Абай
-
-
~
Израильде Абайдың «Қара сөздері» таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Израильдегі елшілігі Тель-Авив мэриясының және «Казцинк» корпорациясының қолдауымен қаланың ең танымал туристік аймақтарының бірі – теңіз портының жағалауында орналасқан саябақта қазақ киіз үйін тігіп, көрме ашты, - деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.
03.07.2021
-
~
Абай шығармалары тұңғыш рет норвег тілінде кітап болып басылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осло қаласындағы Әдебиет үйінде Абай Құнанбайұлының Қара сөздері мен таңдамалы поэзиясының («Abais dikt og visdomsord») норвег тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
29.06.2021
-
~
Түркістан облысында мектеп түлектері Абайдың ескерткішін орнатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елді мекеніндегі Қ.Әбдалиев жалпы орта мектебінің 2000 жылы оқу бітірген түлектері 20 жылдық мерейтойы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап қазақтың бас ақынының ескерткішін орнатты.
17.06.2021
-
~
Шанхайда алғаш рет Абай оқулары өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық және білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ұлы Абайдың әдеби және музыкалық мұрасын насихаттау негізінде Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы Шанхай кітапханасымен бірге Қытайдың маңызды мәдени және экономикалық орталығында алғашқы «Абай оқуларын» өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
13.06.2021
-
~
Көзі тірі болғанда Абайды да кәмпескелейтін еді – ғалым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағының таныстырылымы кезінде белгілі ғалым Талас Омарбек осындай пікір айтты.
28.05.2021
-
~
Харьков қаласында Ұлы Абайға ескерткіш орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Харьков қалалық кеңесінің хатшысы Игорь Тереховпен кездесіп, қаланың орталық алаңдарының бірінде Ұлы Абайға ескерткіш орнату жобасын талқылау мақсатында, оны іске асыруын Қазақстанның Харьковтағы құрметті консулы Эмин Наджафли бастамасымен, кездесу өткізді.
25.05.2021
-
~
Абай еңбектерінің кеңінен таралуын қолға алу керек – Тұрсын Жұртбай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық академиялық кітапхана мен Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қоры бірлесіп, «Мәдениет қызметкерлері күні» қарсаңында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ерекше еңбегімен еленген ақын-жазушыларды «Абай» мерейтойлық төс белгілерімен марапаттады.
20.05.2021
-
~
Грузин тілінде Абай өлеңдерінің жинағы таныстырылды
Грузия Жазушылары үйінде қазақтың ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының грузин тілінде алғаш басылып шыққан өлеңдер жинағының тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
10.04.2021
-
~
Ұлы тұлғалардың бейнесін жаңаша сомдаған суретші
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы кездері әлеуметтік желіде танымал ұлы тұлғалардың қазіргі заманға сай киінген иллюстрациялары пайда болды. Сықыйып киініп, қымбат көліктің жанында тұрған Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсыновтың суреттері және ерекше стильдегі Абай Құнанбайұлы, Әлихан Бөкейхан, Шәмші Қалдаяқовтың иллюстрациясы көпшіліктің назарын аудартқаны белгілі.
30.03.2021
-
~
Түркиядағы алаңға Абай есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мейрамы қарсаңында Ыстамбұлдағы алаңға Абай Құнанбайұлының есімі беріліп, ескерткіші бой көтерді, деп жазды 24.kz.
20.03.2021
-
~
Түркияда Абай ескерткіші ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ыстанбұл қаласы Зейтінбурну ауданында Абай даңғылы және ескерткіші салтанатты түрде ашылды
18.03.2021
-
~
Бішкекте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкекте Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ұлы ақын, әлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай ақынға мың тағзым» атты концерт өтті.
11.03.2021
-
~
Абай ЮНЕСКО төрінде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жан Ғалиевтің Ұйымның Бас директоры Одри Азулемен кездесуі өтті.
04.02.2021
-
~
Жеңіс Қасымбек: Абай ауданына инвестициялар тартуға ерекше назар аудару қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке жұмыс сапары барысында Абай ауданының тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндеу, су құбыры және кәріз желілері мен сорғы станцияларын қайта жаңғырту жоспарлары туралы баяндалды.
01.02.2021
-
~
Әкім: Биыл Абай ауданында 250-ден астам отбасы баспаналы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін мен Абай ауданына жұмыс сапары барысында Абай қаласындағы көпсалалы колледждің жаңа ғимаратында болдым. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деді.
29.01.2021
-
~
Әзербайжан қайраткерлері «Абай 175 жыл» медалімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде түркі елдері суретшілерінің ұлы қазақ ақыны шығармаларының желісімен салынған туындыларын қамтитын «Абайды оқи отырып» арт-альбомының тұсаукесері өтті.
22.01.2021
-
~
Абай жылы. «Жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе...»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Данышпан ақын, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толған мерейтойын мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде атап өту үшін Мемлекет басшысының арнайы қаулысымен 2020 жыл Абай жылы болып жарияланған-ды.
01.01.2021
-
~
Анкарада Абай даңғылы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі Анкара қаласының Гёльбашы ауданының муниципалитетімен бірлесіп, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге орай арнайы іс-шара ұйымдастырды.
31.12.2020
-
~
Джакартада Абай атындағы қазақ әдебиетінің жинағы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның елшісі Данияр Сарекенов және Индонезия Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Воро Харианти Индонезия Ұлттық кітапханасының ғимаратында Абай Құнанбайұлы атындағы қазақ әдебиетінің жинағын салтанатты түрде ашты.
31.12.2020
-
~
Профессор: Абай − көне жазба тілдің жалғастырушысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығында Шерубай Құрманбайұлы мен Мәрлен Әділовтің авторлығымен жарық көрген «Абай тілінің ерекшеліктері» монографиясының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Осы кітапқа қатысты филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Қаламқас Қалыбаева өз ойын білдірді.
28.12.2020
Наверх