рәміздер
-
-
Мемлекеттік рәміздер – тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
04.06.2022
-
Көк байрақ туралы қызықты деректер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін егемендігіміз бен елдігіміздің нышаны – мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 30 жыл толды. Содан бері жығылмай келе жатқан қасиетті көк байрағымыз туралы қызықты мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.
04.06.2022
-
Оралда рәміздер күні атап өтілді
Орал қаласы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне орай, Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында салтанатты іс-шара өтті. Дәл бүгін рәміздеріміздің қабылданғанына 30 жыл толды. Еске сала кетсек, еліміздің тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданған еді.
04.06.2022
-
Сауалнама: Елорда тұрғындары ту қорлағандарға қатысты не ойлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалықтар мемлекеттік рәміздер туралы қаншалықты біледі?
Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Айтулы күнге орай қала тұрғындарынан мемлекеттік рәміздеріміз туралы сұрақ-жауап алдық. Оның ішінде соңғы уақытта әлеуметтік желіде дауға айналған мемлекеттік туды қорлағандарға қатысты да пікірін біліп көрдік.
04.06.2022
-
Қошанов: Әр азаматтың мемлекеттік рәмізге көрсеткен құрметі оның туған өлкеге деген сүйіспеншілігін көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
04.06.2022
-
Өскеменде Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-маусым - Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні тойланады. Биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай, облыс орталығындағы Тәуелсіздік монументінің жанында салтанатты шара өтті, деп хабарлады Алтайньюс.
04.06.2022
-
Сәбиді құтқарған Сәбит тағы да марапат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 3 жасар сәбиді 8-қабаттан құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев көрсеткен ерлігі үшін тағы да марапатталды.
04.06.2022
-
Біз әрқашан Туымызды, Әнұранымыз бен Елтаңбамызды мақтан тұтамыз – Дәурен Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған республикалық патриоттар форумында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
04.06.2022
-
Кейде көк туды аздап өзгертсе деген ой келеді – суретші
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің мемлекеттік рәміздері бір үйлесімділікте жасалған әрі композициялық құрылымы, мағынасы жағынан әлемдегі ең мықты рәміздер қатарында. Бұл туралы ҚР Көркем академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, суретші Тоққожа Қожағұлов айтты.
04.06.2022
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, қастерлі Тәуелсіздігіміздің рәміздері қабылданғанына дәл бүгін 30 жыл толып отыр, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
04.06.2022
-
Әнұранның сөзін өзгертуге қарсы шықтым – композитор
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР мемлекеттік рәміздер күніне 30 жыл толып отыр. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні ретінде жылда атап өтіледі.
04.06.2022
-
Елтаңбадағы нышандар нені білдіреді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан 30 жыл бұрын 4 маусымда еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар тәуелсіз әрі дербес Қазақстанның белгісіне айналды. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихы мен бүгінін, құндылығы мен арман-мақсатын, батырлығы мен даналығын, өзге елдермен байланыс орнату идеясын білдіретін символдар.
04.06.2022
-
Мемлекеттік рәміздерді қорлайтындарға қатысты заңды қатаңдату керек - Қалдыбек Құрманәлі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы кезде мемлекеттік рәміздерді жерге таптайтындар шыға бастады. Бұл недеген масқара. Оларға қатысты заңды қатайту керек. Бұл туралы композитор Қалдыбек Құрманәлі Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздердінің 30 жылдығына арналған іс-шарада айтты.
03.06.2022
-
Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Геральдикалық зерттеулер орталығының бастамасымен Мәдениет және спорт министрілігінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ мен ҚР Ұлттық Ұланымен бірлесіп, Рәміздердің 30 жылдығы, Ұлттық Ұланның 30-жылдығы қарсаңында ҚР Елтаңбасының авторы, профессор, сәулетші Жандарбек Мәлібековпен кездесу өткізді.
03.05.2022
-
Рәміздер тиісті деңгейде насихатталып жатқан жоқ – Мәлібеков
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай өткізілген рухани-патриоттық кеште Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы 20 жылдан бері рәміздерді насихаттау биік деңгейде емес екенін айтып жүргенін жеткізді.
26.04.2022
-
Алматыда «Менің Туым» акциясы жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Менің Туым» акциясы өтіп жатыр. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
05.06.2021
-
Рәміздер күні: Шымкентте автокөлік шеруі жолға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай эстафета түрінде автокөліктер шеруі басталды.
04.06.2021
-
Елордада Рәміздер күніне арналған концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік Рәміздері күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Астана» концерт залында «Желбіреген көк туым» атты мерекелік концерт өтті.
04.06.2021
-
Еліміздің рәміздері әлемдік мұрағатқа орналастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов норвегиялық Свалбард провинциясының әкімшілік орталығы – Лонгйир қаласына жасаған іс-сапары барысында бірқатар жергілікті іскерлік және ғылыми-зерттеу құрылымдарының басшыларымен кездесулер өткізді.
04.06.2021
-
Отансүйгіштік рух – рәміздерді қастерлеуден басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баршаңызды бүгінгі мемлекеттік рәміздер Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл егемендік ұғымымен қатар жүретін – ел тарихындағы айтулы күндердің бiрi. Әсіресе, биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында маңызы тіпті зор, деп жазды Ақпарат және қоағамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.
04.06.2021
Наверх