Эмманюэль Макрон президенттік мерзімі аяқталғанша, демек 2027 жылға дейін қызметінен кетпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Ол бұл жайында халыққа үндеуі кезінде айтты. Сондай-ақ 3 жылдан кейін өтетін сайлауда өз кандидатурасын ұсынбайтынын да жеткізді.
Үндеуде Президент алдағы күндері жаңа премьер-министрдің есімі де белгілі болатынын айтты. Бұған дейін парламенттің төменгі палатасы үкіметке сенімсіздік вотумын жариялап, оны отставкаға жіберген еді. Бұл кейінгі 62 жылда болмаған жағдай.
Саяси күштер арасындағы келіспеушілік келер жылға арналған бюджетті бекіту кезінде басталған. Енді жаңа премьер бірінші кезекте осы мәселемен айналысу керек. Сарапшылар Франция экономикасындағы жағдай күрделі екенін айтады.
Ауқымды реформалар жүргізілмесе, мемлекеттік қарыз келер жылы жалпы ішкі өнімнің 7%-не дейін жетуі мүмкін, – дейді олар.
Осы жағдайға байланысты халықтың президентті қолдауы төмендеп кетті.