Студенттерге жатақханалардан 10 мың орын беріледі – Үкімет басшысы

8 Ақпан 2022, 11:32
1399
Бөлісу:
Студенттерге  жатақханалардан 10 мың орын беріледі – Үкімет басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Студенттерге  жатақханалардан 10 мың орын беріледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Халық тығыз орналасқан өңірлердің жастарына  қосымша мақсатты гранттар бөлінеді. Арнайы IT білім беру бағдарламалары шеңберінде  кемінде 10 мың жас маман дайындалады, - деп айтты Премьер-министр.

Сондай-ақ  студенттерге  жатақханалардан жаңадан 10 мың орын беріледі.

Жетекші ғалымдарды  ғылыми қызметке қатысуға ынталандыру  жалақыны базалық қаржыландыруға қосу арқылы  қамтамасыз етіледі. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға гранттар бөлінеді,  әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін  500 грант, постдокторантура мен  ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға  1000 грант бөлінеді, - деді Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Үкімет басшысының сөзінше, басты мақсат – білім беру саласы экономикадағы кадрларға деген сұранысқа сай болуы керек.

Бұған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов кадр тапшылығы бар өңірлерге  үздік педагогтарды тарту үшін  тиісті жағдайлар жасалатынын хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы