Все новости за 23 маусым 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақтөбеде бірінші сыныпқа қабылдау кейінге шегерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында мектепке қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Ақтөбе облысының білім басқармасы хабарлады.
-
Мария Агапованың келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық Мария Агапова 13 маусымда UFC on ESPN 10 турнирінде жеңіске жеткен соң америкалық Шэн Добсонды жекпе-жекке шақырған болатын.
-
Қостанай зауыты жылына 700 тракторға дейін шығарады
Бүгінде елімізде 153 мың трактор мен 42 мың бірлік комбайн тіркелген
-
Ұлттық сараптама орталығы 5 қалада коронавирусқа тестілеу жүргізбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ұлттық сараптама орталығы" АҚ еліміздің 5 қаласында коронавирусқа ПТР тестілеу жүргізуді уақытша тоқтатады, деп хабарлады орталықтың ресми сайты.
-
СҚО тұрғындары полицейлерге құттықтау жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесінде құқық қорғау қызметкерлеріне жылы лебіздер білдірген бейне құттықтаулар келіп түсті, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен 7 науқас қайтыс болды, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
-
Қазақстанда 294 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 294 адам коронавирус індетінен жазылып шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
-
Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
-
Коронавирус: Маңғыстауда мобильдік топ құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтаудағы медициналық орталықтың бас дәрігері Алтынгүл Көптілеуова мәлімдеді.
-
Спортшылар Олимпиада күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 маусым спортшылар, әсіресе, Олимпиадашылар үшін ерекше күн. Себебі, 1984 жылдың 23 маусымынан бастап бұл күні бүкіләлем халықаралық Олимпиада күнін атап өтуде.
-
БҚО-дағы шекарада санитарлық бекет ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысындағы шекара қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Карантин біткенімен шектеу шаралары жалғасуда. Шекарадан өтуге тек жүк көліктеріне ғана рұқсат берілген.
-
ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов берген өтінішіне сәйкес ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан Әскери-әуе күштері жауынгерлік тікұшақтармен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштерде жүргізіліп жатқан қайта жарақтандыру аясында су жаңа төрт Ми-35М көпфункционалды тікұшағы еліміздің батысындағы Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің авиациялық базасына келді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
-
ШҚО полицейлері ерекше концерт дайындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылғанына 10 жыл толған Шығыс Қазақстан Полиция департаменті хорының шығармашылық тобы гала-концерт өткізді, деп хабаралады altaynews.kz.
-
Қарағандыда "Есте сақтаймыз" көрме-байқауы ашылды
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Есте сақтаймыз" атты көрме-байқау ашылды. Бұл мұражай мен облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бірлескен әлеуметтік шарасы.
-
Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартуды жалғастырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі "Экспорттық көлемдерге пропорционалды орта, ірі және алып кен орындары үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлады Энергетика министрлігінің ресми сайты.
-
Тәуекелге барудың қажеті жоқ! – ҰБТ-да 110 балл жинаған талапкер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сұрақтардың қалай құрастырылатыны маңызды емес, егер белгілі бір тақырып бойынша материалды мұқият оқысаңыз, сұрақтарға сенімді жауап беруге болады, деп есептейді биылғы оқу жылының түлегі Ирина Спивакова.
-
Жамбылда 220 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қарасора-2020" жедел алдын алу іс-шарасы барысында 220 келіден астам түрлі есірткі заттары анықталды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
-
Шымкентте "Халық алғысы" медалі табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 10 адам "Халық алғысы" медаліне лайық деп танылды. Ондықтың қатарында полицейлер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен еріктілер бар.
-
Атыраулық полицейлер: Біз ерлік жасаған жоқпыз, бұл борышымыз
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраулық полицейлер Қуандық Сүйіндіков пен Тимур Балмағанбетов бүгінгі күннің қаһармандары. Олар Жайық өзеніне батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалған еді.
-
Шымкент: Карантин шаралары күшейтілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қаладағы инфекциялық аурулардың таралуы жөнінде БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді.
-
Тәртіпті бұзбау, ол заңнан қорқу емес, әр адамның адамгершілік қасиеті – полицей
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың екінші ақпанында Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы Марат Нұрымбетов суға батып бара жатқан 12 жасар баланы құтқарып қалған болатын. Осыған орай полиция капитанына биыл өзінің кәсіби төл мерекесінде "Ерлігі үшін" медалі берілгелі жатыр. Ерліктің үлкен, кішісі болмайды. Бастысы, полиция адам өмірін сақтап қалды.
-
Қызылордада тұрғын үй өртеніп, 10 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт кезінде 7 адам эвакуацияланып, 10 адам құтқарылды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Маңғыстауда 40 градусқа дейін күн ысиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері екі облыста дауылды ескерту жасады.
-
Әр ата-ана балаларына үлгі болуы тиіс – учаскелік инспектор
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы ювеналды полиция бөлімшесі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, құқық бұзушылықпен белсенді күресуде. Осы салада 2004 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан аға учаскелік инспектор Айжан Көшкенова өз жұмысының қыр-сырымен бөлісті.
-
Жемқорлық туралы хабарлау: 5 айда 14 млн теңге сыйақы берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы 5 айда 14 млн теңге сыйақы берілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаров "Аntikor live" алаңында айтты.
-
Трамп Тоқаевты құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптың атынан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Алматыда бірнеше коронавирустық зертхана істен шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда жаңадан ашылған модульдік орталықтағы коронавирустық аппараттың істемей тұрғаны анықталды.
-
Жемқорлық туралы хабарлаған азамат тағдырына алаңдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Данияр Бигайдаров "antikor live" алаңында айтты.
-
Пойыз билеті арзандады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ барлық коммерциялық "Talgo" пойыздарына 35 % дейін жеңілдік тағайындалғанын хабарлады.
-
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматқа қанша сыйақы беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Данияр Бигайдаров "antikor live" алаңында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматқа қанша сыйақы берілетінін айтты.
-
Алматыда жалпы коронавирустан 20 адам қайтыс болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында эпидемия басталғаннан бері 20 адам қайтыс болған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.
-
Екі күнде 230 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Екі күнде 230 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты.
-
Зеренді ауылының дәрігерлері Байбекке онлайн-режимде өтініш жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасының тапсырмасымен Nur Otan азаматтардың көкейкесті мәселелерін жедел шешуді, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы реттеуді күшейтті. Бұл туралы билеуші партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі өз парақшасында жазды.
-
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты 11 жылға соттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қырғызстанның Кабар арнасы хабарлады.
-
Мұндай қолдау полиция қызметкерлеріне қиын кезеңді жеңіп шығуға жігер береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумында Петропавл қаласының учаскелік полиция инспекторы Станислав Олефиренко құқық қорғау органдары қызметкерлерінің коронавируспен күресте бір кісідей жұмылып қызмет етіп жүргенін айтты.
-
Биыл ешкім қажылыққа бармайтын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл қазақстандықтар қажылыққа бара алмайтынын мәлімдеді.
-
Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
-
62 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 62 адам коронавирус індетінен жазылып шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
-
Қазақстан полициясы: Мақсат пен мүдде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 23 маусым – Қазақстан полициясы күні.1992 жылғы 23 маусымда "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Заң қабылданды. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы 5 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен 23 маусымды "Полиция күні" деп бекітті. Осы уақыттан бастап бұл күн мерекеленіп келеді.
-
Шығыс Қазақстанда алқаптар отқа оранды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулік ішінде Шығыс Қазақстан облысының 4 учаскесінде жалпы алаңы 103 га аумақтағы құрғақ шөп жанып кетті, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті.
-
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарласаңыз сыйақы аласыз
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бес миллион теңгеге пара-пар сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған адамға 500 мың теңге сыйақы беріледі.
-
Әрбір жазылған адамды Covid-19 антиденесіне қан тапсыруға шақырамын – Камалжан Надыров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирусы бар ауыр науқастарды емдеу үшін қолданылатын плазманы тапсырды.
-
Қаза болған қазақстандық жауынгерлерді Норвегияда еске алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегиялық Лиллехаммер қаласы өңіріндегі Йорстадмоен әскери зиратында кеңес жауынгерінің монументіне гүл шоқтарын қою ресми шарасы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
-
Қиыршық тасты заңсыз өндіргендер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында қиыршық тасты заңсыз өндіруге қатысты 4 дерек анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Коронавируспен күресу - әрбір адамның борышына айналуы керек – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумында "Халық алғысы" медалімен марапатталған Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Тимур Лесбеков пандемиямен күресте дәрігерлердің еңбегі жеткіліксіз екенін айтты.
-
Пандемиямен күрес. Түрлі саланың 343 маманы марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және пандемиямен күресте елеулі еңбек етіп, жемісті жұмыс істегені үшін республика бойынша түрлі саланың 343 маманы "Халық алғысы" медалімен марапатталды.
-
Тоқаевтың "BIZ BIRGEMIZ" жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "BIZ BIRGEMIZ" жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
-
Министр елорданың сол жағалауын жарықсыз қалдырған Көлгінов басқаратын әкімдікті сынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев былтыр елорданың сол жағалауы жарықсыз қалған апаттың салдарын жою мәселесін үнемі бақылауда екенін айтты.
-
Үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады.
-
Бизнестің жол картасы: кеше мен бүгін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2010 жылы "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаттары – өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты әрі теңгерілімді өсімін қамтамасыз ету, қазіргі және жаңадан құрылатын жұмыс орындарына қолдау көрсету. Бағдарлама аясында шағын және орта бизнес айтарлықтай қолдау тапты. Мемлекеттік бағдарламаның кешегісі мен бүгініне шолу жасауға тырыстық.
-
Президент: Коронавируспен күрескен азаматтардың ерлігіне ескерткіш қою керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.
-
Ерлан Тұрғымбаев әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Төтенше жағдай алынғаннан кейін еркінсіп кеттік – мемлекет басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында.
-
Президент: Тұрақтылық пен тыныштық – полицияның мінсіз қызметіне байланысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында құқық қорғау органдарының еңбегін ерекше атап өтті.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында эпидемиямен күрестегі ең негізгі салмақ медицина қызметкерлеріне түскенін айтты.
-
Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
-
Президент: Biz Birgemiz. Бұл – біздің қоғамның жаңа ұраны
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында коронавирус індетін жеңу – әрбір азаматтың өз қолында екенін айтты.
-
Дүрбелең болған жоқ: Атамқұлов көмірге байланысты жағдайды баяндады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов алдағы жылыту маусымына дайындық барысын баяндады.
-
Өзіме сенімді болдым: ҰБТ-да 138 балл жинаған Абзал Әбдіманап түлектерге кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰБТ-2020-ның алғашқы күні ең жоғары балды Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Абзал Әбдіманап жинады.
-
Коронавирус диагнозы қойылды дегенде шошымау керек – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еліміздің жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Динагүл Баешева Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
-
Сағынтаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтардың басты талабы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін атап өтті.
-
Президент мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
-
Полиция полковнигі: Сақшыға қойылатын негізгі талап – халықтың сеніміне ие болу
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін – Қазақстан полициясы күні. Құрылғанына биыл 28 жыл толып отыр. ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Тактикалық арнайы даярлық кафедрасының бастығы Александр Сметановскийдің де ішкі істер органында қызмет істеп келе жатқанына биыл 28 жыл. Осы орайда тәжірибеге бай маманды төл мерекесімен құттықтап, аз-кем әңгімеге тартқан едік.
-
Кемшіліктер мен ескертулерді жою керек: Мамин әкімдерге жаңа тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге алдағы жылыту маусымына байланысты тапсырмалар берді.
-
"Парламент сөзі" сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығының қорытындысын жариялап, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздарын анықтады.
-
Әбілқасымова бизнесті қолдаудың қосымша шаралары туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова онлайн өткен Үкімет отырысында бизнесті қолдаудың қосымша шаралары туралы айтып берді.
-
ПТР-тестті өтуі керек адамдар ғана тапсыруы қажет – бас санитар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі ПТР-тесттерге қатысты пікір білдірді.
-
Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
-
Заңнамалық бастамалардың 8-топтамасы бизнеске не береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин онлайн өткен Үкімет отырысында заңнамалық бастамалардың 8-топтамасы бизнеске не беретінін айтты.
-
Сағынтаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 маусымда мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.
-
Сегіз өңірде сырқаттану деңгейі 6 есеге өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.
-
Шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа шаралары қандай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа шаралары қандай болатынын айтып берді.
-
Мемлекет несие мөлшерінің 85%-на дейін кепілдік береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет несие мөлшерінің 85%-на дейін кепілдік береді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында айтты.
-
БЖК-2025: Салалық шектеулер алынып тасталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен үкімет отырысында мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін несиелер туралы айтып берді.
-
Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа күн тәртібі әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа күн тәртібі әзірленеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында айтты.
-
КВИ-мен ауыратын науқастарға пульмопровизорлық госпиталь ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда COVID-19 науқастарына арналған 250 төсектік пульмопровизорлық госпиталь ашылады.
-
Шымкент қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 маусымда еліміздің тек бір ғана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Сейсенбі, 23 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 23 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Коронавирус белгісі жоқ тағы 816 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 816 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Елімізде өткен тәулікте тағы 499 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикада өткен тәулікте 499 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
Түркістан облысында үш күнде жол ережесін 4 мыңға жуық жүргізуші бұзған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол ережесін бұзу жайттары үш күндік "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
-
Сицилия жағалауында 200-ден астам мигрант құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Сицилия аралына жақын жерден 200-ден астам мигрант құтқарылды. Олардың арасында 62 бала бар, деп хабарлайды 24.kz.
-
Элизабет Тұрсынбаева олимпиадалық жаттығу өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық атлет Элизабет Тұрсынбаева Халықаралық Олимпиадалық комитеттің ресми инстаграм парақшасында жаттығу көрсетеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Павлодарда Абайдың 175 жылдығына орай онлайн марафон жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында Абайдың 175 жылдығына орай онлайн марафон жарияланды. Марафонға қатысушылар 40 күнде 175 шақырым жүгіріп өтуі тиіс, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
13 өңірде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде коронавирус жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі қайта қысқарды. Бұл туралы Орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Павлодарлық ғалымдар иммунитет қалыптастырушы өсімдіктер өсіруде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар ғалымдары иммунитет қалыптастырушы өсімдіктер өсіруде.Биотехнологтар сирек кездесетін өсімдіктерді зертханада өсіруде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Аралда 604 жаңа жұмыс орны ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арал ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының аясында 604 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл жұмыс көздері бағдарлама бойынша бекітілген 16 жоба бойынша іске аспақ.
-
Астанада виртуалды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада 29 маусым мен 3 шілде аралығында виртуалды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.
-
Ақтөбеде 230 студент облыс әкімінің стипендиясына ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде облыс әкімінің стипендиясын тағайындау шарасы өтті. 230 студент аймақ басшысының атаулы шәкіртақысына ие болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Зайсанда минералды су шығаратын зауыт құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округінде "ARNNA MINERALS" ЖШС минералды ауызсу шығаратын зауыт құрылысын бастады. Бұл туралы Аltaynews.kz хабарлады.
Наверх