Мемлекеттік рәміздерді қорлайтындарға қатысты заңды қатаңдату керек - Қалдыбек Құрманәлі

3 Маусым 2022, 17:15
1964
Бөлісу:
Мемлекеттік рәміздерді қорлайтындарға қатысты заңды қатаңдату керек - Қалдыбек Құрманәлі
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы кезде мемлекеттік рәміздерді жерге таптайтындар шыға бастады. Бұл недеген масқара. Оларға қатысты заңды қатайту керек. Бұл туралы композитор Қалдыбек Құрманәлі Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздердінің 30 жылдығына арналған іс-шарада айтты.

Қалдыбек Құрманәлі мемлекеттік рәміздерді қорлағандарды ең қатаң заңмен жазалау қажеттігін айтады.

Туымызбен жем-шөп тасып, одан қалса сахнада қорлап жатқан видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Біздің рәмізіміз - ол біздің құндылығымыз. Елтаңба, әнұран, туымыз бар. Оған қарсы шыққан адам мемлекеттің қас жауы. Солай деп қабылдау керек. Ондай адамдарға жеңіл-желпі, әкімшілік жаза қолданбау керек. Ол қылмыс, мемлекеттік сатқындықпен бірдей. Ондай адамдарды азаматтықтан айыру қажет,- деді ол.

Мемлекеттік рәміздерді қорлайтындарға қатысты заңды қатаңдату керек - Қалдыбек Құрманәлі

Сонымен қатар ол шетелде мемлекеттік әнұранды өтірік ауыстырып қойып жіберетіндерді де жауапқа тарту керек деген ойын айтты.

Бізге мемлекет расымен керек болса, онда оның рәміздері заңмен қорғалу керек. Жеке адамның мүддесі заңмен қорғалғанда, рәміздер неге қорғалмайды? Сондықтан мемлекет басшысына, Парламент сенат депутаттарына, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа, Мәжіліс төрағасы Қошанов мырзаға рәміздерге қатысты қатаң заң қабылдауын сұраймын. Мен жұмыс тобына кіруге дайынмын,- деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Қ. Құрманәлі.

Өзгелердің жаңалығы