Харьков қаласында Ұлы Абайға ескерткіш орнатылады

25 Мамыр 2021, 21:34
1083
Бөлісу:
Харьков қаласында Ұлы Абайға ескерткіш орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Харьков қалалық кеңесінің хатшысы Игорь Тереховпен кездесіп, қаланың орталық алаңдарының бірінде Ұлы Абайға ескерткіш орнату жобасын талқылау мақсатында, оны іске асыруын Қазақстанның Харьковтағы құрметті консулы Эмин Наджафли бастамасымен, кездесу өткізді.

Кездесу барысында белгілі мүсінші Сейфаддин Құрбанов шығарманы «Өмір ағашы» деп аталатын триптих түрінде ұсынды. Композиция қазақ, украин және әзірбайжан халықтарының көрнекті өкілдері - Абай Құнанбайұлы, Григорий Сковорода және Мырза Фатали Ахундовтың мүсіндерінен тұрады. Олардың «көрінбейтін» байланысы - бұл олардың халықтарының рухани-адамгершілік ағартуына қосқан орасан зор үлесі, ғасырлар бойы сыналған Отанға деген даналық пен шексіз сүйіспеншілік.

Харьковтың фонтандар мен жасыл желектермен қоршалған көркем ауданында орналасатын ескерткіштің жалпы биіктігі - 4 метр. Алаң 2 543 шаршы метрді құрайды.

Дархан Кәлетаев мүсіндік композиция бауырлас халықтар арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретіндігін, сондай-ақ олардың мәдениеті мен өнерінің кеңінен танылуына, дамуына және ынтымақтастығына ықпал ететіндігін атап өтіп, қала басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Біз бұл ескерткішті украин халқының қазақ халқына, Қазақстанның тарихы мен руханиятына деген құрметі ретінде қабылдаймыз, - деді елші.

Өзгелердің жаңалығы