Алматыда «шулы» көліктер сараптамаға жіберілетін болады

4 Қыркүйек 2021, 16:35
10781
Бөлісу:
Алматыда «шулы» көліктер сараптамаға жіберілетін болады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен түнде Алматы жолдарында резонаторлар мен тікелей ағындарды қолдана отырып, көліктерді заңсыз қайта жабдықтаған 63 заң бұзушы анықталды.

Шулы және жылдам көлік жүргізуді ұнататындарға салынған айыппұл көлемі 1 млн 800 мың теңгені құрады. Айыппұл тұрағына 4 көлік орнатылды, 59 автокөлік иесінен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәркіленді. Ол кемшіліктер жойылғаннан кейін қайтарылады, - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Жыл басынан бері көліктерді заңсыз қайта жабдықтағаны, азаматтардың тыныштығын бұзатын резонаторлар мен тікелей ағындарды қолданғаны үшін екі мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 91 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Айта кету керек, құқық бұзушылар, күркіреген әсер тудыратын түтін шығару жүйесінің ауыстырып-қосқышын мұқият жасырған фактілер де анықталуда.

Мұндай жағдайларда көлік сараптамаға жіберіледі, зерттеуге кеткен шығынның орнын толтыру көлік иесіне жүктеледі, - деп түйіндеді полковник Алмасбеков.

Өзгелердің жаңалығы