Все новости за 4 қыркүйек 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Әлемдегі COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 219,8 миллионнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең әлемде COVID-19 коронавирусымен тіркелгендер саны 219 млн 822 мың 508 болды, деп хабарлады американдық Джонс Хопкинс университеті.
-
Қазақстан бейбітсүйгіш елдер рейтингінде 67-орынды иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында елде экстремизм мен терроризмге байланысты 139 құқықбұзушылық тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19,8% көп, деп хабарлады Informburo.kz басылымы.
-
Вакцинацияға қатысты тағы бір жалған ақпарат тарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Туберкулезге қарсы екпе деген сылтаумен балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр». Ел ішіне тараған бұл ақпараттың жалған екенін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады.
-
АҚШ. 11 қыркүйекке қатысты құпия құжаттар жариялануы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден 3 қыркүйек күні 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған лаңкестік шабуыл жөніндегі құпия құжаттарды жария етуді бұйыратын құжатқа қол қойды.
-
Украинамен тең ойнаған Қазақстан құрамасы финдерге жол берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысындағы төртінші ойында Қазақстан мен Финляндия кездесуі аяқталды.
-
Әкім: Мұнай мен газдың ел экономикасындағы рөлі арта түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мұнай-газ кешені қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Сапарбаев қаладағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралады. Облыс әкімі мердігерге нысанға іргелес аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
-
Өрт сөндіру спортынан Әлем чемпионы. Жеңімпаздар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда «Шахтер» стадионында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты жалғасуда. 9 елдің үздік спортшылары кәсіби спорт түріндегі біріншілік үшін күресуде.
-
Әкімдік Ақсуда аусыл тарады деген ақпаратқа жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Евгеньевка ауылдық аймағында аусыл тарап, малдың қырылып жатқаны туралы ақпарат пайда болды.
-
Түрме ауласына телефон лақтырмақ болған ШҚО тұрғыны ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында түрме аумағына 3 ұялы телефон лақтырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
-
Айгүл Ысқақова: Қазақ радиосы. «Атамекен» редакциясының сырлары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өмір сүру қанша жеңіл болса да, тағдыры ауыр жандар болады. Ғасыр күнделігі айдарының бұл жолғы кейіпкерінің де тағдыры сәби кезінен бастап тартысқа түскен.
-
Байсуфинов: Біз қарсыластың қателігін күтпей, өз стилімізде ойнауға тырысамыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Финляндиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, жергілікті тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сапарбаев қаза тапқан әскери прокурордың отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков және облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровпен бірге Байзақ ауданында жарылыс салдарынан қаза тапқан Оңтүстік округтің әскери прокуроры Арман Қапезовтың отбасына барды.
-
Елордада азаматтық қоғам өкілдері Президент Жолдауын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша онлайн дөңгелек үстел өтті.
-
Ұлттық құрама Паралимпида-2020 ойындарын аяқтады. Қанша медаль алдық?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасы Токиодағы Паралимпиада ойындарын аяқтады.
-
Ресейде тәулігіне 19 мыңға жуық адам инфекция жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясында тәулігіне 19 мыңға жуық инфекция жұқтыру дерегі анықталды.
-
Ұшақта шылым шеккен жасөспірімге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының 18 жастағы тұрғынына ұшақ ішінде темекі шеккені үшін айыппұл салынды.
-
Дәрігер аяқтың ісінуі несімен қауіпті екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Терапевт әрі диетолог Елена Черненко аяқтың бірден ісінуі бүйрек және жүрек-қантамыр жүйесі патологияларының алғашқы белгісі болуы мүмкін екенін айтты.
-
Нұр-Сұлтанда өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмысы жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылыту маусымы қарсаңында Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Алматы аудандық басқармасы жеке тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Кардиохирургия орталығында биыл алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КеАҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда «шулы» көліктер сараптамаға жіберілетін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен түнде Алматы жолдарында резонаторлар мен тікелей ағындарды қолдана отырып, көліктерді заңсыз қайта жабдықтаған 63 заң бұзушы анықталды.
-
Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионаты жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шахтер» стадионында өрт-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVI Әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы VII Әлем чемпионаты аясындағы жарыстар жалғасуда.
-
Алматыда аула аумағын үздік көгалдандыруға байқау жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қала күніне орай «Аула аумағын үздік көгалдандыру - 2021» байқауы жарияланды. Жеңімпазға ауланы көгалдандыруға қажетті құрал-сайман, өсімдіктер сатып алуға 5 млн теңге көлемінде сертификат табысталады.
-
Бүкіл әлемде халықаралық туристер саны 73%-ға азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туризм саласы екінші жыл қатарынан COVID-19 пандемиясынан зардап шегуде. Бұл сала 2020 жылы әуе қатынасы тоқтатылған кезде айтарлықтай шығынға ұшырады. Бұл туралы ВАК хабарлады.
-
ШҚО тауар өндірушілері Нұр-Сұлтанға 300 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін әкелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жәрмеңкеде 300 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағада сатылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Франциялық отбасы үйінен қазына тауып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның Бретани өңірінде тұратын ерлі-зайыпты қазына тауып алған, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Ұлттық статистика бюросы санақ кезінде алаяқтардан абай болуды ескертті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы алаяқтық әрекеттер туралы хабараламалар тарауда. Ондағы мәтінге сәйкес, көйлек киген, қолында папкасы мен куәлігі бар азаматтар өздерін әкімдік қызметкерлеріміз деп таныстырып, халық санағын жүргізіп жүргенін айтуда. Бұл туралы бюроның ресми өкілі Олжас Сайлаубек мәлімдеді.
-
Жолдауда отандық ғылымда қордаланған күрделі мәселелер оң шешімін тапты – Зиябек Қабылдинов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов Мемлекет басшысы Жолдауына қатысты Facebook парақшасында пікір білдірді.
-
Қазақстандық әскери қызметшілер Армия ойындарында екі конкурстың жеңімпазы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армия халықаралық ойындары аяқталуға жақын. Қазақстандық әскери қызметшілер 11 конкурсқа қатысты. Оның 2-уі ел аумағында өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
-
Футболдан Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысындағы төртінші ойынын сырт алаңда Финляндияға қарсы өткізеді.
-
Қасымбек жайылымдық жерлерді суландыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының активі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ел Президенті қойған міндеттердің шешімін талқылады.
-
Өткен тәулікте шетелден 5 715 жолаушы келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 3 қыркүйекте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты.
-
S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 қыркүйек күні S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредит рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты».
-
Елордада көлігінде қару мен оқ-дәрілер табылған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында сағат 22:05-те Баршын көшесінде алдын ала берілген жедел ақпарат бойынша «Toyota» маркалы автокөлігін тоқтатты. Рөлде 32 жастағы ер адам болған.
-
Қазақстандық курорттар миллиардтаған теңге табыс тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың жарты жылында қазақстандық курорттар 22,2 млрд теңге табыс тапты, деп хабарлайды LS.
-
Ярослава Шведова US Open турнирінің 1/8 финалына жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова франциялық Фабрис Мартинмен бірге АҚШ ашық чемпионатының жұптық сынында екінші кезеңге өтті.
-
Тәліптер ауған әйелдерінен жабық киінуді талап етуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанда әйел адамның бүкіл денесін жауып, көз тұсында сығалап көруге болатын тесіктері бар киімді сататын саудагерлер саудасы қызып тұр. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
-
Гүлшара Әбдіқалықова: Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша 11-орынға тұрақтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мұнай-газ кешені қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
-
ТМД елдері ойындары: Балуандар 5 жүлдеге қол жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғаш рет жалауы желбіреген ТМД елдері арасындағы спорт ойындарында боз кілем шеберлері бірнеше салмақта кім мықтыны анықтады. Қазан қаласындағы «Ақ Барыс» жекпе-жек сарайында грек-рим күресі бәсекесінде Қазақстан құрамасының қоржынына бес жүлде түсті.
-
Алматылықтардың 5 млн теңге ұтып алатын мүмкіндіктері бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік астананың тұрғындары қала күніне орай бес миллион теңге (шамамен 12 мың доллар) ұтып ала алады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
-
Атом инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру жоғары білім саласына елеулі серпіліс береді – Нұрмолдин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнады. Осыған орай Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ физика-техникалық факультетінің деканы Ерік Нұрмолдин пікір білдірді.
-
Елде вакцина салғызғандардың қатары артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 4 қыркүйек күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Еліміздің үш өңірі «сары» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Пневмониядан 36 науқас қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 4 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.
-
КВИ-ге шалдыққан 439 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 4 қыркүйектегі ақпаратты жариялады.
-
8 384 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 8 384 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 4830 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 4830 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Сотталушыға «Қазпошта» арқылы есірткі жіберілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы АК-159/18 мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға жасырын есірткі жіберу дерегін анықтады. Ішінде есірткі бар сәлемдеме «Қазпошта» арқылы келген.
-
US Open: Елена Рыбакина төртінші айналымға шыға алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің төртінші айналымына шыға алмады.
-
Қырғызстанда парламент сайлауына 38 партия қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйектің 2-сі күнгі сағат 18:00-дегі нәтиже бойынша Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясына 38 саяси партиясы Жогорку Кенеш (парламент) депутаттарының сайлауына қатысуға ниет білдірген.
-
Даниал Ахметовтің жаңа орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және облыс әкімінің өкімімен ШҚО әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жөніндегі орынбасары болып Нұржан Жұмаділов тағайындалды.
-
Қазақстан қанша елдердің вакцинация паспортын мойындайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов «Халық арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі жүргізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 Қаулыға өзгеріс енгізді.
-
Ақмола облысында 4,5 мың тауық қырылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысындағы құс фабрикасында тауықтар жаппай қырылуда. Қызметкерлердің айтуынша, құстар індеттен емес, аштықтан қырылып жатқан көрінеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
-
Испания нөсер астында қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Билік туристер мен су басқан провинциялардың тұрғындарынан үйден кетпеуін сұрайды.
-
Гүлшара Әбдіқалықова Бақытжан Сайлыбаевтың отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сыр елінің білім-ғылым, ағарту саласын дамытуға сүбелі үлесін қосқан педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Әбдіқалықұлы Сайлыбаевтың дүниеден озуына байланысты отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.
-
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» жеңіліспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатын жеңіліспен бастады.
Наверх