Украинамен тең ойнаған Қазақстан құрамасы финдерге жол берді

4 Қыркүйек 2021, 22:12
23628
Бөлісу:
Украинамен тең ойнаған Қазақстан құрамасы финдерге жол берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысындағы төртінші ойында Қазақстан мен Финляндия кездесуі аяқталды.

ҚазАқпараттың мәліметіне қарағанда, бұған дейін құрамалар үш мәрте кездескен. 

Оның біреуінде тең нәтиже тіркелсе, қалған екеуінде қазақстандық футболшылар қарсыластарына есе жіберді. 

Бүгін Финляндия жылдам гол соғуға тырысты. Дегенмен қазақстандық құрама лайықты тойтарыс берді. Кейбір сәттерде олар да шабуыл шебіне шығып, гол соғатын мүмкіндіктерді іздеді. Десе де таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. 

Екінші кезеңде құрамалар бір-бірінің қақпасынан саңылау іздеді. Нәтижесінде финляндиялық Йоэль Похьянпало 60-минутта әуелете келген допты Қазақстан құрамасы қақпасына баспен соғып кетті. Кездесуде Қазақстан аталған қарсыласына 0:1 есебімен жол берді. 

Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Сондай-ақ, бүгін аталған топта Украина мен Франция құрамасы шеберлік байқасады. 

Енді Қазақстан құрамасы 7 қыркүйекте сырт алаңда Босния және Герцоговинамен кездеседі. Қазірге дейін ұлттық құрама үш ойын өткізді. Алғашқысында өз алаңында Франциядан 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін сырт алаңда Украинамен 1:1 есебімен тең түсті. Одан өз алаңында Украинамен 2:2 есебімен тең ойнады.

Өзгелердің жаңалығы