Все новости за 8 қараша 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Теннис: Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетіп, тарихқа енді
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Самалай Ерғалиева Ислам ынтымақтастық ойындарында қола медаль жеңіп алды
Қазақ дзюдошысы Самалай Ерғалиева Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана мен 13 өңірде қар, жел және көктайғаққа байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" 2025 жылдың 9 қарашасына Астана мен 13 облыста дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Аянбай еңбек ете береміз": Шерзод Давлатов күміс медалі туралы айтты
Шерзод Давлатов Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында дзюдодан күміс медаль жеңіп алғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ислам ынтымақтастығы ойындары-2025: дзюдошы Ержан Еренқайыпов күміс жүлдегер атанды
Қазақстан құрамасы дзюдодан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті
Алматыда көшенің қақ ортасында жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді джип таптап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
-
Қайтарылған активтер: Ақтөбеде инклюзивті балабақша салынып жатыр
Ақтөбеде қайтарылған активтер қаражатына инклюзиялық балабақша салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шерзод Давлатов Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды
Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Шерзод Давлатов ел қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Боран: Астана мен Қарағанды арасындағы тасжол жабылды
8 қарашада сағат 18:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты "Астана–Қарағанды–Алматы" автожолының кейбір учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанадағы кірпіш қаптаманың құлауы: жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды
Астанада тоғыз қабатты үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылған кезде жарақат алғандардың бірі өте ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Джиу-джитсудан ӘЧ: Қазақстан жалпы есепте 1-орын алды
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатында ересектер арасындағы жүлдегерлер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
-
Түркияда парфюмерия қоймасынан өрт шықты: қаза тапқандар бар
Түркияның солтүстік-батысындағы Коджаэли провинциясының Дильовасы өнеркәсіп ауданында парфюмерия және косметика өнімдері сақталған қоймада ірі өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар, жел, көктайғақ: Астана мен бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
9 қараша, жексенбі күні Астана мен еліміздің 13 облысына дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Қазақстан Clearbrook және AG-Tech компанияларымен зауыт салады
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Clearbrook Energy Solutions (CES) компаниясы және қазақстандық AG-Tech Қазақстанда энергия сақтау жүйелерін (BESS) өндіретін зауыт салуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мәнерлеп сырғанау: Софья Самоделкина Жапонияда күміс жүлдеге ие болды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
-
Ерлан Қарин балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жиын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты заң бұзушылықтың алдын алу және оның жолын кесу мәселесіне арналған жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министр XXV жазғы Сурдлимпиада қарсаңында ұлттық құрамаға Мемлекеттік Туды табыс етті
"Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығында XXV жазғы Сурдлимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Сирия президентін терроршылар тізімінен алып тастады
Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа мен елдің ішкі істер министрі Анас Хасан Хаттабты Вашингтон терроршылар тізімінен шығарды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап.
-
Трамп G20 саммитіне бойкот жариялады
АҚШ президенті алдағы екі аптадан кейін Йоханнесбургте өтетін "Үлкен жиырмалық" саммитіне АҚШ делегациясы қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап.
-
Қазақстанда SAF тұрақты авиациялық отын өндіретін зауыт салынады
Энергетика министрлігінде вице-министр Қайырхан Тұтқышбаевтың Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлант аймақтық бюросының директоры Николя Ралло мырзамен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жылыту маусымы басталды: Мамандар өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертті
Астанада өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында профилактикалық жұмыстар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аида Балаева: Қазақ киносының жаңа дәуірі басталды
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада үш мыңға жуық жол жұмысшысы қар күреу жұмысына шықты
Астанада коммуналдық қызметтер қар мен көктайғақтан тазарту жұмысын тәулік бойы үздіксіз жүргізіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
"C5+1" санкциялық қауіптен қорғай ма? - Сарапшы Қазақстан үшін басты тәуекелдерді түсіндірді
Сауда соғыстары, санкциялар және экспорттық бақылаудың күшеюі – сыртқы нарықтар мен транзиттік бағыттарға тәуелді Орталық Азия экономикасына тікелей әсер етеді. Осындай жағдайда "C5+1" форматы аймақтағы елдердің экономикалық тұрақтылығын күшейту, инвестиция тарту және екінші реттік санкциялардың ықпалын азайту құралы ретінде жиі атала бастады. Әсіресе Ресей және Қытаймен жұмыс істейтін компанияларға төнетін жанама санкциялық қауіп бұл тақырыптың өзектілігін арттырып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Доңға" жобасында жергілікті қамтуды дамытуға арналған бесжылдық бағдарлама бекітілді
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі "Доңға" жобасы бойынша уәкілетті орган қызметін атқаратын "PSA" ЖШС-мен бірлесіп, жобаны іске асыру барысында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті қамтуды дамытуға арналған бесжылдық бағдарламаны бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЕО Ресей азаматтарына арналған виза тәртібін қатаңдатты
Еуропалық комиссия Ресей азаматтарына виза беру ережелерін күшейткені туралы мәлімдеді. Бұл туралы Еурокомиссияның жазбаша мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола және Павлодар облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды
8 қараша күні сағат 14:00-ден бастап Ақмола және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде барлық көлік түріне қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Cointelegraph Web3 экожүйесін дамыту үшін күш біріктіреді
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cointelegraph компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тұмау және ЖРВИ: Астанада эпидахуал қандай?
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалтаева елордадағы жедел респираторлық вирустық инфекция мен тұмаудың таралу жағдайына қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодарда құлаған мектеп ғимаратының астынан адамның мәйіті табылды
Павлодарда құлаған мектеп ғимаратының астынан бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Табиғат пен климатқа ортақ саясат: Қазақстан экожүйені қорғаудың жаңа моделін қалыптастырады
Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау және климат өзгерісіне қарсы шешімдерді біріктіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Зейнетақы қоры: Ұлттық банк пен инвесторлар елімізге қанша кіріс әкелді?
Зейнетақы қорында қордаланып жатқан ақша көлемі 25,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында Айбар Олжай айтты.
-
Трамп: АҚШ-тың Орталық Азия елдерімен жаңа, жақсы қатынастар кезеңі басталды
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Орталық Азияның бес елінің – Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстан президенттерін қабылдау өзі үшін үлкен құрмет болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
C5+1 елдері мәдени мұра саласындағы ниеті туралы мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы және Америка Құрама Штаттарының үкіметтері арасында мәдени мұра саласындағы ниеттері туралы мәлімдемеге қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Болашақта жастар азайып, зейнет жасындағы қарттар көбейеді - сарапшы
Бұл туралы экономист сарапшы Айбар Олжай “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу рәсімі өтті
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастығы ойындары бастау алды. Шараның ашылу салтанатының шеруі Король Абдулазиз атындағы спорттық ашық алаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
8 қарашаға арналған валюта бағамы
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мексикада 5,6 магнитудалы жер сілкінісі болды
Мексиканың Төменгі Калифорния штатының жағалауында 5,6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
-
Жалақы мен зейнетақы: Зейнеткерлер неге жұмысын жалғастырғысы келеді?
Зейнеткерлер не дейді: “Демалыс па, әлде еңбек жалғасы ма?”
-
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 8 қараша күні Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Италия экологиялық таза өнім өндіруде Еуропада көш бастады
Италия – Еуропалық Одақтағы экологиялық таза өнімдер өндірісінің жетекшісі. Елде қоршаған ортаға әсері аз 19 мыңнан астам тауар Ecolabel таңбасын алған. Бұл туралы Еурокомиссия мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Қарағанды облысында 900 келіден астам есірткі тәркіленді
Қарағанды облысында полицейлер «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 900 келіден астам есірткі заты мен 1,5 тонна прекурсорды заңсыз айналымнан алып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Трамп Оңтүстік Африкадағы G20 саммитіне бойкот жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Африка Республикасында өтетін «Үлкен жиырмалық» (G20) саммитіне Америка үкіметінің өкілдері қатыспайтынын мәлім етті. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
-
Дания 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салды
Дания үкіметі 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Associated Press (AP) агенттігі жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Араб елдері экономикалық ынтымақтастықты күшейтуде
Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшісі Асқар Жеңіс Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ) Бас хатшысының орынбасары, Экономикалық қатынастар секторының басшысы Әли ибн Ибрахим әл-Мәлкимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Стамбул прокуратурасы Нетаньяхуды тұтқындауға санкция берді
Түркияның Стамбул қаласының Бас прокуратурасы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға және Израильдің бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктеріне геноцид және адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген айыппен қамауға алу туралы санкция берді. Бұл туралы Bugün Kıbrıs басылымы прокуратураның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Tesla акционерлері Илон Масктың 1 трлн доллар көлеміндегі төлем пакетін мақұлдады
Tesla компаниясының акционерлері компания басшысы Илон Масктың шамамен 1 триллион доллар тұратын төлем пакетін мақұлдады. Бұл шешім жыл сайынғы жалпы жиналыста 75% дауыс жинап, қатысушылардың зор қолдауына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Дубай миллионерлер үшін ең тартымды қала атанды
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласы миллионерлер үшін ең тартымды қала деп танылды. Бұл туралы жылжымайтын мүлік брокері Savills Plc жүргізген зерттеу нәтижелерінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
-
АҚШ ЕО-ның Ресей активтерін Украинаға көмек ретінде пайдалану жоспарын қолдады
Америка Құрама Штаттары Еуропалық одақтың Ресейдің мұздатылған активтерін Украинаға қолдау көрсету мақсатында пайдалану жөніндегі бастамасын қолдайды. Бұл туралы Reuters агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Боран және көктайғақ: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бүгін, 8 қараша күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының күрт бұзылуына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
-
Трамп Будапештте Путинмен кездесудің неге кейінге қалғанын түсіндірді
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен Будапештте жоспарланған саммиттің өткізілуіне басты кедергі болып отырған мәселені атады. Оның айтуынша, Ресей Украинадағы әскери әрекеттерін тоқтатуға әзір емес, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Наверх