Ұлттық құрама Паралимпида-2020 ойындарын аяқтады. Қанша медаль алдық?

4 Қыркүйек 2021, 18:18
13206
Бөлісу:
Ұлттық құрама Паралимпида-2020 ойындарын аяқтады. Қанша медаль алдық?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасы Токиодағы Паралимпиада ойындарын аяқтады.

Таэквондошы Нышан Өмірали Паралимпиадада соңғы болып өнер көрсеткен болатын. Ол 75 келіден жоғары салмақта мексикалық Франциско Педросадамен күресіп, жартылай финалда жеңілді. 

Осылайша қазақстандық медаль үшін күресті тәмамдады.

Паралимпиада-2020 негізінен 5 қыркүйекте аяқталады, бірақ отандық спортшылар жарыстың соңғы күні өнер көрсетпейді деп жоспарланған.

Токиодағы Паралимпиада жарысында Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды: пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина күмісті, ал жүзуден Нұрдәулет Жұмағали қоланы жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы