Президент Алматы әкімінің ауысуына қатысты: Уақыты келгенде білетін боласыздар

29 Қаңтар 2022, 20:47
1924
Бөлісу:
Президент Алматы әкімінің ауысуына қатысты: Уақыты келгенде білетін боласыздар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың ауысуына қатысты сұраққа жауап берді.

Әкім өмірінде алғаш рет мұндай қиын жағдайға тап болды. Мен оны кінәламас едім, ол - қызметтік міндеттерін атқару тұрғысынан адал адам. Бірақ алматылықтардың көңіл-күйін де ескеруге міндеттімін, сондықтан уақыты келгенде білетін боласыздар - деді Президент мегаполис басшысының ауысуы туралы айтқан сөзінде.

Сондай-ақ Тоқаев Алматының атауына қатысты ойын айтты.

Алматының ресми атауы қалады, ал қала тұрғындары мен оған ықыласы бөлек адамдарға қалай ыңғайлы болса, солай атала береді, - деді Тоқаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында

Өзгелердің жаңалығы