Қаза болған қазақстандық жауынгерлерді Норвегияда еске алды

23 Маусым 2020, 14:05
1870
Бөлісу:
Қаза болған қазақстандық жауынгерлерді Норвегияда еске алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегиялық Лиллехаммер қаласының өңіріндегі Йорстадмоен әскери зиратында кеңес жауынгерінің монументіне гүл шоқтарын қою ресми шарасы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.


Рәсімге Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов, Лиллехаммер қаласының мэрі Ингун Тросхолмен, Норвегия Стортинг (Парламент) депутаты Аасруд Ригмор, норвегиялық қарулы күштері Йорстадмоен әскери базасының қолбасшысы Силье Нитхун, Олимпиаданың қазақстандық тұңғыш чемпионы Владимир Смирнов, хоккейші - Норвегия чемпионы Ескендір Нұғыманов және басқа да танымал тұлғалар қатысты.

Осы жылдың басында Қазақстан Елшілігі 1941-1945 жылдары Норвегия аумағында жерленген 44 қазақстандық жауынгердің есімдерін анықтаған болатын. Бес жауынгер Лиллехаммер өңіріндегі Йорстадмоен ауылының зиратында жатыр: Антонов Василий Ильич (1916-1942 ж ж., Алматы облысы Талғар қаласының тумасы), Петр Вениаминович Вяткин (1916-1944 ж ж., Алматы қаласының тумасы), Федор Александрович Еремин (1923-1944 жж., Орал қаласының тумасы), Иван Яковлевич Кочерженко (1902-1944 ж ж., Алматы облысы Сырөзек ауылының тумасы), Андрей Васильевич Лосс (1908-1942 ж ж., Қостанай облысы Қаракөл ауылының тумасы).

мэр.jpg

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияланған Норвегиядағы концлагерлерде 100 мыңға жуық кеңестік әскери тұтқын болған. Олардың 15,5 мыңның шамасында қамауда қаза тапта. Оккупациялық билік қайтыс болған тұтқындардың көбісін лагерлердің өңірінде жерлей берген.

1942 жылдың сәуірінен 1945 жылдың мамырына дейін Йорстадмоенда 954 қайтыс болған тұтқын жерленген. Марқұмдардың көбісі кеңестік әскери тұтқындары болатын.
75 жылдан бері бізге алыс Норвегиядағы аты-жөнін жуырда анықтап алған жерлестерімізге алғашқы рет бас июге мүмкіншілік туындады. Көптеген жыл бойы олардың тағдыры белгісіз қалып отырған. Біздің қасиетті міндетіміз - осында жатқан жауынгерлер туралы естелік сақтау, - деді Қазақстанның Елшісі Еркін Ахинжанов. 
Лиллехаммер мэрі Ингун Тросхолмен Йорстадмоен әскери зираты соғыс зұлымдығының маңызды ескерткіші болып табылатынын айтты.

ЭХМА.jpg
Біз осында жерленген жауынгерлерді жыл сайын 17 мамырда Норвегияның ұлттық күніне еске салып, жалау көтеріп, гүл шоқтарын қойып құрметтейміз. Ешқашан ұмытпауға міндеттіміз!, - деді мэр.
1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасы чемпионы Владимир Смирнов кеңестік қазақстандық жауынгерлерді құрметтеп еске алу бастамасын қолдаған алғашқыларының бірі болды.
Маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалды. Лиллехаммердің маңында мыңға жуық кеңес жауынгері жерленген, қазіргі таңда олардың ішінде бес қазақстандықтың есімдері анықталды. Бүгін, 22 маусымда осында болу және жерлестеріме құрмет білдіру мен үшін үлкен мәртебе, - деді В.Смирнов.
Туған жерлерінен алыс елде қаза болған жауынгерлерімізді еске алу және құрметтеу өте маңызды деп санаймын. Лиллехаммердегі біздің жауынгерлерді еске алу үлкен құрмет және мәртебе, - деді допты хоккейші, Норвегия чемпионатының биылғы жылғы ең үздік ойыншысы деп танылған Искандер Нугманов.
Бұл бастама майдангер қазақстандықтар үшін тарихи жадыны қалпына келтірудегі маңызды қадам. Бұл, сондай-ақ, Қазақстан мен Норвегия арасындағы достық қатынастардың дамуына өз үлесін қосады. Мен жобаға және мұрағат жұмысына қатысқандардың барлығына алғысымды білдіремін, - деді Норвегия халықаралық қатынастар институтының аға ғылыми қызметкері Роман Вакульчук.

Қазақстанның Ослодағы Елшілігі соғыс кезінде Норвегияда жерленген қазақстандық жауынгерлердің аты-жөнін анықтау жұмысын жалғастыруда.


Өзгелердің жаңалығы