Все новости за 7 ақпан 2026
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
Ақпан 2026
| Дү |
Се |
Сә |
Бе |
Жұ |
Сен |
Же |
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
1
|
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
1
|
-
-
Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің тауарларына тарифтер енгізу туралы жарлыққа қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп Ираннан тікелей немесе жанама түрде тауар немесе қызметтер сатып алатын елдердің тауарларына қосымша тарифтер енгізуге рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақ үй мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ TASS агенттігіне сілтеме жасай отырып.
-
Қысқы Олимпиада: Қазақстандық конькишілер үздік ондыққа енді
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 3000 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды. Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетті. Екеуі де үздік ондықтың қатарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Байғанин ауданындағы ауылда 58 жылдағы алғашқы өрт сөндіру бекеті ашылды – Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысының Қарауылкелді ауылында соңғы 58 жылда алғаш рет жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбыл облысында Қордай асуындағы көлік қозғалысы шектелді
"ҚазАвтоЖол"дың мәліметінше, Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты 7 ақпанда сағат 21:00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайдағы турнирде көш бастады
Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің алғашқы күнін сәтті аяқтады. 48 мемлекеттің 109 командасы қатысқан жарыста еліміздің төрт командасы да үздік ондыққа енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
8 ақпанда ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" мамандары 8 ақпанға арналған жалпы республикалық ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Вашингтон Украинаға жаңа әскери жеткізілімді бекітті
АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға әскери техникаға арналған қосалқы бөлшектерді жеткізу жөніндегі ықтимал келісімді шамамен 185 млн доллар көлемінде мақұлдады. Бұл туралы Пентагонның Әскери ынтымақтастық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағандыда пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер Астанадан ұсталды
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, елордада арнайы операция жүргізіп, Қарағанды қаласының аумағында жасалған бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Санитариялық кітапшаларды бақылау электронды форматқа көшірілді
Денсаулық сақтау министрлігі e-SEN платформасында "Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау" сервистік бағдарламалық өнімін (СЭҚ СБӨ) іске қосу шеңберінде қызметкерлердің жеке медициналық кітапшаларын бақылауды цифрлық форматқа ауыстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Канада мен Франция Гренландияда өз консулдықтарын ашады
Бұған дейін Гренландия аумағында Исландия мен АҚШ-тың ғана консулдықтары болған.
-
Қазақстан Азия чемпионатында жеңіл атлетикадан екінші алтын алды
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде мәжбүрлі некеге қарсы күрес күшейтіледі
Жаңа Конституция жобасында неке ер адам мен әйелдің еркін таңдауы мен тең құқықтарына негізделген одақ ретінде айқындалған. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады – белгілі журналист
Qazaqstan ұлттық арнасының тележүргізушісі, Конституциялық комиссия мүшесі Ерқанат Көпжасарұлы жаңа Конституция жобасындағы сөз еркіндігі туралы баптардың маңызы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еліміз алғашқылардың бірі болып цифрлық деректерді қорғау нормасын Ата Заңға енгізіп отыр – Ерлан Қарин
Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Конституцияда цифрлық құқық қорғалады - Еркежан Күнтуғанқызы
Астанада ІХ мәрте өткен Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында "Жібек жолы" телеарнасының директоры Еркежан Күнтуғанқызы жаңа Конституциядағы адамдардың цифрлық құқықтарының қорғалуы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Олимпиада-2026: Қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында сынға түсті
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа Ата заң жобасын талқылау ашық және сындарлы түрде өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Конституция әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың құқықтарын тиімді қорғайды – Ләззат Қалтаева
Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева жаңа Конституция жобасын қолдап, онда мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделері толық қамтамасыз етілгенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қытайда биотехнологиялық кәсіпорында жарылыс болды
Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында орналасқан кәсіпорында болған жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
-
Конституциялық комиссияда жаңа Ата заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Еліміздің жаңа Конституциясы өкілетті билікті күшейтіп, азаматтардың сенімін арттыруға және жетілдірілген парламенттік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осы тұрғыдан оны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады
Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік мәнге ие. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты Максим Рожин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Испаниядағы турнирде 11 қазақстандық боксшы финалға жолдама алды
Қазіргі таңда Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан Boxam Elite-2026 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева
Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси реформаларының нәтижесінде Қазақстанда әділетті әрі ашық қоғам қалыптасты деуге толық негіз бар. Бұл туралы Конституция жобасын талқылау барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
-
Жаңа Конституцияға волонтерлік пен экологиялық мәдениет ұғымдарын енгізу ұсынылды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ жетекшісі Вера Ким Қазақстанда конституциялық деңгейде волонтерлікті ынталандыруды бекіту қажет деген бастама көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Ата Заңда төл мәдениет пен құндылықтарға қайшы келетін дүниелерге тосқауыл қойып отырмыз – Қарин
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елордада өткен Конституциялық кеңестің кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық – Нұрлыбек Нәлібаев
Елордада өткен Конституциялық кеңестің кезекті отырысында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын Конституциялық деңгейде бекіту қажеттігін айтып, мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Конституцияның жобасына теңгені ұлттық валюта ретінде бекітетін норма енгізілді – Бақыт Нұрмұханов
Елордада өткен Конституциялық кеңестің кезекті отырысындаКонституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын жетілдіру барысы мен жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде енгізілген негізгі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Жапонияның премьер-министріне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аида Балаева жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік беретінін мәлімдеді
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаева елордада өткен Конституциялық комиссияның ХІХ отырысында сөз бостандығы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Конституцияда дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылған - Аида Балаева
Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Германияда жеңіске жеткен қазақстандық спортшы күтпеген жағдайға тап болды
Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогында топ жарып, жеңіс тұғырына көтерілгеннен кейін күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конституциялық комиссия білім мен медицинаға қатысты баптарды нақтылауды ұсынды
Конституциялық комиссия білім мен медицинаға қатысты баптарды нақтылауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Өте жақсы": Трамп Иранмен Оманда өткен алғашқы келіссөзге баға берді
АҚШ президенті Дональд Трамп Омандағы Маскат қаласында өткен Иранмен жанама келіссөздерді "өте жақсы" деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аида Балаева: Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді
Елімізде азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте денсаулық сақтауды қаржыландыру 18,2%-ға артты
Соңғы бір жылда денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 18,2 пайызға артты. Қазір халыққа 170 медициналық ұйым қызмет көрсетіп отыр, оның ішінде 34-і мемлекеттік, 136-сы жекеменшік, деп хабарлайды BAQ.KZ OTYRAR-ға сілтеме жасап.
-
Астанада Конституциялық комиссияның ІХ отырысы өтіп жатыр
Астанада Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті - ІХ отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада тәжік-ауған шекарасында қызмет еткен жауынгерлерді еске алды
Астанада ҚР Жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған еске алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 2 мыңнан астам жұмысшы қар тазалауға шықты
Алматыда коммуналдық қызмет қар шығару жұмыстарын жалғастырып отыр. 6 ақпан күні қала аумағында 6 см қар жауса, таулы аймақтарда қар қалыңдығы 10 см-ге дейін жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЕАЭО елдері интернеттегі зияткерлік меншік құқығын қорғайтын жоба әзірлеп жатыр
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ақпараттық-телекоммуникациялық интернет желісінде зияткерлік меншік объектілеріне қатысты құқықбұзушылықтарға қарсы күресте ортақ тәсілдер қалыптастыру туралы уағдаласты, деп хабарлайды BAQ.KZ Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
-
Нипах вирусынан бір адам көз жұмды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Бангладештің солтүстігінде Нипах вирусын жұқтырған әйелдің қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian-ға сілтеме жасап.
-
Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі өтпеуі мүмкін
АҚШ Тайваньға қару-жарақ сатуға қатысты ауқымды келісім дайындап жатыр. Ал Қытай билігі бұл қадам сәуір айына жоспарланған АҚШ президенті Дональд Трамптың елге сапарына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескерткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ашықтық – сенім негізі
Жаңа Конституцияның жобасы жарық көрген сәттен ел ішінде сан түрлі пікірдің толқыны көтерілді.
-
Абай облысында 522 жаңа жұмыс орны ашылады
Абай облысында өткен үйлестіру кеңесінің отырысында жалпы құны шамамен 40 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба мақұлданды. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 522 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістан ресейлік мұнайдан бас тартты: Трамп баж салығын төмендетті
Үндістаннан импортталатын тауарларға қатысты жаңартылған тарифтер бүгін, 7 ақпаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайд BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.
-
Алматы облысында есірткі дайындаған құпия зертхана әшкере болды
Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жеңіл атлет Алина Чистякова Азия чемпионатынан алтын алды
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Алина Чистякова Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
7 ақпанға арналған валюта бағамы
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің сатып алу мен сату бойынша орташа өлшенген бағамдары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да құрылыс компанияларына 180 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Шығыс Қазақстан облысында заң талаптарын өрескел бұзған құрылыс компанияларына жалпы сомасы 180 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қапшағай су қоймасында көлік мұз астына түсіп кетті
Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұз астына түсіп кетті. Көлік ішінде болған екі әйел қиын жағдайда қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 7 ақпанға арналған еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлыбритания Кипрге алты F-35 жойғыш ұшағын жіберді
Иран төңірегіндегі геосаяси шиеленістің күшеюіне байланысты Ұлыбритания Кипрге алты F-35 жойғыш ұшағын орналастырды. Бұл туралы The Times газеті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп: Вашингтон Иранмен мәміле жасауға асықпайды
АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімге келуге дайын екенін байқап отыр, алайда Вашингтон мәміле жасауға асықпайды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Еурокомиссия Ресейге қарсы 20-шы санкциялар пакетін ұсынды
Еуропалық комиссия Ресей Федерациясына қатысты жаңа 20-шы санкциялар пакетін жариялады. Бұл пакет 24 ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіруінің төрт жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Боран, қар, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Бүгін, 7 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында 12 адам 451 грамм алтынды заңсыз өндірген
Түркістан облысының Созақ ауданында прокурорлар алтынды заңсыз өндіру фактілерін тіркеді. Күдіктілер шамамен 450 грамм қымбат металды заңсыз өндірген, енді олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.кz-ке сілтеме жасап.
-
ДДСҰ 1,2 мыңнан астам қызметкерін жұмыстан шығарды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) қаржыландырудың қысқаруына байланысты 1 282 қызметкерін қысқартты. Бұл туралы ұйымның Женевада өткен атқару комитетінің 158-сессиясында ұсынылған баяндамада айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Келіссөздер аяқталды: АҚШ Иран мұнайына жаңа санкциялар енгізді
АҚШ пен Иран делегациялары Оманда ішінара келіссөздер өткізді, бұл екі тарап арасындағы алғашқы кездесу болды, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.
-
Миланда XXV Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды
Миландағы (Италия) «Сан-Сиро» стадионында XXV Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Руслан Курбанов Германиядағы әлем кубогында жеңіске жетті
Германияның Хайденхайм қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Руслан Курбанов жекелей сынның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Наверх