Атырау облысында 35 сот орындаушы жауапкершілікке тартылды

18 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, бүгінгі күні 6 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Бүгiн 2026, 13:38
АВТОР
 gov.kz Бүгiн 2026, 13:38
Бүгiн 2026, 13:38
212
Фото: gov.kz

Атырау облысында 35 сот орындаушы тәртіптік, 68 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Атырау облысының прокуратурасы атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілгенін хабарлады.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде заңдылықтың бұзылуын жою туралы 29 ұсыну енгізіліп, қарау нәтижелері бойынша мемлекет кірісіне 137,8 млн теңге өндірілді. 124 млн теңге көлеміндегі алимент бойынша берешек, 842 мың теңге жалақы өтелді. 35 сот орындаушысы тәртіптік, 68 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабымен 18 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, бүгінгі күні 6 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды, - деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да жеке сот орындаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Жеке сот орындаушысы шотты бұғаттады: Азамат өз құқығын қалай қорғай алады?

Айлығы арестте, жәрдемақысы бұғатта: ЧСИ жүйесіндегі мәселе неде?

Қазақстанда жеке сот орындаушыларына талап күшейеді

       

Наверх