғамдастық қызығушылық тудырып отыр. Сондықтан тақырыптың өзектілігін ескере отырып, сұхбаттың мейлінше кең таралуын көздедік. Қаңтар айында шетелдік (Ресей, Еуропа, АҚШ) ірі бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысының атына сұхбат беру жөнінде көп өтініш түсті. Алайда Президенттің жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты біз тек «Хабар24» телеарнасымен ғана шектелуді жөн көрдік. Отандық БАҚ-қа берілетін келесі көлемді сұхбат міндетті түрде қазақ тілінде болады - деді Берік Уәли.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы