КВИ-ге шалдыққан 439 пациенттің жағдайы өте ауыр

4 Қыркүйек 2021, 08:35
5204
Бөлісу:
КВИ-ге шалдыққан 439 пациенттің жағдайы өте ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 4 қыркүйектегі ақпаратты жариялады.

4 қыркүйектегі мәлімет бойынша 96 156 адам коронавирус инфекциясынан (88 717 КВИ+ және 7 439 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

21 070 пациент стационарда,

75 086 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 519 адамның жағдайы ауыр,

439 пациенттің жағдайы өте ауыр,

213 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өзгелердің жаңалығы