Ақмола облысында 4,5 мың тауық қырылып қалды

4 Қыркүйек 2021, 03:16
1387
Бөлісу:
Ақмола облысында 4,5 мың тауық қырылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысындағы құс фабрикасында тауықтар жаппай қырылуда. Қызметкерлердің айтуынша, құстар індеттен емес, аштықтан қырылып жатқан көрінеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Фабрикада күніне үш мыңға жуық тауық өледі екен.

Тауықтар аштықтан қырылып жатыр. Бұл құстарға көрсетілетін нағыз қатігездік, – дейді жұмысшылар.

Жұмысшылардың өздері де азықсыз қалудан қорқады. Мұндағы жұмысшылардың орташа жалақысы 50 мыңнан аз, бірақ олар бұл ақшаны екі айдан бері қолдарына алмаған.

Жалақымызды бес жылдан бері уақытылы алмаймыз. Ақшаны үнемі сұрауымыз керек. «Күте тұрыңыз, фабрикада жем жеткіліксіз» деген сөздері әрдайым естиміз. Бізге тіпті зейнетақы, медициналық сақтандыру, ештеңе аудармайды, – дейді құс фабрикасының қызметкерлері.

Ірі құс фабрикасы аймақты жұмыртқа мен етпен қамтамасыз етуді әлдеқашан тоқтатқан, дейді телеарна журналисі. Басшылықтың айтуынша, күрделі мәселелер қыста басталды. Құс еті тым қымбаттап, нарыққа бәсекелестер келді. Қазір кәсіпорын банкроттық алдында тұр.

Бастапқыда майлы дақыл, күнжара, күнбағыс майы болмаған. Президент экспортқа тыйым салған кезде, аталғандар бізде пайда болды, бірақ дәл сол кезде олардың бағасы қымбаттады, ал бізде қаражат болмады, – деді «Агро-Инвест» ЖШС басқарушы директоры Асқар Ақылбеков.

Кәсіпорын басшылары тірі қалған құстарды сатылымға шығаруды жоспарлап отыр. Ал сол ақша жұмысшылар алдындағы қарызды өтеу үшін жұмсалмақ. Зауыттың өзі үш айға жабылуға шешім қабылдаған.

Өзгелердің жаңалығы