ШҚО полицейлері ерекше концерт дайындады

23 Маусым 2020, 20:25
1409
Бөлісу:
ШҚО полицейлері ерекше концерт дайындады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылғанына 10 жыл толған Шығыс Қазақстан Полиция департаменті хорының шығармашылық тобы гала-концерт өткізді, деп хабаралады altaynews.kz. 


Тәртіп сақшылары бұл шараны өздерінің кәсіби мерекелері - Қазақстан полициясының күніне арнады. Коронавирус індетіне байланысты шектеулерге орай концерт онлайн түрде өтіп, барлығына қол жетімді болды. 

Концерттің бейнежазбасы облыс орталығының көркем жерлерінің бірі – "Қазақстан" тауында түсірілді. Биыл ғана жаңартылған таудың шыңындағы мемлекеттік рәміздер кешенінде тәртіп сақшылары классикалық шығармалар мен патриоттық әндерді орындады. 

10 жыл ішінде біздің Полиция хорының репертуары байыды: онда патриоттық қана емес, сонымен қатар эстрадалық әндер де бар. Біздің концерт тек полицейлерге ғана емес, кез-келген өнер сүйер қауымға да ұнайтынына сенеміз, - деді Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының бастығы Сағат Мадиев. 

Өзгелердің жаңалығы