Все новости за 5 қыркүйек 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Тұман, шаңды дауыл және найзағай: Сенбі күніне арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның 14 облысында 6 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлімжеттік жасаған 4 сыныптасының атын жазып кеткен: Шымкентте 9-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Шымкентте 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды. Жасөспірімнің өліміне мектептегі әлімжеттік себеп болуы мүмкін. Себебі, марқұм соңғы сәтінде телефонына бірнеше сыныптасының атын жазып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
-
Қазақстанның халық әртісі Сапар Өтемісұлы өмірден озды
Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, сахна саңлағы Сапар Өтемісұлы өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АЭС атауын таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның ережесі мен құрамы бекітілді
Қазақстанда АЭС атауын таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның ережесі мен құрамы бекітілді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі 2025 жылы 5 қыркүйекте ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Рухани дипломатияның қыр-сыры: әлемдік дін лидерлерін бір үстел басына қалай жинау керек
Сенат Спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Динара Сәтжан мен Әділ Сейфулиннің Qogam News жобасына берген сұхбатында форумның көзге көрінбейтін қырлары туралы айтып берді.
-
АҚШ-тың ірі компаниялары Қазақстанда өндіріс ашуға мүдделі
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров АҚШ-тың сауда миссиясы аясында елімізге келген жетекші америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар іске асырылып жатқан және перспективалы жобалардың жай-күйін, сондай-ақ америкалық компаниялардың қазақстандық нарықтағы қызметін кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ыбырай Алтынсарин ескерткішінің айналасында тазалық акциясы өтті
Астана қаласы әкімдігінің Бірлескен музейлер дирекциясы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ыбырай Алтынсарин ескерткішінің айналасында, ұлт ұстазының аты берілген №83 мектеп-гимназия маңында тазалық жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметіне 308 мың тапсырыс берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 308,4 мың рет көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарапшы: Қазақстанда мемқарыз төмен, бірақ инфляция жоғары
Bank of America (BofA) есебіне сәйкес, Қазақстан EEMEA (Europe, the Middle East and Africa) аймағындағы ең жылдам өсіп келе жатқан он экономиканың қатарына енді. Елдің ЖІӨ өсімі 5,7% деңгейінде бағаланып, 45 елдің ішінде 10-орынға жайғасты. Салыстырмалы түрде Чехия – 39-орын (1,9%), Польша – 23-орын (3,3%), ал Өзбекстан – 9-орында (5,9%) тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ экономист Эльдар Шамсутдиновке сілтеме жасап.
-
Жасанды интеллект инсульт пен обырды анықтауға көмектесіп жатыр
Қазақстанда денсаулық сақтаудың ауқымды цифрлық трансформациясы жалғасуда. Денсаулық сақтау министрлігі қолданыстағы 17 ақпараттық жүйені 6 негізгі құрамдас бөлікке біріктіретін Е-Densaulyq экожүйесінің архитектурасын іске асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тарих мұғалімдеріне арналған бірегей портал таныстырылды
Астанада тарих пәні мұғалімдерінің «Мектептегі тарих пәні: цифрлы медиа әлем» атты семинары ұйымдастырылды, деп хабарлайды деп хабарлайды BAQ.KZ e-history.kz порталына сілтеме жасап.
-
5 қыркүйек – Халықаралық қайырымдылық күні
Елімізде БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес, 5 қыркүйек Халықаралық қайырымдылық күні болып бекітілді. Қайырымдылық пен жанашырлық – ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Азаматтарымыз көрсеткен қайырымдылық көмек мұқтаж жандардың өмірін өзгертуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында суару маусымы аяқталды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жетісай және Мақтаарал аудандарының шаруаларымен кездесіп, Түркістан облысындағы суару маусымын қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Айгүл Ісмақова: Кеңес үкіметі Ахмет Байтұрсынұлының зор ұлттық әлеуетінен қауіптенді
Коммунистік билік қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті осыншалықты терең де мазмұнды екендігін мойындағысы келмегені анық. Бұл туралы «Әдебиет порталының» YouTube арнасында айтылды. Филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісмақова «Әдебиет танытқыш» тақырыбында қаузалған дискуссияда терең ойларын бөлісті.
-
Енді елордалық студенттер зерттеу жүргізіп, жобаларын дамыта алады
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен аймақтық R&D орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қыздың әкесімен байланыстамын: Алматыдағы оқушы суицидіне қатысты уәкіл пікір білдірді
Алматыда жекеменшік мектептің 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада инвесторға қазақ-неміс мектебін салуға кедергі келтірілген
Астана прокуратурасы 4 инвестордың құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жолдауда білім, ЖИ және туризм салаларына басымдық берілуі мүмкін – сарапшы
8 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жолдау барысында Президент алдағы жылдарға арналған даму басымдықтарын белгілеп, экономикалық және әлеуметтік даму жолдары айқындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Алматыда жекеменшік мектептің 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Грамматикалық қателерді түзейтін ұлттық жүйе пайда болады
“Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай грамматикалық және стилистикалық қателерді автоматты тексеріп, синонимдер ұсынатын QazGramma ұлттық жүйесі пайда болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жасайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Инфрақұрылым мен абаттандыру: Тоқаев Астана әкіміне бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақ мұнайының тарихы: Қарашүңгілден жаһандық нарыққа дейін
Жыл сайын қыркүйектің бірінші жексенбісінде Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – елді энергия ресурстарымен қамтамасыз етіп, өнеркәсіпті дамытып, ұлттық экономиканы нығайтуға үлес қосып жүрген мыңдаған маманның еңбегіне көрсетілген құрметтің символы. Бұл – өз тағдырын мұнай-газ өнеркәсібімен байланыстырған геологтар мен бұрғылаушылардың, әзірлеушілер мен құрылысшылардың, тасымалдаушылардың, технологтардың кәсіби күні. BAQ.KZ тілшісі ХІХ ғасырдан бастау алған қазақ мұнайының тарихына шолу жасап көрді.
-
Өңірлерге қоныс аударатындарға 4,5 млн теңгеден беріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті қоныс аударуды ынталандыру үшін жаңа қолдау тетіктері енгізілгенін хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қыркүйектің алғашқы демалысында ауа райы қандай болады?
4-6 қыркүйек аралығында Қазақстанда құбылмалы ауа райы күтіледі. Елдің батысы мен солтүстік-батысында нөсер, бұршақ, қатты жел болжанса, шығыс пен орталықта түнгі үсік болуы мүмкін. Оңтүстікте ауа температурасы +38°С-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда ел тарихындағы ең ірі есірткі партиясы тәркіленді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көп сатылы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кімнің мобильді аударымы тексеріледі? – Салық органы түсіндірді
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті редакциямызға мобильді аударымдарды бақылауға қатысты ресми жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, бұл шара заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ-қытай серіктестігі: Сарапшы Қазақстан үшін басты басымдықтарды атады
31 тамыз – 3 қыркүйек аралығындағы Қытайға сапар Қазақстан үшін жаңа саяси әрі экономикалық мүмкіндіктердің бастауы болды. Сапар аясында қол қойылған келісімдер транзиттік дәліздерден бастап жасанды интеллектке дейінгі салаларды қамтиды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкіметте мұнай-газ саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Қазақстан Моңғолиямен стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі
Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Алматыда мопед мінген әйел жүк көлігімен соқтығысып қаза тапты
Алматыда Қапшағай трассасында мопед пен бетон араластырғыш көлік соқтығысып, 54 жастағы әйел қаза тапты. Оқиғаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
KazLLM: Қазақ тілінің табиғи қоры 6 млрд сөзден асты
Астана қаласындағы Назарбаев университетінде “Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі” атты республикалық конференция өтті. Оның кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай ұлттық тіл моделі жасақталып, қазақ тілі цифрлық форматқа дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда автобус электросамокаттағы қыздарды қағып кетті: видео пайда болды
Желіде автобус екі қызды қағып кеткен сәттің видеосы тарады. Олар электросамокатпен жүріп, жолды кесіп өткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Тегін қызметті сатқан": 1,5 млн теңге алған дәрігер жауапқа тартылды
Ақмола облысының Атбасар аудандық соты аудандық аурухана дәрігерінің қызмет бабын пайдаланып жасаған алаяқтық ісі бойынша резонансты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент мұнай-газ саласының үздіктеріне мемлекеттік награда табыстады
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Италиялық атақты дизайнер Джорджио Армани дүниеден өтті
Италиялық атақты дизайнер, Armani сән үйінің негізін қалаушы Джорджио Армани 91 жасында дүниеден өтті. Ол әлемдік сәнге жаңа серпін беріп, итальяндық стильдің символына айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Жалғау-жұрнаққа назар аудармаймыз": "Ұлттық диктант" жобасы басталды
“Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі” республикалық конференциясы аясында “Ұлттық диктант” жобасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Блогер Жанабылов ісі: Сот отырысы өтіп жатыр
Астанада блогер Ерболат Жанабылов ұйымдастырған автокөлік ұтысына байланысты әкімшілік сот қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалім дайын емес, балалар зардап шегуде: Ата-аналар инклюзивті білім берудің мәселесін айтты
Қазақстандағы инклюзивті білім беру — өзекті әрі жан-жақты қарастыруды талап ететін тақырыпқа айналып отыр. Ата-аналар мен педагогтар әлеуметтік желілерде өз бақылаулары мен қиындықтарымен бөлісуде. Ал мемлекет мамандарды даярлау жүйесін жетілдіруді жалғастырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасауға күш салуда. Қазіргі таңда Қазақстан мектептерінде инклюзия қалай жұмыс істеп жатыр? Бұл сұраққа BAQ.KZ тілшісі зерттеу жүргізіп көрді.
-
Тоқаев: Мұнай-газ саласына жаңа кен орындары мен білікті мамандар қажет
Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанадан Тяньцзиньге дейін: Тоқаевтың Қытайға сапары мен Пекиннің Қазақстанға көзқарасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға кезекті сапары елдің сыртқы саяси бағыты мен экономикалық дамуы тұрғысынан ерекше маңызға ие болды. Бұл сапардың мән-маңызы туралы Қытайды зерттеушілер қауымдастығының төрағасы, саясаттанушы Қазбек Майгельдинов жан-жақты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Күнде қуатты жарқыл: Жерде магниттік дауыл болуы мүмкін
Күнде М класты жарқыл болды. Бұл күн белсенділігінің ең қуатты санаттарының бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысында иттер талаған балаға мүгедектік рәсімделіп жатыр
Алматы облысында 10 жасар Максим Головачевті иттер талап, ол бірнеше ауыр операциядан өтті. Қазір бала балдақпен жүреді, көшеге тек анасының қасында ғана шығады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістан облысында 86 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келген
Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудағы заңсыз фактілерді анықтады. 86 отбасының атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып, мемлекетке 17 млн теңге шығын келтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тектілік пен тағзым: Аула сыпырушы атаның әрекеті көпшілікті сүйсіндірді
Астанада аула сыпырып жүрген қария Әнұран әуені ойнаған сәтте бар шаруасын ысырып тастап, гимнды тік тұрып шырқады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Соғыс министрлігі, Ауғанстандағы жер сілкінісі және Конор Макгрегор – президент
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Қарағанды облысының өнеркәсібіне 1,6 трлн теңге инвестиция тартылады
Қарағанды облысында Президент Жолдауында айқындалған басымдықтар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Өңір өнеркәсіп саласында тұрақты өсім көрсетіп, экономиканың әртараптануын күшейтіп, кәсіпорындарды жаңғырту мен жаңа өндірістерді ашуға қомақты инвестициялар тартуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сауалнама: Қазақстандықтардың 75,9%-ы елдің даму бағытын оң бағалады
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты биыл 11 шілде мен 12 тамыз аралығында халық арасында сауалнама жүргізді. Іріктеу жиынтығының көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға еліміздің 17 облысынан және республикалық маңызы бар – Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы әуежайында атом бомбасы туралы қалжың айтқан шетелдік жазаланды
Алматы әуежайында Өзбекстаннан келген 18 жастағы жолаушы сәтсіз қалжыңдап, айыппұлға тартылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент Жолдауы: Білім саласы қалай жаңғыртылып, ғылыми әлеует қалай дамып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында стратегиялық міндет қойды – адами капиталға жүйелі инвестициялар арқылы Әділетті Қазақстан құру. Бұл тапсырма Үкімет атқарып жатқан кешенді жұмыстың негізіне айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов: 8 трлн теңгеден асатын маңызы аз шығындар бюджеттен алынып тасталды
AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет маңызы аз шығындарды қысқарту және бюджетті оңтайландыру жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскерге шақырылған сарбаздардың алғашқы легі шекара қызметіне кетті
Елордада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына күзгі әскерге шақырылушылардың бірінші легін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда нәресте өлімі 22,7%-ға төмендеді
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 3%-ға, ал нәресте өлімі 22,7%-ға азайды.
-
Трамп жақын уақытта Путинмен сөйлесетінін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен жақын арада телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтты.
-
Қазақстан индустриясы қарқын алуда: өнеркәсіп өндірісі 6,9%-ға өсті
Премьер-министр Олжас Бектенов өнеркәсіп өндірісінің индексі 6,9%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 6,1%-ға артқанын мәлімдеді.
-
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 5 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.
-
Экономиканың өсуін ынталандыратын шығыстар артады – Премьер-министр
"AMANAT" партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және алдағы үш жылдық республикалық бюджет жобасын Парламентке енгізгенін мәлімдеді.
-
Бестеректегі апат: Астанаға жеткізілген екі бала ауруханадан шығарылды
Абай облысының Үржар ауданында болған жол апатынан зардап шеккен екі баланың өміріне қазір ешқандай қауіп жоқ.
-
Трамп Пентагонның атын "Соғыс министрлігі" деп өзгертпек
АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонның атауын "Соғыс министрлігі" деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қояды.
-
Ауыл шаруашылығы санағы: 10 жылдық үзілістен кейінгі қорытындылар қандай?
1 тамызда Ауыл шаруашылығы санағы басталған болатын. Санақтың онлайн кезеңі қалай өтті, қандай деректер алынды және қандай қорытынды жасауға болады? Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы департамент директорының орынбасары Нұржан Сәрсенбаевтан сұрадық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бетті жабатын киімге тыйым салу: полиция заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
2025 жылғы 12 шілдеден бастап қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және жеке тұлғаны сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енді.
-
"Ниет білдірушілер коалициясы": 26 ел бітімнен кейін Украинаға әскер жіберуге дайын
Парижде өткен "ниет білдірушілер коалициясы" саммитінде 26 мемлекет соғыстан кейін Украинаға әскери контингент орналастыруға дайын екенін мәлімдеді.
-
Астанада футбол жанкүйерлері матчтан кейін тазалық акциясын өткізді
Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстан – Уэльс ойынынан кейін жанкүйерлер «Астана-Арена» стадионында ерекше экологиялық акция ұйымдастырды.
-
Конор Макгрегор Ирландия президенттігіне кандидатурасын ұсынды
Танымал ирландиялық спортшы, UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор 2025 жылғы президенттік сайлауға қатысуға ниетті екенін мәлімдеді.
-
Ауғанстандағы жер сілкінісі: құрбандар саны 2200-ден асты
Ауғанстанның шығысында 31 тамыз күні болған 6,0 баллдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2200-ден асты.
-
Астанада Тарас Шевченкоға арналған көрме ашылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Тарас Шевченкоға арналған «Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы» атты көрме ашылды.
-
Forbes: Эрик Трамп криптовалютаның арқасында миллиардер атанды
АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлы Эрик Трамп American Bitcoin криптовалюта компаниясындағы үлесінің қымбаттауына байланысты миллиардер атанды.
-
Израиль Макронға елге кіруге тыйым салды
Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Франция президенті Эммануэль Макронның елге сапарына рұқсат бермеді.
Наверх