БЖК-2025: Салалық шектеулер алынып тасталды

23 Маусым 2020, 09:17
1703
Бөлісу:
БЖК-2025: Салалық шектеулер алынып тасталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен үкімет отырысында мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін несиелер туралы айтып берді.

"Бизнестің жол картасы-2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары бойынша кәсіпкерлер үшін қарыз қаражатының соңғы құны қазір енді 6%-ті құрайды."Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша несие көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Субсидиялау мерзімі 5 жылды құрайды, - деді Руслан Дәленов. 
Министр атап өткендей, "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша несие сомасы шектелмейді. Ал субсидиялау мерзімі 10 жыл.
Кепілдік беру құралы жақсартылды. "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша кепілдіктер қарыз сомасының 85%-ын құрауы мүмкін. "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша кепілдік несие сомасының 50%-ын құрайды, - деді ол. 
Сондай-ақ, министр "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында салалық шектеулер алынып тасталғанын айтты.
Бұл шағын және орта бизнеске қызмет түріне қарамастан бағдарламаға қатысушы болуға және жеңілдетілген қаржы алуға мүмкіндік береді."Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша тауарлар мен қызметтер тізімі айтарлықтай кеңейтілді. Осы бағдарлама бойынша несиелеудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды, - деді ол. 
Сонымен қатар, Дәленов Ұлттық банк шағын және орта бизнеске, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге салалық шектеусіз жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосылғанын айтты.
Кредиттер айналым қаражатты толықтыруға 1 жылға 8%-бен беріледі. Бұл бағдарламаға 600 млрд теңге бөлінеді. Жалпы, несиелеуді ұлғайту үшін көптеген шектеу алынды, тетіктер жеңілдетілді және қаражат көлемі ұлғайтылды, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы