Все новости за 26 тамыз 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қазақстан–Иордания: жаңа дәуірдегі аймақаралық серіктестік
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан Иордания королінің сапары екі ел арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтермек. Шығыстанушы-арабтанушы Жанат Момынқұлов бұл серіктестіктің стратегиялық маңызына тоқталып, алдағы сапардың екі ел үшін ғана емес, тұтас аймақаралық байланыстар үшін де маңызды қадам болатынын атап өтті.
-
Степногорск ЖЭО-дағы оқыс оқиға: бір жұмысшы қайтыс болды
Ақмола облысында жылу электр орталығы аумағындағы жазатайым оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Құлсарыда баланы зорлап өлтіріп, денесін суға ағызып жіберген: іс сотқа түсті
Құлсары қаласында қыз баланы зорлап, артынан өлтіріп кетуге қатысты іс сотқа түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
-
Бұршақ, аптап ыстық: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" синоптиктері сәрсенбі, 27 тамызға жасалған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, жел күшейіп, күн күркірейді, соған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Мұқият болыңыздар!" ҚазАвтоЖол мотоцикл жүргізушілеріне үндеу жасады
Жазғы маусымда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында мотоцикл жүргізушілерінің қатары айтарлықтай артып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.
-
"Алтын адам" анимациялық фильмі Иорданияда көрермен көзайымы жүлдесін жеңіп алды
Қазақстандық "Алтын адам" анимациялық фильмі Иорданияда өткен IV Халықаралық балалар кинофестивалінде көрермен көзайымы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан жасөспірімдер командасы Азия чемпионатында жаңа рекорд орнатты
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында рекорд тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қазақстанмен мақтанамын": Отандық өнер және спорт жұлдыздары жаңа челленджге үн қосты
Әлеуметтік желіде бастау алған «QAZAQSTAN» челленджіне қатысушылардың саны күннен күнге артып жатыр. Олардың қатарын танымал өнер және спорт жұлдыздары, сондай-ақ белсенді жастар толықтырды.
-
Таксистпен жанжал: Әйел терезені сыра бөтелкесімен сындырған
Шымкентте таксистпен жанжалдасып қалған әйел автокөлікті сыра бөтелкесімен сындырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға келді
Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Интернеттегі ойындар: Балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарды интернеттегі ойындардан балаларға төнетін мүмкін қауіптер туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Министр ұстаздар мәселесі бойынша әкімдіктерге ескерту айтты
“Педагог мәртебесі туралы” жиналыста Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әкімдіктер педагогтердің кәсіби құқықтарының толық қорғалуын қамтамасыз етулері қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалімді балағаттап, жұмысқа жеккендер қалай жазаланады?
Педагогтердің құқығын қорғау Еңбек кодексі, “Педагог мәртебесі туралы” және “Білім туралы” заңдармен, сондай-ақ өзге де нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаменті директоры Гүлден Ақытаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақша жинап, жұмыстан шығару: Мұғалімдердің құқығы қалай бұзылып жүр?
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров “Педагог мәртебесі туралы” жиналыста мұғалімдерді міндетіне жатпайтын жұмыстарға тарту фактілері әлі де бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалімнің мәртебесін елемейтін облыстар анықталды
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров “Педагог мәртебесі туралы” жиналыста мұғалімнің мәртебесін бұзып жүрген өңірлерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ерекше баланың анасы: Арбамен жүретін балаларға мектеп пен автобус қолжетімсіз
Астанада өткен баспасөз конференциясында «SPINA BIFIDA» қоғамдық қорының жетекшісі Арайлым Құмаржанова елімізде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инфрақұрылымның сын көтермейтінін ашық айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ата-анасы білмеген: Қарағандыда 1 жасар баланың ішінен 22 магнит шықты
Қарағандыда дәрігерлер 1 жарым жасар баланың ішінен 22 магнит алып шықты. Бұл туралы Балалар хирургиясы орталығының жетекшісі, балалар хирургы Бейбіт Серғалиұлы Бердібеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ-тәжік қатынастары парламентаралық байланыстар арқылы нығаймақ
Мемлекет басшысы Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
“Жағдай жасалмаған”: Маман директорлардың баланы мектепке қабылдамауға құқығы жоқ екенін айтты
Қоғамдық қор «Ана құшағының» жетекшісі Алтынай Жолдабекова ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау мәселесін көтеріп, ата-аналарды белсенді болуға шақырды. Ол бұл туралы Қазақстан Халық партиясының бастамасымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды, соның ішінде аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларды қолдау және қорғау жөніндегі республикалық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жоқ ағаштарды кесуге 150 млн теңге бөлу: Семейде заңсыздықтың жолы кесілді
Абай облысында прокуратура жоқ 40 метрлік ағаштарды кесуге арналған 150 млн теңгелік конкурсты жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қауіпті паразит: Етке қонған шыбыннан дерт тарады
АҚШ-та алғаш рет адамның «ет шыбыны» (Cochliomyia hominivorax) дернәсілдерімен зақымдану жағдайы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Берденовтің отставкаға кеткені туралы хабар жалған болып шықты
Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады. Алайда әкімдіктің баспасөз қызметі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы әуежайында өзін өртеген адамға қатысты жаңа деректер жарияланды
Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп, аман қалған еді. Қазір ол ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Осы уақытта желіде оқиға орнындағы бейнебақылау камераларына түскен бейнелер тарай бастады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Астаналықтарды кәсіпке үйретпек болған бизнес-тренер сотталды
Астанада өзін бизнес-тренер ретінде таныстырған алаяқ Instagram арқылы азаматтарды алдап, 50 млн теңгеден астам қаржы жымқырды. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұнайды шетелге шығара бермей, елімізде өңдеу керек – экономист
BAQ.KZ-тың “15 минуттық экономика” жобасында экономист Айбар Олжай Қазақстан мұнай экспортына байланысты ең ұтымды жол оны өз елімізде өндіру екенін атады.
-
Астанада адасқан бес бала табылды
Ұлттық ұлан сарбаздары адасқан бес баланы тауып, ата-анасына табыстады.
-
"Таза Қазақстан" бастамасына 10 миллионнан астам адам қосылды
Қазақстанда іске асырылып келе жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасына бүгінге дейін 10,4 миллионнан астам адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Заңсыз қоқыс үйінділері азайып келеді – министрлік
Экология және табиғи ресурстар министрлігі заңсыз полигондардың алдын алу, анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде соңғы жылдары елдегі заңсыз қоқыс үйінділерінің саны азайып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
eGov mobile: алаяқтық пен зорлық-зомбылықтан қорғау тетіктері қолжетімді болды
Құқықтық көмек бір ғана басу арқылы: eGov mobile мобильді қосымшасында және GOV.KZ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша ұсыныстар іске асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Қытай елшісін қабылдады: ШЫҰ саммитіне дайындық талқыланды
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда "әлеуметтік" мазутты жеткізу кестесі бекітілді
Қазақстанда "әлеуметтік" мазутты жеткізу кестесі бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қонақта жүрген": Қарағандыда 10 жасар қыз терезеден құлап, ауруханаға түсті
Қарағандыда 2015 жылы туған қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жылыту маусымы: Қазақстанға 7,7 млн тонна көмір қажет
Алдағы жылыту маусымы үшін Қазақстанға 7,7 млн тонна көмір қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1 қыркүйектен бастап шетелдік жұмысшыларға қатысты өзгеріс болады
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңартылған тетіктері қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Семей мен Өскеменде ЖЭО салу мәселесі келесі айда шешіледі
Қыркүйекте Семей мен Өскеменде ЖЭО құрылысын қаржыландыру туралы шешім қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы жылу электр орталығы газға қашан көшеді?
Алматыдағы жылу электр орталығын газға ауыстыру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда көмір қымбаттай ма?
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында алдағы уақытта көмір бағасының, соның ішінде әлеуметтік көмірдің қымбаттау ықтималдылығына қатысты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жылыту маусымы: Елде 323 шақырымнан астам жылу желісі жөнделеді
Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов алдағы жылыту маусымына дайындық туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қытайға мұнай сату Қазақстанға тиімсіз – сарапшы себебін түсіндірді
BAQ.KZ редакциясының "15 минуттық экономика" жобасында экономист Айбар Олжай Қазақстан үшін Қытайға мұнай сату Еуропа елдеріне сатқанмен салыстырғанда неліктен тиімсіз екенін түсіндірді.
-
"Әкімдердің жоспарлауы нашар": Бектенов жылыту маусымына дайындықты сынады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жылыту маусымы қарсаңында энергетика мен коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеу мен жаңартуды бақылауды күшейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов бюджет шығындарын қатаң бақылауды тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу үшін бюджетті қатаң бақылауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет 3 жылға арналған бюджет жобасын мақұлдады
Үкімет отырысында "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үржардағы апат: Қыз бала әлі комада жатыр
Абай облысындағы жол апатынан кейін қыз бала әлі де аса ауыр жағдайда жатыр, ал тағы екі зардап шеккен бала Астанада тұрақты жағдайда ем қабылдауда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Трамптың ФРЖ-ға қысымы, Еуропадағы жаңа сын-қатерлер және Шығыс одағы
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәуліктегі әлем жаңалықтарына шолу ұсынады: Трамптың ФРЖ-ға қысымы, орталық банктердің алаңдаушылығы, Еуропаның цифрлық тәуелсіздік ізденісі, геосаяси шиеленістер мен Қытай-Ресей-Иран-Солтүстік Корея ынтымақтастығы.
-
Қазаннан бастап кімдер медициналық маска тағып жүруге міндеттеледі?
Елдің бас санитар дәрігері жаңа қаулығы қол қойды. Құжат тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының таралмауына бағытталған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодар облысы өзін-өзі 2028 жылы қамтамасыз етеді
2028 жылы Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық қордың таза валюталық активтері 68,6 млрд долларға дейін өседі
Алдағы үш жылда Қазақстанда Ұлттық қордың таза валюталық активтері өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда алдағы үш жылда ЖІӨ 229,8 трлн теңгеге дейін өседі
2028 жылы Қазақстандағы жалпы ішкі өнім айтарлықтай өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет Қазақстандағы инфляция болжамын жариялады
Үкімет Қазақстанда алдағы үш жылда инфляция қандай деңгейде болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Арнайы жәрдемақыны кім алады және ол не үшін тағайындалады
Мемлекет алдындағы айрықша еңбегі бар азаматтарға немесе төтенше оқиғалардың салдарынан зардап шеккендерге қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
«Silk Way Star» ШЫҰ елдерін біріктіреді: Бейжіңде халықаралық жоба басталды
25 тамызда Бейжіңде ШЫҰ-ның гуманитарлық алмасу-2025 бойынша «Үйлесімділік пен бірлік: болашақты бірге жасаймыз» форумы өтті. Форум жұмысына Қазақстан Президенті Телерадиокешені делегациясы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жағдайы ауыр". Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі неге өртегені белгілі болды
25 тамыз күні кешке Алматы халықаралық әуежайының Т-1 терминалында ер адам өзін-өзі өртеген болатын. Оған отбасылық жанжал себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент халыққа биылғы Жолдауын жариялайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Балақайлар мектебі": Қазақстанда 90 мыңға жуық бала мектепалды дайындықтан өтті
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға тең мүмкіндік беру мақсатында "Балақайлар мектебі" атты қысқа мерзімді мектепалды дайындық бағдарламасы ұйымдастырылды.
-
Лондонда карнавал кезінде 420-дан астам адам қамауға алынды
Лондонның Ноттинг Хилл ауданында өткен екі күндік афро-Кариб мәдениетінің дәстүрлі карнавалы кезінде полиция 420-дан астам адамды ұстады.
-
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 26 тамызда Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.
-
Трамп: АҚШ пен Қытай арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік бар
АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасында «әдемі қарым-қатынас» орнатуға сенім білдірді.
-
Жылына қанша рет ақысыз демалысқа шығуға болады?
Қазақстанда Еңбек кодексіне сәйкес, еңбекақы сақталмайтын демалыс (ақысыз демалыс) алуға болады.
-
Түркия мен Иран ядролық келіссөздерді қайта жандандыру мәселесін талқылады
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Джиддада ирандық әріптесі Аббас Аракчимен кездесті. Тараптар Иран мен АҚШ арасындағы тоқтап қалған ядролық келіссөздер процесін сөз етті.
-
Алматыда 35 мың көрерменге арналған жаңа стадион салынады
Алматыда халықаралық талаптарға сай жаңа футбол стадионы салынбақ.
-
Қаза тапқандар бар: Британдық Уайт аралында тікұшақ құлады
Оқиға салдарынан үш адам көз жұмып, тағы бір адам ауруханада ауыр халде жатыр.
-
Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі: адам өмірі – басты құндылық
Еңбек қауіпсіздігі – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтарының өмір сапасын айқындайтын негізгі бағыттардың бірі.
-
Жалпы көлемі – 2,8 млн теңге: Ақмола облысында артық іссапар шығындары әшкереленді
Сонымен қатар, іссапар шығындарын толық өтемеу фактілері анықталды.
-
АҚШ Украинаға қаржы бөлуді тоқтатады – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон енді Украинаға қаржы бөлмейтінін мәлімдеді.
-
БҚО-дағы тапсырыспен кісі өлтіру ісі: айыпталушылар сот залынан босатылды
Бүгін, 25 тамыз күні БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Динара Гильманова атышулы іс бойынша үкімді жариялады.
-
Газадағы ауруханаға жасалған әуе шабуылы: бес журналист қаза тапты
Израильдің Газа секторындағы ауруханаға жасаған әуе шабуылынан қаза тапқан журналистер саны бесеуге жетті.
Наверх