Тоқаевтың өкімімен Қорғаныс министрлігінде лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

Үш жоғары лауазымды әскери қызметші орнын босатты.

 Ақорда 3 Қазан 2026, 14:42
3 Қазан 2026, 14:42
317
Фото: Ақорда

Тоқаевтың өкімімен Қорғаныс министрлігінде үш кадрлық өзгеріс болды.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;
  • Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
  • Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Наверх