Жеңіс Қасымбек: Абай ауданына инвестициялар тартуға ерекше назар аудару қажет

1 Ақпан 2021, 09:36
2181
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек: Абай ауданына инвестициялар тартуға ерекше назар аудару қажет

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке жұмыс сапары барысында Абай ауданының тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндеу, су құбыры және кәріз желілері мен сорғы станцияларын қайта жаңғырту жоспарлары туралы баяндалды.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінгі таңда Абай қаласында 160 пәтерлік жалға берілетін және несие түріндегі екі үйдің құрылысы белсенді қарқынмен жүргізілуде. Сонымен қатар жеке қаражатқа 90-шы жылдары аяқталмаған 70 пәтерлі үйді қалпына келтіру жоспарлануда. 

Бүгінде біз тек Абайда ғана емес, Топарда да үйлерді тұрғызудамыз. Жақында 18 пәтерлік үйді жалға береміз. Ол жерде Кеңес Одағының құлдырауынан бері құрылыс жүргізілген емес. Жыл қорытындысы бойынша 248 адамды тұрғын үймен қамтамасыз етеміз, - деді Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов.  

Жеңіс Қасымбек: Абай ауданына инвестициялар тартуға ерекше назар аудару қажет


 

Абайдың проблемалық мәселелерінің бірі - жолдардың сапасы. Аудан әкімі қалада кәріз желілерін үш жылдық жаңғырту жүріп жатқанын мәлімдеді. Биыл да жол жабынын жөндеу жұмыстары басталады. Мәселен, төрт көшені ретке келтіру жоспарлануда, оның ішінде ең ұзыны - Калинин көшесі. Ал "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы бойынша Қарабас, Топар және Жұмабек елді мекендерінде ауылішілік жолдар жөнделетін болады. 

Жеңіс Қасымбек: Абай ауданына инвестициялар тартуға ерекше назар аудару қажет


 

Жеңіс Қасымбек Абайдың орталық көшелерімен жүріп қана қоймай, Топарда да болып қайтты. Облыс әкіміне орталық аурухананың қалай жөнделгені көрсетілді. Сондай-ақ, аймақ басшысы П. Корниенко атындағы қосымша білім беру мектебіне және өткен жылы облыстық бюджет есебінен оқу корпустары мен зертханаларына жөндеу жұмыстары жүргізілген Абай көпсалалы колледжінде болды. Колледж базасында "Жас маман" республикалық жобасы іске асырылуда, соның арқасында оқу орны заманауи ауыл шаруашылығы жабдықтарын сатып алды. Сондай-ақ колледжде кадрларды даярлау және қайта даярлау, құзыреттілік және ақпараттық технологиялар орталықтары жұмыс істейді. 

Жеңіс Қасымбек: Абай ауданына инвестициялар тартуға ерекше назар аудару қажет


 

Сапар қорытындысы бойынша Жеңіс Қасымбек бірқатар тапсырма берді. 

Жалпы ауданның даму динамикасы жаман емес. Барлық құрылыс жұмыстарына және аудан өнеркәсібін одан әрі әртараптандыру үшін жаңа инвестициялар тартуға ерекше назар аудару қажет, - деп қорытындылады облыс басшысы. 

 

Өзгелердің жаңалығы