Все новости за 1 қараша 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Антарктидада 6 миллион жыл бұрынғы ауа табылды
Антарктидадағы Аллан-Хиллз аймағында ғалымдар жасы 6 миллион жыл болатын мұз қабаттары мен ежелгі ауаны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Такси қызметінің атын жамылған "жеңгетайлар". Қостанайда ұйымдасқан қылмыстық топ ісі әшкере болды
Қостанай облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері такси қызметінің атын жамылып, жезөкшелікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бас прокуратура азаматтарға ескерту жасады
Алаяқтар "Бос жұмыс орындары туралы" қулыққа басты. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлап, халыққа алданып қалмауды ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытай ЖИ бойынша Дүниежүзілік ұйым құруды ұсынды
Оңтүстік Кореяда өткен АТЭС саммитінің жабылу күнінде сөйлеген сөзінде Си Цзиньпин бұған дейін АҚШ қабылдамаған жасанды интеллектіні (ЖИ) басқару жөніндегі орган құру идеясын тағы қайталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Тұман, көктайғақ, қатты жел". 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 2 қарашада Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жоғалып кеткен ер адам табылып, тікұшақпен Жезқазғанға жеткізілді
Ұлытау облысында 1977 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды. Ер адам мотоциклмен жылқы жаюға кетіп, үйіне оралмаған соң, туыстары дабыл қаққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Судандағы қақтығыстар: 62 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетті
26 қазанда Суданның батысындағы Дарфур аймағының әкімшілік орталығы — Эль-Фашир қаласы Жедел әрекет ету күштерінің (ЖӘК) бақылауына өткеннен кейін 62 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап шығуға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда алғашқы агроклиматтық көміртекті полигон ашылды
Жаһандық климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелер жағдайында көміртекті егіншілік аграрлық секторды дамытудың стратегиялық бағытына айналуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Жарлығымен Ким Сонг Кёнг ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің жоғары білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Woosong білім беру қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнг ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды. Марапатты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, өрт шықты
АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы Артижа қаласында орналасқан HF Sinclair Navajo мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, одан кейін ірі өрт тұтанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тәжікстанда ірі мұздық көшкіні болды
Тәжікстанның Тәжікабад ауданында мұздықтың алып бөлігі үзіліп, төмен қарай сырғып түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда сыртқы және сәулеттік жарықтандыру жүйесін жаңғырту жалғасып жатыр
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды төрағалығымен қаланың сыртқы және сәулеттік жарықтандыру жүйесін жаңғырту жөнінде кеңес өтті. 2025 жылдың қорытындысы қаралып, міндеттер айқындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістандағы ғибадатханада болған дүрбелеңде тоғыз адам қаза тапты
Үндістанның оңтүстігінде Андхра-Прадеш штатындағы Свами Венкатешвара индуистік ғибадатханасында өткен діни мереке кезінде кемінде тоғыз адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандaғы автолизинг бағдарламасы: автонесиеден қымбатқа түсуі мүмкін бе?
Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасын іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Бұл бастама ішкі автонарықты қолдаудың жаңа тетігі болмақ деп күтілуде. Алайда бағдарлама талқылану кезеңінде-ақ негізгі сұрақ туындап отыр — автолизинг шынымен де дәстүрлі автонесиеден тиімді бола ма? BAQ.KZ тілшісі осы жаңа бастаманың барлық қыр-сырын, артықшылықтары мен ықтимал тәуекелдерін саралап көрді.
-
Танзанияда президент сайлауында тағы да әйел адам жеңіске жетті
Танзанияның қазіргі президенті Самия Сулуху Хасан мемлекет басшысы сайлауында жеңіске жетіп, 97,66 пайыз дауыс жинады. Бұл туралы елдің Тәуелсіз ұлттық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан жоғары білім беру жүйесін дамыту жолында маңызды қадам жасады - ректор
Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) ректоры Анатолий Торкунов Астанадағы МГИМО филиалының ашылуын Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін дамыту жолындағы маңызды әрі стратегиялық қадам деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Халықаралық рейтинг агенттігі: Қазақстан жаһандық білім орталығына айналып келеді
QS (Quacquarelli Symonds) халықаралық рейтинг агенттігінің президенті Нунцио Квакварелли Қазақстан жоғары оқу орындарының халықаралық QS рейтингіне ену көрсеткіші айтарлықтай артқанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дүние жүзінде алғашқы мемлекет темекіге түбегейлі тыйым салды
Мальдив елі 2007 жылдың қаңтарынан кейін туған барлық адамдарға арналған темекі шегуге тыйымды кезең-кезеңімен енгізе бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Саясат Нұрбек: Қазақстан халықаралық жоғары білім беру орталығына айналып келеді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлемдік білім беру экожүйесінде болып жатқан терең өзгерістер мемлекеттерден стратегиялық әрі тұрақты шешім қабылдауды талап ететінін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Германия үкіметінде сириялықтарды еліне қайтару туралы дау туындады
Германияның Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі арасында сириялықтарды депортациялау жоспарына байланысты ашық қайшылық пайда болды. ІІМ коалициялық келісімге сүйеніп, "Сирияға депортация алдымен қылмыс жасағандардан басталуы тиіс" деген ұстанымды алға тартады, деп хабарлайды BAQ.KZ BILD басылымына сілтеме жасап.
-
Ұлттық банк: Биыл III тоқсанда 8 000-нан астам алтын құйма сатылды
ҚР Ұлттық Банкі 2025 жылғы III тоқсанда екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 438,4 кг болатын 8 302 өлшемді құйма сатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АШМ: Қазақстанда субсидиялар бойынша берешек кезең-кезеңмен өтелуде
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, агроөнеркәсіптік кешенде барлық түрдегі субсидиялар бойынша берешек 341,3 млрд теңгені құрайды, оның 152,2 млрд теңгесі несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға тиесілі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бейжіңде Тыйым салынған қаланың тіршілігі қандай?
Бейжіңнің дәл жүрегінде орналасқан Тыйым салынған қала – Қытайдың ең көне әрі ең ірі императорлық сарай кешені. Мұнда бес ғасыр бойы 24 император билік жүргізген. Бүгінде бұл нысан әлемдегі ең көп турист тартатын тарихи мұражайлардың бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Бейжіңнен.
-
1 қарашаға арналған валюта бағамы
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттері доллар, еуро және рубль бойынша орташа сатып алу және сату бағамдарын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда биофармацевтикалық өнім шығаратын зауыт салынады
200 млн доллар инвестицияға ие халықаралық компания толық циклді инновациялық биофармацевтикалық хаб салмақ. Жобаны жаңа перспективалы Алатау қаласында жүзеге асыру жоспарлануда, оған жер телімі бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Салық органдары қазақстандықтардың банк шоттарын көре алады: не өзгереді және кімге әсер етеді?
Банк құпиясын алып тастау және азаматтардың есепшоттары туралы деректерді салық органдарына беру көлеңкелі экономикамен күрес пен қаржы жүйесінің ашықтығын арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болуы мүмкін. Алайда бұл ретте мемлекет зиянды әрекеттер мен асыра пайдаланудың алдын алу үшін қатаң бақылау орнатуға тиіс. Мұндай жаңашылдықтардың ел экономикасына нақты қалай әсер ететіні туралы толығырақ BAQ.KZ материалынан оқи аласыз.
-
Трамп: Шатдаун болса да, америкалықтар аш қалмайды
АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық үкіметтің жұмысын тоқтатуға (шатдаун) қарамастан, азаматтарға арналған азық-түлік көмегі бағдарламасын (SNAP) жалғастыруды көздеп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Швейцариялық компания Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне $700 млн-нан астам инвестиция салады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде салаға инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Луврдағы ұрлық: Францияда тағы төрт күдікті ұсталды
Францияда тергеу органдары Лувр мұражайындағы атышулы ұрлыққа қатысы бар деп болжанған төрт адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркияда Grand Kartal қонақүйіндегі өрт ісі бойынша сот үкімі шықты
Түркия соты Карталкая тау-шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақүйінде болған өртке кінәлі деп танылған 11 адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Парламент отырысында мешіннің суретін салған депутат желіні шулатты
Оңтүстік Кореяда парламент отырысы кезінде депутат қағазға мешіннің суретін салып отырған сәтінде камера объективіне түсіп қалып, желіні шулатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жанармай бағасына қатысты шағымдарды қабылдайтын жедел желі іске қосылды
Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынына қойылған бағалық мораторийдің бұзылуы, сондай-ақ кейбір жанармай құю станцияларындағы сұйытылған мұнай газының (автогаздың) қолжетімділігі бойынша азаматтардың өтініштерін тіркеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Испанияда шіркеудегі Құдай Ана мүсінінен әшекейлер ұрланды
Испанияның Гранада қаласында белгісіз екі адам Санта-Крус-ла-Реаль шіркеуінде орнатылған Қасиетті Мария Розария бейнесінен зергерлік әшекейлерді ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ "Известия" басылымына сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарын 93 медальмен аяқтады
Манамада (Бахрейн) 22-31 қазан аралығында өткен III жасөспірімдер Азия ойындарында Қазақстан құрамасы керемет нәтижеге қол жеткізді. Ел спортшылары жалпы есепте үшінші орынға ие болып, 93 медаль жеңіп алды: 24 алтын, 29 күміс және 40 қола. Бұл туралы BAQ.KZ ҚР ҰОК-на сілтеме жасап хабарлады.
-
Масаң күйдегі жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұшақтан түсірілді
Ақтөбе – Алматы бағытындағы әуе рейсінде екі жолаушы масаң күйде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұшақтан түсірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің бір қаласында ғана ауа ластанады
Бүгін, 1 қарашада Қазақстанның бір ғана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алып, ауа сапасының нашарлауы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп: Венесуэлаға қарсы әскери әрекеттер туралы шешім қабылданбады
АҚШ президенті Дональд Трамп бұқаралық ақпарат құралдарының Венесуэла аумағындағы әскери нысандарға шабуыл жасауға рұқсат бергені туралы хабарламаларын жоққа шығарды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жасанды интеллект үлкен компанияны басқара ала ма: қаншалықты заңды?
Қазақстанның ең ірі ұлттық холдингі – “Самұрық-Қазына” АҚ жуырда бұрын-соңды болмаған шешім қабылдады: Директорлар кеңесінің құрамына жасанды интеллект жүйесін – SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) – “цифрлық тәуелсіз директор” ретінде қосты. Бұл жаңалық қоғамда қызу талқылау туғызды: мұндай мәртебе заңды ма, жүйе нақты қандай рөл атқарады және ол корпоративтік басқару мәдениетіне қалай әсер етуі мүмкін? Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі осы тақырыпты зерттеп көрді.
-
Латвия Стамбул конвенциясынан шығуды мақұлдады
Латвия әйелдерді қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул конвенциясынан шығуды мақұлдады. Құжат енді ел президенті Эдгар Ринкевичтің қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
"QAITADAN" фильмі STEPPE AWARDS сыйлығының жеңімпазы атанды
Қазақстандық көрерменнің ыстық ықыласына бөленген "QAITADAN" фильмі креативті индустриядағы беделді марапат – STEPPE AWARDS жеңімпазы атанды. Картина "Кинематограф" номинациясында үздік деп танылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Путинмен кездесуін Ресейдің қатаң талаптарына байланысты тоқтатқан
АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Будапешттегі жоспарланған кездесуі Мәскеудің Украинаға қатысты қатаң талаптарын баяндаған меморандумына байланысты тоқтатылды.
-
Хуситтер БҰҰ қызметкерлерін Израильмен байланысы үшін соттауды жоспарлап отыр
Бүлікшіл «Ансар Алла» қозғалысы Израильдің көтерілісшілер бақылауындағы астанасына қарсы әрекеттерге қатысы бар деп айыпталған кем дегенде 43 йемендік БҰҰ қызметкерін сотқа тартуды жоспарлап отыр.
-
Қатты жел, көктайғақ: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
Бүгін, 1 қараша күні Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Пентагон Украинаға "Tomahawk" зымырандарын жеткізуге рұқсат берді – CNN
АҚШ Қорғаныс министрлігі Украинаға ұзақ қашықтықтағы «Tomahawk» зымырандарын жеткізуге техникалық-тактикалық мүмкіндік берілгенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN арнасына сілтеме жасап.
-
Кариб аймағындағы қауіп: Венесуэла АҚШ әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді
Венесуэла Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес АҚШ үкіметін елдің табиғи ресурстарын бақылауға ұмтылуда деп айыптады. Бұл туралы ол Кариб теңізі елдерінің парламентшілерінің бейбітшілік кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Notitarde басылымына сілтеме жасап.
-
"Мелисса" дауылы: Ямайкада гуманитарлық көмек жетіспей жатыр
Ямайкада "Мелисса" дауылы салдарынан кем дегенде 19 адам қаза тауып, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қараңғы аудандарда электр қуаты әлі жоқ, тұрғындар үйлерін су тасқыны мен қирандылардан қорғауға тырысуда. Кейбір жерлерде бірнеше күн бойы су мен азық-түлік жетіспейді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Наверх