Елордада Рәміздер күніне арналған концерт өтті

4 Маусым 2021, 19:06
3029
Бөлісу:
Елордада Рәміздер күніне арналған концерт өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік Рәміздері күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Астана» концерт залында «Желбіреген көк туым» атты мерекелік концерт өтті.

Елордада Рәміздер күніне арналған концерт өтті

Ұлттық рәміздеріміз – Тәуелсіздігіміздің айғағы саналатын Ту, Елтаңба, Әнұранымыз елдігіміздің дәлелі, ерлігіміздің төл құжаты. Бүгінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданып, осы тарихи оқиғаға байланысты жыл сайын елімізде Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді. Біз осы ерекше мерекеде халыққа қуаныш сыйлағымыз келді - дейді өнерпаздар.

Елордада Рәміздер күніне арналған концерт өтті

Мерекелік концертте елімізге танымал өнер иелері мен жас таланттар өнер көрсетті. Майра Ильясова, Алтынай Жорабаева, Гүльнұр Оразымбетова, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Арайлым Рахым, Алтынбек Әбділда, ДОС, Нұрбол Балапанов, Рүстем Жүгінісов, Мұратбек Хайролда, Диана Май, Ақбота Құснадин, Әкімхан Маженов, Парасат Отан және «Әлем» эстрадалық би ансамблі бүгінгі кештің көркін кіргізді.

Елордада Рәміздер күніне арналған концерт өтті

Ұлттық рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қайсарлық пен қаһармандығын, егемендігін, бабалардың арман-тілегін, еліміздің жарқын болашағын айшықтайтын құнды белгілері екені сөзсіз.

Елордада Рәміздер күніне арналған концерт өтті

Өзгелердің жаңалығы