Қошанов: Әр азаматтың мемлекеттік рәмізге көрсеткен құрметі оның туған өлкеге деген сүйіспеншілігін көрсетеді

4 Маусым 2022, 15:05
3928
Бөлісу:
Қошанов: Әр азаматтың мемлекеттік рәмізге көрсеткен құрметі оның туған өлкеге деген сүйіспеншілігін көрсетеді
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Бүгін халқымыз үшін ерекше күн – мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдық мерейтойы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен құттықтап, елордада бас байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсімге қатысты. Игі дәстүр бойынша ең үздік курсанттарға әскери шен тапсырды, - деді төраға.

«Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні», – деді Президент.

Қошанов атағандай, Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз Қазақстанымыздың бүкіл болмыс-бітімін, жұртымыздың рухы мен қаһармандығын, болашаққа деген сенімі мен ұмтылысын әлемге әйгілеп келе жатқан қастерлі нышандар.

Әр азаматтың мемлекеттік рәмізге көрсеткен құрметі – оның туған өлкеге деген сүйіспеншілігін білдіреді. Сондықтан мемлекетіміздің мерейін асыратын, абыройын арттырып, мәртебесін биіктететін көк туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз асқақтай берсін! Баршаңызды осы жарқын мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, елімізге тыныштық пен амандық тілеймін Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! - деп тіледі ол.

Өзгелердің жаңалығы