Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті

6 Желтоқсан 2024, 10:49
460
Бөлісу:
Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті
PHOTO
Фото: автордан

Мемлекеттік орталық музейінде Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушыларының "Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде" көрмесі ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Экспозицияға майлы кескіндеме, аквакескіндеме және графика негізінде орындалған 32 жұмыс қойылған.

Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті

Балалардың шығармашылығы көрермендерді ертегі мен арман әлеміне саяхат жасап, еркіндік пен тәуелсіздіктің маңызын еске салды. Сондай-ақ ең кішкентай оқушылардың да өнер арқылы өз ойлары мен сезімдерін білдірді.

Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті
Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті

КAU School оқушыларының ерекше еңбегі олардың дарындылығын ғана емес, сонымен қатар тәуелсіздік идеяларын терең түсініп, оны шығармашылық тұрғыда жеткізе алғандарын көрсетеді. Музей мен мектеп арасындағы осындай ынтымақтастық жас буынның мәдени және рухани дамуына үлес қосады, - деді ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Анна Кущенко.

Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті
Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті

Бұл туындылар жас суретшілердің сарқылмас шығармашылық қиялын және әлемді өзіндік қабылдауын көрсетеді. Көрмеге қатысушылардың әрқайсысы жасына қарамастан көркем образдар жасау арқылы өзінің ерекше көзқарасын көрсете білген.

Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті

Сонымен қатар, ашылу салтанатында ҚАУ мектебінің директоры Сабина Сабирдинова оқушыларды алғашқы көрмесімен құттықтады.

Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті

Бұл көрме – біздің оқушыларымыздың таланты мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз олардың Орталық музейде өз шеберліктерін көрсетуіне мүмкіндік бергені үшін музей ұжымына шын жүректен алғыс білдіреміз, - деді ол.

Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті

"Тәуелсіздіктің түстері: біздің балаларымыздың өнерінде" көрмесі 20 желтоқсанға дейін жалғасады.

Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті
Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған көрме өтті

 

Өзгелердің жаңалығы