Әділбек Сәрсембаев: Зергерлік өнеркәсіпті дамытудың әлеуеті жоғары

20 Қазан 2021, 12:38
1660
Бөлісу:
Әділбек Сәрсембаев: Зергерлік өнеркәсіпті дамытудың әлеуеті жоғары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде зергерлік өнеркәсіпті дамытудың үлкен әлеуеті бар. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев мәлім етті. 

Елімізде зергерлік өнеркәсіпті дамытудың үлкен әлеуеті бар. Көмір химиясын дамытудың белгілі бір деңгейі қалыптасқан. Битуминозды көмірді өңдеу арқылы 300-ден астам әр түрлі өнімдер алуға болады, олардың құны көмірдің өзіндік құнынан 20-25 есе жоғары, ал кокс зауыттарында алынған жанама өнімдер кокстың өзіндік құнынанда  асып түседі ,-деді Әділбек Сәрсембаев, Astana Mining & Metallurgy 11 -ші металлургиялық конгресінде сөйлеген сөзінде.

Вице-министр дамудың шикізаттың моделінен қайта өңдеу моделіне көшу аясында қайта өңдеу өндірісін дамыту міндеті тұрғанын атап өтті.

Бұл үшін бүгінде Үкімет «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң әзірледі. Оның мақсаты - бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өнім өндірісін арттыру және дамудың шикізаттың моделінен бас тарту арқылы өңдеу өнеркәсібінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету,- деді ол.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткен еліміздің ресурстық әлеуеті толығымен ашылған жоқ. Геологиялық зерттелуі де төмен деңгейде қалып отыр. 

Бұл бағытта инвесторларға кешенді қолдау көрсетіп, Ұлттық геологиялық қызмет құру геологиялық ақпараттардың ашық цифрлық мәліметтер базасын әзірлеуге жол ашып, еліміздегі геологиялық барлауды дамыту керек, - деді вице-министр.


Өзгелердің жаңалығы