Все новости за 6 желтоқсан 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
"Семей орманы" резерватындағы өрт: IT-бөлімнің бастығы сотталды
Абай облыстық сотында апелляциялық тәртіппен салғырттық бабымен сотталған "Семей Орманы" табиғи резерваты ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
6 желтоқсан күні елорданың коммуналдық қызметтері қаладан 7 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Нассер Әл-Хаджриді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысы Power International Holding компаниясының иелерімен кездесті
Президент Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
СҚО-да тауарлы-сүт фермалары ашылды
Солтүстік Қазақстан облысында екі заманауи тауарлы-сүт фермасы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Елімізде өнеркәсіптік батареялар шығаратын алғашқы зауыт ашылды
Жетісу облысының Талдықорған қаласында толық циклді өнеркәсіптік батареялар шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 800-ден астам объект бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Павлодар облысында 813 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда "Жас десантшы" балалар орталығы ашылды
Бұрын Парашют дайындығы орталығының қарамағында болған клуб үйі күрделі жөндеуден өтіп, «Жас десантшы» балалар орталығы болып ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Түркістан облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Түркістан облысы Сауран ауданының Ораңғай ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды, бұл өртке қарсы қауіпсіздікті арттырудағы маңызды қадам, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев жұмыс сапарымен Қатарға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада жастар үшін ALL in SPORT жүгіру жарысы өтеді
Елорданың Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде желтоқсан айында жастар арасында кедергілермен жүгіру бойынша ALL in SPORT өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Астанада 800-ден астам бала иппотерапиямен оңалтудан өтті
"Арғымақ" ат спорты кешені ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтудың бірегей әдісі-иппотерапияны белсенді дамытуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Қазақстанның бірқатар өңірінде жас волонтерлер форумы өтті
Халықаралық волонтерлер күніне орай, Қазақстанның бірқатар өңірінде Жастар ресурстық орталықтары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырған волонтерлер форумдары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өскемен тұрғынын танысы 10 млн теңгеге алдап кеткен
Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ата-ана ұстазға деген құрметтің үлгісін көрсетуі керек – министр
Ғани Бейсембаев ата-аналар комитетінің өкілдеріне арналған «Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі: ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігі» семинар-тренингіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды жеңді
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыда жаңа жылдық рейдтер басталды
Шараның тағы бір маңызды мақсаты – жеке және заңды тұлғалардың пиротехникалық заттарды сақтау, тасымалдау және сату ережелерінің сақталуын бақылау.
-
Ұлыбритания азаматы Қазақстанға велосипедпен келді
Ұлыбританиялық Аманжол Келлэт Қазақстанға велосипедпен келді,деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ сілтеме жасап.
-
Елімізде "Тәртіпті өзіңнен баста" эстафетасы басталды
ҚМА Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетімен бірлесе отырып, «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты эстафетасын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Chill Guy. Әлем неге иттің бейнесіне қызықты?
Жылдың аяғында күйбең тіршілік пен күнделікті жұмыстан шаршаған адамдарға арналған мем пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда үздік жас химиктер анықталды
Алматыда дәстүрлі “ChemTalent: Химия олимпиадасы” өз мәресіне жетіп, еліміздің ең үздік жас химиктері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елде жаңа кәсіби мерекелер пайда болады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов Маңғыстау облысын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Олжас Бектенов Маңғыстау облысының экономикасын әртараптандыруды күшейту және өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетін ашу жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Қазақстан экономикасы: мұнай бағасы, экспорт және теңгенің тағдыры
Қазақстанның экономикасы әлі де мұнай мен шикізат ресурстарына тәуелді. Мұндай жағдайда ұлттық валюта да жиі құбылады. Теңгені қалай күшейтуіміз керек? Оған қандай факторлар әсер етеді? BAQ.KZ тілшісі сарапшылардың ойын білді.
-
Темекі өнімдерінің контрабандасы экономика мен денсаулыққа қауіп төндіреді – сарапшылар
Астана халықаралық қаржы орталығында XII Халықаралық “Антиконтрафакт” форумының аясында темекі және никотин өнімдерінің контрабандасы мен контрафактісі мәселелері тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қандай көлік жүргізушілеріне 157 280 теңге айыппұл салынады?
жылдамдықты қаншадан асырмау керек
-
Алдағы күндері -28 градус аяз болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда Үлкен Алматы өзені көріктендіріледі
Ұзындығы 5,7 шақырым болатын аумағы 23,4 гектар Үлкен Алматы өзені жағалауын көріктендіру жұмыстары басталады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі
-
Бейбіт күннің батырлары кімдер
Қазақстан Республикасының ІІМ Ұлттық ұланы – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылым. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен азаматтардың бейбіт өмірін қорғау жолында күн сайын ерлік пен адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп жүрген Ұлттық ұлан сарбаздары – бүгіннің нағыз батырлары.
-
Мектептердегі тексеріс. 82 млн теңге айыппұл салынып, 611 адам жауапкершілікке тартылды
Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасы бойынша жекеменшік мектептер өртке қарсы және санитариялық нормаларды сақтау тұрғысынан тексерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Еліміз онлайн қызметтерге қолжетімділік рейтингінде үздік деп танылды
БҰҰ мәліметі бойынша Қазақстан Online Service Index әлемдік рейтингінде үздік 10 мемлекеттің қатарына кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Energyprom.kz сілтеме жасап.
-
Сыйақы, депозиттер. Не нәрсеге көңіл бөлу қажет?
Қазақстандықтар сыйақы мөлшерлемесі тиянақты белгіленген депозиттерді жақсы біледі. Ол тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді. Депозит нарығы дамыған сайын жаңа банктік өнімдер пайда болатыны анық. Міне, солардың бірі – сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы депозиттер. Мұндай депозиттердің бірқатар ерекшеліктері бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды-Балқаш автожолын жөндеу жұмыстары аяқталды
Қарағанды облысында республикалық маңызы бар Қарағанды-Балқаш автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенатта азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне арналған парламенттік тыңдау өтті
Бүгін Сенатта азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне арналған парламенттік тыңдау өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2024 жылы инватакси қызметіне 179 мыңнан астам тапсырыс берілген
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен өткен жылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТЖ министрі отандық өрт сөндіру автотехникасын шығару зауытында болды
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру автотехникасын шығаруға маманданған жетекші отандық зауыттардың біріне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Камералар апаттың алдын алу үшін бе, әлде жазалау үшін керек пе?
Рөлі оң жақтағы көліктерге шектеу қойыла ма?
-
Түркістан облысында 100 ерікті марапатталды
Түркістан облысында 2700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға үлес қосқан 100 ерікті марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Елорда тұрғыны баспаналы болам деп алаяққа жем болды
Алаяқ сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алуға жәрдем берем деп ұсыныс айтып, кейін ақшаны алып, ізін суытқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Франция президенті қызметінен кетпейтінін жария етті
Эмманюэль Макрон президенттік мерзімі аяқталғанша, демек 2027 жылға дейін қызметінен кетпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Оңтүстік Кореяда дауыс беру 7 желтоқсанда өтеді
Оңтүстік Корея парламентінде президентке импичмент жариялау туралы заңға қатысты дауыс беру 7 желтоқсанға Астана уақытымен 15:00-ге белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Барлық мектептегі тамақтану мәзірі қайта қаралу керек – сенатор
Бұл туралы Парламент Сенатында «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауда сенатор Амангелді Төлемісов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
6 млн-ға жуық турист: Елімізде ішкі туристер саны артты
Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 5 млн 973 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Финляндия президентін елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақстанда 2,7 трлн теңгеге азық – түлік өндірілді
Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында "Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі" мәселесіне арналған парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қытай елшісі Қазақстаннан кететін болды
Қытай Халық Республикасының Қазақстан Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтар тұзды көп тұтынады – дәрігерлер дабыл қақты
Тұзды шамадан тыс тұтыну қан қысымын жоғарылатады, жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульт қаупін арттырады.
-
Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен сөйлесті
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыға "бақ қала" мәртебесі қайтарылады – әкім
Мегаполисте 2025 жылға дейін 1,2 млн, ал 2030 жылға дейін шамамен 1,3 млн ағаш отырғызылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі
-
Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті
Мемлекеттік орталық музейінде Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушыларының "Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде" көрмесі ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Бүгін Азия чемпионатында бес қазақ боксшы жүлдеге айқасады
Бүгін, 6 желтоқсанда Таиландтың Чангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ширек финалдық айқастар өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Жиналыс аясында Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда пакетке салынған әйелдің денесі табылды
Алматы-1 вокзалының маңайында пакетте оралған әйелдің мәйіті табылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Зейнетақы жинағын пайдалану: 2025 жылға ең төменгі жеткіліктілік шегі белгіленді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдаланудың 2025 жылға ең төмен жеткіліктілік шегін белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздегі доллардың бағамы қандай
Ұлттық банк 6 желтоқсанға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін Қазақстан Республикасының Прокуратура күні
6 желтоқсан – елімізде прокуратура қызметкерлері күні, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздегі 5 үздік жерасты су орындарын білесіз бе
Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі 5 үздік жерасты су орындарын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Астанада "Ұстаз" фильмінің таныстырылымы өтті
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Астанада "Ұстаз" фильмінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТХКБ дәлізі бойынша Қытайдан литий-ионды батареяларды тасымалдау көзделіп отыр
Биылғы жылдың 5 желтоқсан күні Қытай Халық Республикасы астанасы Бейжің қаласында Қазақстан мен Қытай көлік ведомстволарының басшылары Марат Қарабаев пен Лю Вэй арасында келіссөздер өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конгода белгісіз ауру таралып жатыр
Конгоның Кванго провинциясында белгісіз ауру тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Рекордтық 580 млрд теңге егіншілерді қолдауға бағытталды
Биыл ауыл шаруашылығын жеңілдікті қаржыландыруға рекордтық 580 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
-
ОПЕК+ мұнай өндіру туралы келісімді 2026 жылға дейін ұзартады
Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 57-ші отырысы және ОПЕК+ елдері министрлерінің 38-ші кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
-
АҚШ-та жойқын жер сілкінісі болды
АҚШ-тың Калифорния штатында жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Механикалық көліктер мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу өзгереді
Механикалық көліктер мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу қағидаларына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
-
Қостанайда 1 млн теңге пара алған шенеунік сотталды
"Тобыл-Торғай су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы" РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ақмола облысында шетел азаматтары құтқарылды
Түнде Астанадан Қарағандыға бара жатқан шағын автобус ақаулық себебінен Аршалы ауданындағы ауылдар арасында тоқтауға мәжбүр болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өрт сөндірушілер Жетісуда жарылыстың алдын алды
Жетісу облысының құтқарушылары 2 газ баллонын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Мәжілісте әскери-патриоттық тәрбиенің өзекті мәселелері талқыланды
Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен "Әскери-патриоттық тәрбие: жай күйі және проблемалық мәселелерді шешу жолдары" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Женевада Қазақстанның биологиялық қауіпсіздік бойынша бастамасы пысықталды
Женевадағы БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің ұйымдастыруымен Ұлттар сарайында "Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік: БҚК институционализациялау контекстіндегі прогресс және перспективалар"атты арнайы іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың нәтижесі қандай
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының алты боксшысы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
-
Есірткі таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Ақмола облысының мамандандырылған сотынының үкімімен 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың мүшелері гашиш есірткі затын өткізуді ұйымдастырғаны үшін 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Наверх