Өңірлерге үздік педагогтар тартылады – Үкімет

8 Ақпан 2022, 11:29
2069
Бөлісу:
Өңірлерге үздік педагогтар тартылады – Үкімет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кадр тапшылығы бар өңірлерге  үздік педагогтарды тарту үшін  тиісті жағдайлар жасалады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Білім беру саласы бойынша  биыл мектепке дейінгі ұйымдар  қосымша ең кемі 30 мың жаңа орынмен қамтамасыз етіледі  және 225 орта мектеп ашылады. Кадр тапшылығы бар өңірлерге  үздік педагогтарды тарту үшін  тиісті жағдайлар жасалады, - деп түсіндірді Әлихан Смайылов. 

Оның сөзінше, жастарға  үздік жоғары оқу орындарында білім алу қолжетімді болуы үшін  беделді шетелдік 5 университеттің филиалы ашылады.

Инженерлерді даярлауға арналған техникалық мамандықтардың гранттарының үлесі 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылады, - деп толықтырды Премьер-министрі Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы онлайн форматта өтіп жатыр.

Бұған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмасы бойынша «Жаңа экономикалық бағыт. Бірінші қадам. 2022 жыл» атты іс-қимыл бағдарламасын әзірленгенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы