Оралда рәміздер күні атап өтілді

4 Маусым 2022, 16:36
3281
Бөлісу:
Оралда рәміздер күні атап өтілді
PHOTO

Орал қаласы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне орай, Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында салтанатты іс-шара өтті. Дәл бүгін рәміздеріміздің қабылданғанына 30 жыл толды. Еске сала кетсек, еліміздің тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданған еді.

Жергілікті уақытпен сағат 9:00-де Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Гимнді алаңға жиналған екі мыңдай адам қосыла шырқады. 

Оралда рәміздер күні атап өтілді

 Бұл алаңда рәміздердің 25 жылдығына орай «Туған жерге туыңды тік» деген нышанмен мемлекеттік символарымыз қастерлі орын алды, биік тұғырға орналасты. Сол кезден бастап осы алаңда патриоттық шараларымыз, халыққа мерекелік көңіл күй сыйлайтын концерттер қойылып келеді. Әрдайым қазақтың туы биік болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді көпшілік алдында сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

Оралда рәміздер күні атап өтілді

Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Рәміздер – елдің саяси мәртебесін білдіретін басты атрибуттар. Өкінішке орай, көк Туымызға қатысты жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Президентіміз байрағымызды пайдалану тәртібіне қатысты заңдарға өзгеріс енгізу қажет екенін айтты. 

Оралда рәміздер күні атап өтілді

 

Өзгелердің жаңалығы