Бұл туралы Парламент Сенатында «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауда сенатор Амангелді Төлемісов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елімізде мектептерде бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар тегін тамақтанады. Сенатор мектептердегі тамақтану мәселесіне тоқталды.
Мектептерде тамақтану үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Әсіресе, азық-түлік пен тамақ дайындау сапасы мәселесі. Тамақтану рационының әртектілігі мен оны бақылаудың жеткіліксіздігі.
Мектеп оқушылары арасында бірқатар аурудың қаупін арттыруы мүмкін. Сонымен қатар улануға да әкеп жатыр. Мәселен биыл 578 бала мектептегі тегін тамақтан уланған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4 есе артқан. Бұл мәселеге қатысты қандай шаралар қабылданып жатыр? деп сауал жолдады сенатор.
Бұл сауалға Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жауап берді.
Биыл ауланудың бірнеше фактісі болды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктері, жергілікті атқарушы билікпен бірге барлық мектепте мониторингтік тексерістер жүргізілді. Мектептердің 12%-ында 840-ында түрлі заңбұзушылықтар анықталды. 24 лауазымды тұлға түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 акті бойынша прокуратураға материалдар жіберілді. Жалпы қазір тексерістер Кәсіпкерлік кодекстің шеңберінде жүргізіледі яғни балалар орналасқан жерлерде. Өкінішке қарай Кәсіпкерлік кодекстің шеңберінде мектептерді алтында ала ескертіп тексере аламыз. Алдын ала ескерткеннен кейін олар тиісті шараларды істеп қояды. Одан кейін біз депутаттармен бірге жаңа тексеру әдістерін ұсынып жатырмыз. Біріншіден, бұл балалар объектілерін ерекше бақылау объектілеріне енгізу. Екіншіден, ескертусіз, хабарламасыз алдын ала кіріп, тек келесі күні прокуратураға тексеріс туралы құжаттаманы енгізу. Осы жағынан депутаттардан қолдау керек. 2024 жылдан бастап ЮНИСЕФ, Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) бірге Ұлттық қоғамтану академиясымен бірге балалардың тамақтану стандартын қайта қарау жатыр. Сондықтан барлық мектептегі тамақтану мәзірі (меню) қайта қаралып, осы жылдың соңына дейін бекітілуі көзделген,-деді ол.