ТЖ министрі отандық өрт сөндіру автотехникасын шығару зауытында болды

6 Желтоқсан 2024, 14:12
266
Бөлісу:
ТЖ министрі отандық өрт сөндіру автотехникасын шығару зауытында болды
PHOTO
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру автотехникасын шығаруға маманданған жетекші отандық зауыттардың біріне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство басшысы техниканың заманауи үлгілерімен және оны құрастыру үдерісімен танысты. Сонымен қатар кәсіпорын өкілдерімен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

ТЖ министрі отандық өрт сөндіру автотехникасын шығару зауытында болды

Өндірісті оқшаулау және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ТЖ министрі отандық өрт сөндіру автотехникасын шығару зауытында болды

Біздің ынтымақтастығымыз өрт сөндіру бөлімшелері жұмысының тиімділігін арттыруға және ТЖМ техникалық базасын жақсартуға бағытталған. Біз техниканы жаңғырту, мамандарды оқыту және қызмет көрсетуді оңтайландыру мүмкіндіктерін қарастырамыз, - деп министр атап өтті.

ТЖ министрі отандық өрт сөндіру автотехникасын шығару зауытында болды

Сонымен қатар кездесуде бүкіл ел бойынша сервистік орталықтарда жүргізушілерді даярлау және өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету мәселелері қаралды.

ТЖ министрі отандық өрт сөндіру автотехникасын шығару зауытында болды

Бүгінгі кездесу отандық өндірісті дамытудағы және қауіпсіздік жүйесін жетілдірудегі маңызды қадам болды. Бұл ТЖМ қызметінің кез келген төтенше жағдайларға дайындығын жақсартуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы