СҚО-да «HERMES LTD» қаржы пирамидасы анықталды

29 Шілде 2022, 03:14
1493
Бөлісу:
СҚО-да «HERMES LTD» қаржы пирамидасы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «HERMES LTD» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісі анықталды.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019-2022 жылдар аралығында «HERMES LTD» жобалары аясындағы инвестициялық депозиттер бойынша қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту негізінде халық қаражатын тарту арқылы қаржылық пирамида ұйымдастырылды. Осылайша, олар қаржы пирамидасына активтерді тартуды қамтамасыз етті, – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша үш жәбірленуші танылды, олар жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. 

Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасына қатысты арыз-шағымды ведомствоның сенім телефонына немесе аумақтық қаржы мониторингі органдарына хабарлауға болатынын айтады. 

Өзгелердің жаңалығы