Все новости за 18 қыркүйек 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Солтүстік Қазақстан облысында өрт болған жерден үш адамның мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Полтавка ауылында үш адамның жұмбақ өлімінің себебі анықталуда. Өрт орнынан әйел мен екі ер адамның мәйіті табылды. Тек марқұм әйелдің қызы ғана қашып үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
-
Петропавлда үш жасар бала 5-қабаттан құлап кетті
Петропавлда бесінші қабаттан құлаған бала аман қалды. Бірақ жағдайы ауыр, қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
49 жастағы әйел ауыр жағдайда тікұшақпен Өскеменге жеткізілді
18 қыркүйекте ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" АҚ тікұшағы санитарлық авиация желісі бойынша Бұрлы ауданының 49 жастағы тұрғынын шұғыл эвакуациялады. Әйел аудандық ауруханада ауыр жағдайда жатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Мысыр дін саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мысыр Араб Республикасының Уақыптар министрі Усама әл-Азхаримен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
-
Тұман, үсік және найзағай: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
15 облыста 19 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әуежайдағы шу: "Астана – Ақтөбе" рейсінен қолына кісен салынған ер адамдар түсірілді
Астана әуежайында мас күйдегі екі жолаушы "Астана – Ақтөбе" рейсінен кісенделіп түсірілді. Олар экипаж талаптарына бағынбай, тәртіп бұзғаны үшін полицияға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қоқыс полигонындағы өрт: Алатау қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді
Алатау қаласында қоқыс полигонында шыққан ірі өртке байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі енгізілді. Өртті сөндіру төртінші күн жалғасып жатыр, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов Бішкекте: Түркі мемлекеттері арасындағы интеграция мен серіктестік талқыланды
Олжас Бектенов Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Түрмедегі жаңа кәсіп: сотталғандар құс шаруашылығын өркендетуде
Қызылордадағы түзеу мекемесінде сотталғандар құс шаруашылығын дамытып, қаз, үйрек пен тауық өсіріп жатыр. Еңбекке баулу – олардың түзелуіне жол ашуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Тоқаев: Боксты ұлттық спорт деңгейіне көтеруіміз керек
Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Заңсыз микрокредит дауы: Қазақстанда атышулы кәсіпкер Сергей Койнов ұсталды
Қазақстанда «Актив Маркет» желісінің иесі Сергей Койнов ұсталды. ҚМА заңсыз несие беру, кіріс заңдастыру схемасын ашып, 3,5 млрд теңге көлемінде қаржы заңсыз алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент әлем чемпионатында топ жарған боксшылар мен бапкерлерді марапаттады
Мемлекет басшысы Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) спорттық жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Тоқаев әлем чемпиондарын марапаттады: Әнұранымыз жеті рет шырқалған тарихи жеңіс
Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
"Қайрат" – "Спортинг": бүгін алматылық клуб алғаш рет ЧЛ топтық кезеңінде дебют жасайды
Бүгін, 18 қыркүйекте Алматының “Қайрат” футбол клубы тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетуді бастайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалімдердің құзыреттілігі ЖИ-ден жоғары болуы тиіс – сарапшы
Жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу кезінде ең басты назар – оны қалай тиімді әрі жауапты қолдануды үйретуде болуы керек. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының президенті Назипа Аюбаеваның айтуынша, тыйым салудан бұрын, мұғалімдер мен оқушыларды жасанды интеллектпен сауатты жұмыс істеуге үйрету қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемдік діндер съезі: Тоқаев пен "Әл-Азһар" өкілі жаһандық бірлік жайын талқылады
Мемлекет басшысы "Әл-Азһар" университеті Жоғарғы имамының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайнимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ министрлікке сілтеме жасап.
-
Газ құбырының сақшысы – слесарь
Қоғам өмірінде газ құбыры халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартатын ең маңызды инфрақұрылымның бірі. Бірақ бұл жүйеде кез келген уақытта апатты жағдай орын алуы мүмкін. Осындай сәтте газ тұтынатын тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ақауды жоюға атсалысатын маман – апатты қалпына келтіру слесарі. «Еңбекқор ел» жобасының бүгінгі шығарылымы слесерь маманына арналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат мұғалімдердің жұмысын қалай жеңілдетуге болатынын айтты
Жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу – маңызды әрі күрделі үдеріс. Бұл технологияны мектептерге кезең-кезеңімен енгізу қажет және басты мақсат – оны мұғалімге көмекші құрал ретінде қолдану болуы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова жасанды интеллектке арналған дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астаналық оқушы "ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері" атағын алды
Астаналық оқушыға тұңғыш рет «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді
-
Қазақстанда жаяу жүргіншілерді алкотестермен тексере ме?
Қазақстанда 16 қыркүйектен бастап жүргізушілерді мас күйін анықтау ережелері өзгерді. Жаяу жүргіншілерге жаңа талаптар енгізілген жоқ, тек жүргізушілер алкотестер не медициналық куәландырудан өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент: Татулық пен тұрақтылық – баянды болашақтың кепілі
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің жабылу салтанатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“ЖИ дос та, психолог та емес”: Аймағамбетов білім саласына қажет өзгеріс туралы айтты
Жасанды интеллект мектептерге еніп жатыр, бірақ оны қалай және не үшін қолдану керектігі туралы нақты бағдар жоқ. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ЖИ-ді тек құрал ретінде қабылдап, оны қолдануға ұлттық деңгейде саясат қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің жабылу салтанатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат дәрігерлер жұмысына өзгеріс енгізуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы жасанды интеллект мәселесіне қатысты өткен жиында денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби стандартына “цифрлық” білім мен дағдыларды енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Үнсіз қоңырау...": Рөлде телефонмен сөйлескен 4 мың жүргізуші ұсталды
Рөлде телефонмен сөйлескен 4 мың жүргізуші ұсталды
-
Елімізде әлеуметтік көмек кімге берілетінін ЖИ анықтайды
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау процесі жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен жүзеге асуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Діндер съезі: "Астана бейбітшілік декларациясы" қабылданды
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде "Астана бейбітшілік декларациясы – 2025" қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әке-шешесін ұрған ұл, өз әйелін өлтірген еркек: Қоғам неге қатыгез болып барады?
Соңғы уақытта елде болған қайғылы оқиғалар – жасөспірімдер арасындағы зорлық, ата-аналарға қол көтеру, тұрмыстық жанжалдар қоғамды елең еткізбей қоймады. Мәжіліс депутаттары бұл мәселелерге байланысты өз пікірлерін білдіріп, тәрбие мен отбасылық құндылықтарды қайта қарау қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Келесі діндер съезі 2028 жылы Астанада өтеді
Келесі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ХІХ съезі 2028 жылы Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Imanbek тағы да Grammy сыйлығына ұсынылды
Қазақстандық диджей Imanbek әлемдегі ең беделді музыкалық марапат – Grammy сыйлығына тағы да ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кибер-Мүфти тәжірибесі: ЖИ радикализмге тосқауыл бола ала ма?
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде цифрлық даму мен жасанды интеллект дәуіріндегі құндылықтар тақырыбы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Лазерлік ескерту: Астана-Теміртау жолында қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Астана - Теміртау жолында жаңа лазерлік ескерту жүйесі сынақтан өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда бес шағын аудан жарықсыз қалды
Алматыда бірқатар ауданда алты рет электр жарығының апатты сөнуі тіркелді. Кей жерлерде электр энергиясы берілімі қалпына келтірілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Аймағамбетов Оқу-ағарту вице-министрінің баяндамасын сынға алды
Мәжілісте өткен жасанды интеллектіні әлеуметтік салада қолдану тақырыбындағы дөңгелек үстелде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжановтың баяндамасына қатысты бірқатар маңызды сұрақ көтеріп, сын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жасанды интеллект адамды емдеуге қалай қолданылады?
Мәжілісте өткен “Әлеуметтік салада жасанды интеллектіні қолдану” тақырыбындағы дөңгелек үстелде Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов жасанды интеллектінің денсаулық сақтау саласында қай бағыттарда қолданылатынын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырауда 8 млрд теңге айналымы бар қылмыстық схема әшкереленді
Атырау қаласының соты жалған шот-фактуралар мен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға байланысты экономикалық қылмыстарды жасаған адамдар тобына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына Дәурен Ниязбекұлы Сәлімбаев тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қарызын төлемей жүргендерді ұстайтын жаңа жүйе іске қосылды
Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы және Бас Прокуратура бірлесіп борышкерлерді анықтаудың тетіктерін дамыту бойынша "Цифрлық бақылау" жүйесі мүмкіндіктерін кеңейткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тосын жағдай: бір жасар баланың басына сона жұмыртқа салған
Новосібірде дәрігерлер бір жасар баланың басынан сегіз сона дернәсілін алып шықты. Мамандар мұндай жағдайдың жаз және күз айларында сирек кездесетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "МК в Новосибирске" басылымына сілтеме жасап.
-
Алматы облысында сарбаз өз-өзіне қол жұмсады
Алматы облысында мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Маңғыстауда әкім орынбасарлары ұсталды
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өңір әкімдігінің қолдауымен есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұстады. Күдіктілердің қатарында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Миграция, санкция, қауіпсіздік: Тоқаевтың Мәскеу сапарынан не күтіледі?
Жыл соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барады. Кездесудің негізгі мақсаты қандай? Сапар барысында қандай мәселелер талқылануы мүмкін? Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне саясаттанушы, халықаралық қатынастар бойынша сарапшы Риззат Тасым айтып берді.
-
Мыңдаған палестиналық Газа қаласын тастап кетіп жатыр
Газа қаласынан мыңдаған палестиналық Газа қаласынан кетуге мәжбүр. Себебі Израильдің аумақты бақылауға алуға бағытталған құрлықтағы операциясы екінші күн қатарынан жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісудағы "отбасылық бизнес": ерлі-зайыпты мен ұлы 30 келі марихуанамен ұсталды
Жетісу облысында полиция "Қарасора-2025" операциясы аясында отбасылық қылмыстық топты құрықтады. Ерлі-зайыпты мен ұлынан 30 келіден астам марихуана тәркіленіп, барлығы қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
-
"Парламенттік" құттықтау: Бортсерік те ұшар алдында анасын құттықтады
Бортсерік Сағи Тоқтамовтың ұшақ ішінде микрофон арқылы анасын туған күнімен құттықтауы желіде кең таралып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
Бұл – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайту мақсатымен қолға алынған бірегей бастама. Салтанатты іс-шараға VIII Съезд делегаттарымен бірге Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқушылардың білімін бағалап, мамандық таңдауына енді ЖИ көмектеседі
Мәжілісте өткен жасанды интеллект тақырыбына арналған жиында Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов білім беру жүйесінде ЖИ технологияларын тек оқыту процесіне ғана емес, бағалау мен кәсіби бағдар беру бағытында да қолдану қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы маңындағы қоқыс полигонындағы өрт ауа сапасына қалай әсер етті
Алматы облысының әкімдігі тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртке байланысты жақын маңдағы елді мекендерде жүргізілген ауа сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторингтің нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ЖИ-ға құлың емес, көмекшің ретінде қарау керек – Аршат Ораз
Президент биылғы Жолдауында цифрландыру мен ЖИ-технологияларын барлық негізгі салаларға енгізу мақсатын қойғаны белгілі. Бұл мақсат нені білдіреді, қалай жүзеге асады белгілі IT маман Аршат Оразбен талдап көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушылар мен мұғалімдер сабақта ЖИ-ді қалай қолданады?
Мәжілісте өткен жасанды интеллект тақырыбындағы жиында Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов білім беру саласында ЖИ технологияларын қолдану бойынша бірқатар жоба жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушылар сабақты жасанды интеллектпен жасап жүр – Аймағамбетов
Мәжілісте Әлеуметтік салада жасанды интеллектіні қолдану тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр. Жиында депутат Асхат Аймағамбетов ЖИ-ді мектептерде енгізу мәселесіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Израильге қарсы санкция, Ұлыбритания Палестина тәуелсіздігін мойындамақ
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Танымал футболшы алаңда қайтыс болды
Сербия құрамасының бұрынғы футболшысы Деян Милованович ардагерлер матчында көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада қауіпті вирусқа қарсы екпе салынып жатыр
Астана қаласында жатыр мойны обыры дамуының негізгі қауіп факторларының бірі саналатын адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияның екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Анаға арналған миллиардтар: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға төлем рекорд жаңартты
2025 жылы Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға 404 млрд теңгеден астам мемлекеттік жәрдемақы төленді. Жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға өсті, төлем көлемі рекорд жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада жүк көлігін жүргізген 16 жасар бала анықталды
Астанада Нәжімеденов көшесін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері HOWO маркалы жүк көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлікті 16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімнің жүргізгені, оның жүргізуші куәлігінің жоқтығы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Экс-президентке тері рагы диагнозы қойылды
Экс-президентке тері рагы диагнозы қойылды
-
"Kazakh Invest" пен француздық "HydroPlus" компаниялары меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров француздың "HydroPlus" компаниясының президенті Франк Дель Реймен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ-ді енгізудің ұлттық моделін бекітті
Қазақстанда білім беру жүйесін жаңғырту бағытында маңызды қадам жасалды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2025–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектіні (ЖИ) білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қытайдағы әуе шоуына дайындық кезінде ұшатын көліктер соқтығысты
Қытайдың Чанчунь қаласында өтетін әуе шоуына дайындық барысында Xpeng AeroHT компаниясының екі ұшатын көлігі әуеде бір-бірімен соқтығысып қалды. Соқтығыс салдарынан олардың бірі жерге қонған кезде өртеніп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Астанадағы кафеде болған өрт: тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады
Астанадағы KaRima кафесінде өрт шығып, көпқабатты тұрғын үйге тараған еді. Тілсіз жаудан сегіз пәтер зардап шеккен. Тұрғындар уақытша қаланың қонақүйлеріне орналастырылып, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 18 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайлы метеожағдайлар сақталса, Ақтөбе мен Атырауда ауа сапасының нашарлауы болжануда.
-
CAWS 2025: өрлеу кезеңі, көсбасшылар кезеңі
2025 жылғы 16 қазанда Ritz-Carlton Алматы қонақүйінде Орталық Азияның қойма жылжымайтын мүлік сегментіндегі маңызды және ауқымды іс-шара Central Asia Warehouse Summit (CAWS) өтеді. Іс-шара бағдарламасы толықтай дайын. Сіздерге 10 елден келген 30-дан астам спикердің бірегей құрамын таныстыруға дайынбыз, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа туған нәрестесін саңырауқұлақпен тамақтандырған ата-ана сотқа тартылды
Тергеу барысында ата-ананың нәрестені саңырауқұлақтар, соя ұнтағы және минералсыздандырылған сумен тамақтандырғаны анықталды.
-
Алматы көшелеріндегі жарық: қандай мәселелер бар және қанша қаржы қажет?
Соңғы жылдары Алматы қаласы көше жарықтандыру жүйесін жаңартуға ерекше көңіл бөлуде. Қалалық әкімдік пен коммуналдық компаниялар 2025 жылдың соңына дейін мегаполистің барлық көшелерін толық жарықтандыруды жоспарлап отыр. Бүгінде ондаған мың шам орнатылып, жүздеген шақырым кабель тартылды. Алайда, тек жаңа шам орнатумен мәселе түбегейлі шешілмейді. Ескі желілердің тозуы, қаржыландырудағы ашықтық, техникалық қызмет көрсетудің тұрақтылығы, вандализм мен ұрлық секілді түйткілдер бар, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанадағы кафеден шыққан өрт сегіз қабатты тұрғын үйге тарады
Бүгін түнде Астанадағы кафелердің бірінде өрт шығып, жалын сегіз қабатты тұрғын үйдің қасбетіне тарады. Оқиғаның видеосы әуелі әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Талдықорғанда екі сауда орталығына "бомба қойылғаны" рас па?
Бүгін Талдықорғанда "Сити Плюс" сауда-ойын-сауық орталығында және "Дәулет" сауда үйінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Бұл туралы Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлыбритания таяу күндері Палестинаны ресми түрде мойындайды
Ұлыбритания Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындау туралы шешімді алдағы демалыс күндері жариялауы мүмкін. Бұл туралы Times басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еурокомиссия Израильге қарсы санкциялар пакетін ұсынды
Еуропалық комиссия Газа секторындағы әскери операциялар мен Батыс жағалаудағы қоныстану саясатына байланысты Израильге қарсы жаңа санкциялар пакетін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Трамптың Ұлыбританияға сапары мыңдаған адамның наразылығын тудырды
АҚШ президенті Дональд Трамптың Ұлыбританияға екінші мемлекеттік сапары мыңдаған адамның наразылығын тудырды.
-
Үш адам қаза тапты: Қарағанды маңында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты
Ақадыр – Қарағанды учаскесіндегі Жарық – Дария аралығында орналасқан күзетілмейтін, реттелетін теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы орын алып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытайда технологиялық компанияларға NVIDIA AI чиптерін сатып алуға тыйым салынды
Қытайдың ең ірі технологиялық компанияларына америкалық NVIDIA жасанды интеллект (AI) чиптерін сатып алуға тыйым салынды. Бұл шешім елдің ішкі технологиялық дербестігін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Financial Times басылымына сілтеме жасап.
-
ЕО-да дәрі-дәрмек тапшылығы рекордтық деңгейге жетті
Еуропалық одақ елдерінде дәрілік заттардың жетіспеушілігі бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Бұл туралы Есеп палатасының жаңа баяндамасында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
Наверх