«Свой дом» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

4 Қаңтар 2024, 11:54
447
Бөлісу:
«Свой дом» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

«Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берді.

Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 млн теңге болды.

Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы