Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды. Олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтады.
Тексеру нәтижесінде олардың біреуі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударғаны белгілі болды. Жария-маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер етеді.
Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданып, заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілді, - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында 35 сот орындаушы жауапкершілікке тартылды.
Тағы оқи отырыңыз:
БҚО-да жеке сот орындаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Жеке сот орындаушысы шотты бұғаттады: Азамат өз құқығын қалай қорғай алады?
Қазақстанда жеке сот орындаушыларына талап күшейеді