әлеумет
-
-
~
Жұмыссыздық бойынша төлем алу үшін білуіңіз қажет 8 қадам
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. EGov-тан бөлек, Enbek.kz порталы арқылы да әлеуметтік төлемдер тағайындалатынын бірі білсе, бірі білмейді. Әсіресе жұмыссыз қалып, күнкөріс көзінен айырылған адамдардың әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін не істеу керек? Қайда бару керек? Бұл сауалдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаева жауап берді.
26.09.2021
-
~
Тоқаев жәрдемақы тағайындау процестерін цифрландыруды тапсырды. Ол қаншалықты орындалып жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір күннен күнге egov.kz порталы мен мобильді қосымшасын пайдаланатындар саны артуда. Қазақстандықтар ХҚКО-да кезек күткенше, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызмет алудың артықшылығын түсіне бастады. Бұл әсіресе пандемия басталған кезде көп көмегін тигізді. Себебі пандемия дендеп тұрған көптеген мекеменің, әсіресе ХҚКО жұмысына шектеу қойылды, ал азаматтарға еш қажеттіліксіз үйден шықпауға кеңес берілді. Атаулы әлеуметтік көмек алу, мүгедектікті растау процестері автоматтандырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау процестері цифрландырылуы қажет болатын. Тапсырма қаншалықты орындалып жатыр? Осы және өзге де сұрақтардың жауаптарын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаевадан білуді жөн көрдік.
26.09.2021
-
~
Елімізде 600 мың тонна балық өсіретін әлеует бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Парламенттің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров айтты. Балық шаруашылығына қатысты мәселе көтерген депутаттың айтуынша, еліміздің халқы жан басына шаққанда балықты аз тұтынатын ел болып есептеледі.
22.09.2021
-
~
Әкімдіктердің жұмысын бағалауды оңтайландыру үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «SARAP» эксперттік клубының кезекті жиынында Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген өңірлік саясатты жетілдіру мәселелері талқыланды.
16.09.2021
-
~
Сенаторлар азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейтетін заң жобасын қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 16 қыркүйек күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлады баспасөз қызметі.
13.09.2021
-
~
Елде әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері қанша?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 206,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 54,3 млрд теңге бағытталды.
13.09.2021
-
~
Әлеуметтік осал топтардан шыққан 50 мыңнан астам бала колледждерде тегін оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік осал топтардан шыққан 50 мыңнан астам бала колледждерде оқу үшін грант иеленді. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
07.09.2021
-
~
Досаев халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты.
07.09.2021
-
~
Алматыда жыл басынан бері 132 мың адам әлеуметтік көмек алды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы Алматы қаласында халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдауға 30 миллиардтан астам теңге бөлінді, оның 14 миллиард теңгесі жұмсалды.
31.08.2021
-
~
Қаза болғандардың отбасын әлеуметтік қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдансын – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
27.08.2021
-
~
Ұлттық Халық санағы елдің әлеуметтік жағдайын саралайды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл өтетін Ұлттық халық санағы аясында ел азаматтарына олардың экономикалық, әлеуметтік, тұрғын үй жағдайларына және тағы басқа жай-күйлеріне қатысты 91 сұрақ қойылатын болады.
27.08.2021
-
~
Экономист маман Қосшының әлеуметтік жағдайын жақсартатын механизм ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қосшы қаласының қазіргі жағдайы туралы GSB UIB Бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халық өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Қосшының қала болуға әбден құқығы бар, тек әлеуметтік мәселелерді бір ізге түсіру керек.
25.08.2021
-
~
125 000 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем туралы ақпарат жалған – Еңбек министрлігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі бір сілтеме бойынша өткен Қазақстанның әрбір азаматына 125 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем жүзеге асырылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
23.08.2021
-
~
Жамбыл облысы экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте ағымдағы жылдың 7 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары да талқыланды.
19.08.2021
-
~
Әр адам өзгенің денсаулығы алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезінуі керек – Төлеутаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр -Сұлтан қаласы әкімдігінің көпсалалы медицина орталығының директоры, дәрігер Мұхтар Төлеутаев «Желмая» жобасында айтты.
16.08.2021
-
~
Министр «Balapan» телеарнасы жанынан ұйымдастырылған жоба сәтімен басталғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жыл басында ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған анимация мектебі ашылатыны туралы жазған едім. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Balapan» телеарнасы жанынан ұйымдастырылған жоба сәтімен басталып, 14-16 жас аралығындағы 30 бала білім алды, - деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің facebook-парақшасында.
13.08.2021
-
~
Біз 10 мыңнан астам баланың сөйлеуін дамытуға жәрдемдестік – әлеуметтік кәсіпкер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Әлеуметтік кәсіпкер, «Әрекет-2019» жобасының қатысушысы Гүлмира Пармышева айтты.
12.08.2021
-
~
«Әрекет»: 120-дан астам КЕҰ әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға грант алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев айтты.
12.08.2021
-
~
Көпбалалы анаға «әлеуметтік көмек өндіріп беремін» деп алдаған алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көпбалалы ананы алдап кеткен шымкенттік алаяқ анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
12.08.2021
-
~
Қарағанды облысында 3521 отбасы АӘК алды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау білдіру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Бүгінгі күні 3521 отбасы 638 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды.
05.08.2021
Наверх