Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 250 мың теңгеге дейін өседі

28 Қыркүйек 2021, 13:46
3422
Бөлісу:
Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 250 мың теңгеге дейін өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте ЕХӘҚМ Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің директоры Альбина Боранбайқызы әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсетінін айтты.

Кәсіби кадрларды қалыптастыру және олардың еңбегіне лайықты ақы төлеу арқылы халықтың әлжуаз топтарына ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету маңызды. Әлеуметтік қызметкерлер кәсібінің беделін арттыру және олардың мәртебесін тану мақсатында министрлік әлеуметтік қорғау ұйымдарында жұмыс істейтін басқарушы және негізгі персоналдардың жалақысын кезең-кезеңімен арттырып жатыр, - деп айтты Альбина Боранбайқызы.
Сондай-ақ әкімшілік, қосалқы персонал қызметкерлерінің, стационар және жартылай стационар, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы қолданыстағы базалық лауазымдық айлықақының 30%-ын лауазымдық айлықақының 40%-ына өзгерту арқылы арттырылды.
Мысалы, жоғары білімді, екінші санаттағы 5-7 жыл еңбек өтілі бар әлеуметтік қызметкердің жалақысы 2020 жылы 128 300 теңгені құрасы, биыл 189 000 теңгеге дейін өсті. 2022 жылы 219 000 теңгені, ал 2023 жылы 250 000 теңгеге дейін өсіп, екі есеге дейін ұлғаяды, - деді маман.
Өзгелердің жаңалығы