Все новости за 26 наурыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Сатиралық шығармаларға арналған республикалық онлайн байқау жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Мәдениет порталы" ақпарат агенттігімен бірлесіп, республикалық деңгейде Қадыр Тайшықов атында сатиралық шығармалар байқауын жариялады.
-
Әскерилер Тараз қаласын дезинфекциялауда
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің қызметшілері Жамбыл облысы орталығындағы бірқатар қоғамдық орындарды залалсыздандырып жатыр.
-
Қарағанды: Вирус жұқтырғандар Франциядан ұшып келген
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда тіркелген 2 науқас та 18 наурыз күні Қарағанды әуежайына қонған ұшақта болған. Жолаушылар барлық санитарлы талаптардың сақталуымен карантинге жатқызылған. Қарағанды облысында карантин режимін енгізуге негіз жоқ.
-
Коронавирус: Қайтыс болған кісі Ақмола облысының тұрғыны
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қарқынды терапияға қарамастан, Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны ауруханада қайтыс болды.
-
Тоқаев: Қиын жағдайдағы тұрғындарды шұғыл қолдау керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қиын жағдайға душар болған тұрғындарды қолдауды шұғыл іске асыру керектігін айтты.
-
Коронавирус: Жамбыл облысынан тағы 1 адам тiркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыз 22:20 сағаттағы жағдай туралы хабарланды.
-
"Әзірет Сұлтан" мешіті онлайн дәрістер жүргізуді бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде уақытша карантин жариялануына байланысты ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мешіттегі барлық уағыз-дәрістер онлайн жүйеге ауысқан болатын.
-
Тоқаев коронавирустан қайтыс болған кісінің туыстарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирустан қайтыс болған кісінің туған-туыстарына көңіл айтты.
-
Қызылордада әлеуметтік дүкендерде азық-түлік арзан бағамен сатылуда
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында әлеуметтік дүкендерде азық-түлік арзан бағамен сатылуда.
-
Ақтауда жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясына қатысты қауіпсіздік шаралары күн өткен сайын күшейтілуде. Ақтауда халық көп жүретін маңызды орындар дезинфекцияланады.
-
Коронавирус індетін жұқтырғандар саны 111 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 21:00 сағаттағы жағдай туралы хабарланды.
-
БЖЗҚ-дағы қаржы 11 триллион теңгеден асты
Осы орайда БЖЗҚ-ның техникалық шарттар бойынша жұмысын атап өту маңызды.
-
Қазақстанда коронавирус індетінен бір адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде коронавирус індетінен алғашқы өлім тіркелді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
-
"Birgemiz: Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасы қиын жағдайға тап болған жастарға көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Волонтер жылы" аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлердің "BIRGEMIZ" республикалық фронт-офисын ресми түрде іске қосты. Фронт-офис ұсынған жобалардың бірі - "Birgemiz: Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасы. Ол қиын жағдайға тап болған балалар мен жастарға көмек көрсетеді.
-
Алматыда әскерилер нысандарды зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуде
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері көшелерді, ғимараттарды және қоғамдық орындарды зарарсыздандыру бойынша жұмыстарды кеңінен жүргізуде. Бұл туралы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметі хабаралады.
-
Шекарада Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері "Имеректің" көмегімен марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Коронавирус: Жазылып шыққан науқас қандай ем қабылдағаны белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирустан айығып шыққан адамның денсаулығына қатысты түсінік берді.
-
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бақылау күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.
-
Алғаш коронавирус анықталған әйел Алматы ауруханасынан жазылып шықты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтып берді.
-
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада 4 науқастың жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы корона төрт науқастың жағдайы ауыр деп отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
-
Елімізде "Стоп-коронавирус" байқауы өтеді
Алматы, BAQ.KZ. "Ғылым қоры" ұйымы "Стоп-Коронавирус" онлайн-байқау өткізетіндерін мәлімдеді.
-
Атырауға шетелдегі студенттер оралып жатыр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Польшада оқып жатқан атыраулық және маңғыстаулық 33 студент елге оралды.
-
Пара алған бас маман өмір бойына лауазымды қызметтен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, соңғы аптада пара алу дерегі Солтүстік Қазақстан облысында да тіркелген. Ол жайында аға тергеуші Данияр Бекайдаров брифинг барысында айтты.
-
ШҚО мешіттері карантинді аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелтпек
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемендегі "Халифа Алтай" мешіті елімізде алғашқылардың бірі болып карантинді аймақтарға жөнелтетін гуманитарлық көмек жүгін жинады.
-
Елдегі барлық ХҚКО жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алайда, мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын eGov.kz порталынан алуға болады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирі арқылы өткен онлайн брифинг барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
-
Бірнеше өңірде балабақшалар жұмысын тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балабақшаға бармаған балалардың орны сақталады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирі арқылы өткен онлайн брифинг барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
-
Төтенше жағдайлар. Кредиттік мәселелерге қатысты жедел желі іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халық пен бизнес үшін жедел желіні іске қосты.
-
Елордада теракт жасамақ болған ДАИШ өкілі ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 25 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады.
-
ШҚО мешіттері бетперде дайындап, елордаға жөнелтпек
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZтілшісі. Өңірдегі мешіттердің қызметкерлері карантинге жабылған елорда тұрғындарына арнап қорғаныш бетперделерін тігуде.
-
Қашықтықтан оқытуға дайындық жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады, деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифинг барысында.
-
Корнонавирус: Солтүстік Кореяда әлі бірде-бір жағдай тіркелмеген
Алматы, BAQ.KZ. КХДР-сы коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық ұйымдардан көмек сұрады. Аталған ел Covid-19 індетіне қарсы тест алуға ниетті, деп жазды Financial Times басылымы.
-
Қарағандыда әскерилердің көмегімен көшелерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды гарнизонының әскери қызметшілері күн сайын қала көшелерінде, ғимараттар мен нысандарды санитарлы-дезинфекциялау жұмыстарын жүргізетін болады.
-
42 мың теңгені қалай алуға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандар мен жұмысынан айырылғандарға берілетін 42 мың теңгені қалай алуға болады?
-
Нұр-Сұлтанда медициналық маскалар тегін таратылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медициналық маскалар мен аскорбин қышқылын (С дәрумені) тегін тарату науқанын шымкенттік "Mega Pharma" ЖШС-нің медициналық бұйымдардың қазақстандық өндірушісі ұйымдастырды.
-
Депутат Божко мен Косарев "мәжбүрлі түрде" демалысқа кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес Мәжілістің кейбір депутаттарына пленарлық отырыстарға қатыспауға және үйде болуға кеңес берілді.
-
Мектеп құрылысына бөлінген 45 млн теңге қайда кетті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 50 іс тіркелді. Бұл жайында аға тергеушісі Данияр Болатұлы брифинг барысында айтты.
-
Коронавирус. Статистика
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырғандар саны 109 адамға жетті.
-
Маска мен антисептикті заңсыз сатқандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маска мен антисептикті заңсыз сатқан 40 адам жауапқа тартылды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
-
Министр коронавирустан жазылғандардың да есімі жарияланбайтынын айтты
Соңғы мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 109-ға жетті.
-
Өзбекстан Қытайдан асып түсті: 5 күнде аурухана тұрғызбақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан коронавируспен күресуге арналған ауруханалар сала бастады. Олардың біріншісін бес күнде пайдалануға беру жоспарланған.
-
Коронавирусқа шалдыққандардың саны 109 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам Нұр-Сұлтан қаласында және Аламты қаласында 6 адам тіркелді, деп хабарланды www.coronavirus2020.kz сайтында.
-
Нұр-Сұлтан қаласында карантин аумағын кесіп өту бойынша 56 факт тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан астанасында наурыздың 19-25 аралығында карантин аумағын кесіп өту бойынша 56 факт тіркелді.
-
Қызылорда қаласында сауда орындары медициналық масканы тегін таратуда
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласында сауда орындары медициналық масканы тегін таратуда.
-
"Birgemiz: Bilim" жобасы 14 облыста волонтерлік көмек көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Волонтерлерге арналған "Біргеміз" республикалық фронт-офис – 17 аймақтық волонтерлерді қолдау орталығынан тұрады. Оның аясында 85 өңірлік үйлестіруші қызмет етеді. Фронт-офис ұсынған жобалардың бірі - "Birgemiz: Bilim" жалпыұлттық жобасы. Оның мақсаты - ауылдық жерлерде тұратын орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына ҰБТ-ға, ағылшын тіліне дайындалуға көмектесу.
-
Испанияда бір түнде 700-ден аса адам қайтыс болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда өткен түні коронавирус жұқтырған 738 адам қайтыс болды. Елде барлығы 3434 адам көз жұмды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
-
Әлемде 477 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаһан жұртын дүрліктірген коронавирусты әлем елдерінің 477 мың 341-нан астам тұрғыны жұқтырған.
-
Енді қазақстандықтар мемқызметтерді тек онлайн алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды.
-
"Ауылдықтар" ауылдағыларға тегін маска таратып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында "Ауыл" халықтық – демокартиялық патриоттық партиясы медициналық маскаларды тегін таратып жатыр.
-
Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram парақшасында тұрғындарға үндеу жасап, коронавиурспен күресте күні-түні қызмет етіп жатқан қызметкерлерге күш-жігер тілеуге шақырды.
-
АШМ Ресейден импортталған 19 тонна бананды ел аумағына кіргізбеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР АШМ өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан нарығына РФ мен Вьетнам елінен алып келінген 175 тонна өсімдік өнімін кіргізбеді.
-
Карантин кезінде тегін киноны қайдан көруге болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде Kaztube онлайн кинотеатры іске қосылды.
-
Қордайдағы төбелес: қираған үйлер демеушілер есебінен қалпына келтіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ақпан айында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға барысында қираған тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын осы айда бастау жоспарланып отыр.
-
COVID-19 ақша арқылы жұға ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовтың COVID-19 індеті кезінде қолма-қол ақшаны қалай пайдалануға болатынын түсіндірді.
-
Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан ауыл тұрғыны ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының полицейлері Бадамша ауылының тұрғынын коронавирус туралы жалған ақпарат таратқаны үшін ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Байбек: 6 күнде 12 мыңға жуық отбасыға 214 млн теңге көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Біз біргеміз!" акциясы аясында Nur Otan партиясы мен Тұңғыш президент қоры төтенше жағдай кезінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсетті.
-
Ақмолада аудан әкімінің орынбасары 600 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемкорлыққа қарсы қызмет агенттігінің өткізген брифингінде департаменттің аға тергеушісі Данияр Болатұлы Бигайдаров пара алудың бірнеше фактісін атап өтті.
-
"Birgemiz: Saýlyq" жалпыұлттық жобасының еріктілері қандай көмек көрсетеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл "Волонтер жылы". Осыған орай ашылған Волонтерлердің республикалық фронт-офисі бірнеше жобаны ұсынды. Соның бірі - "Birgemiz: Saýlyq" жалпыұлттық жобасы.
-
Нығматулин бейбіт митингке қатысты заң жобасы жайлы пікір білдірді
Н. Нығматулин Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар, парламенттік емес партиялар, ҮЕҰ мен азаматтық қоғамның өкілдері бірлесіп жұмыс атқарған жаңа заң жобасы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына сәйкес келетінін атап өтті.
-
Қазақстандықтар Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен отанға оралуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекцияның қарқынды таралуына байланысты Қазақстанның Мексикадағы елшілігі Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінен біздің отандастарымыздың елге оралуына көмек көрсетті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
-
Отандық компания өкпені жасанды желдетуге арналған аппаратты тегін береді
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне қарағанда, бұл аппараттар компанияның еншілес кәсіпорны “Тыныс” зауытында шығарылады.
-
Бейбіт митинг өткізу туралы заң алғашқы оқылымда қабылданды
Бейбіт жиналыстар өткізуге ыңғайлы болуы үшін ұйымдастырушылар мен журналистерге арналған ерекше белгілер қабылданады.
-
Коронавирус: астанада 9 науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді, деп хабарланды www.coronavirus2020.kz сайтында.
-
АҚШ президенті Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.
-
Нығматулин: Nur Otan дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қолдайды
Мәжіліс төрағасы індет кезінде осындай шараларды қабылдаудан кешігіп қалған елдерде жағдай күрт төмендеп кеткеніне назар аударды.
-
Биыл елімізде 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің көмір өндіруші компаниялары жылдың қаңтар-ақпан айларында 18,3 млн тонна көмір өндірді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 10,4 млн тонна көмір жөнелтілсе, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 936,8 мың тонна көмір жеткізілді.
-
Бүгіннен бастап Алматыдағы қоғамдық көлік 19.00-ге дейін ғана жүреді
Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімдігі 26 наурыздан бастап Алматы қаласында қоғамдық көлік 19.00-ге дейін жұмыс істейтінін мәлімдеді.
-
БҒМ вице-министр қашықтықтан оқыту мәселесін түсіндірді
Ол теле-сабақардың қалай ұйымдастырылатынына да тоқталды.
-
Мамандар Алматыда көгершіндер неден өлгенін тексеріп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Орман шаруашылығы комитетінің мамандары Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағындағы көгершіндер неден өлгенін зерттеп жатыр.
-
Екі облыста дабылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 26 наурыз күні еліміздің екі облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.
-
Кореяда баланы қағып кеткен отандасымыздың сот үкімі өзгертілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 26 наурызда Чангвон қаласында ҚР азаматы Сырым Шәрібекке қатысты іс бойынша апелляциялық соттың қорытынды отырысы өтті.
-
Өзге аймақтардан келгендер дәрігерлік тексеруден өтуі міндетті
Осыған байланысты Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы 646 FNB 13 нөмірлі автобуспен келген азаматтардың аты-жөндері анықталды. Бұл азаматтар өз еріктерімен жергілікті медицина мекемелеріне барып, тексерілуден өтуі тиіс.
-
Ұстаздарды жұмысқа шақыртқан мектеп директорлары жазаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан және Алматы облыстарында кейбір мектеп басшысы мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттегені анықталды, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
-
Алматы дәрігерлерінің қорғаныс киімді өздері тігіп жатыр дегені жалған – денсаулық басқармасы
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жедел жәрдем қызметкерлерінің обаға қарсы костюмді бір реттік жамылғыдан өздері тігіп жатыр деген ақпаратты растамады.
-
Таразда автобус аялдамалары күніне екі рет дезинфекциялануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласындағы барлық аялдамаларда күн сайын төрт мамандандырылған ұйым дезинфекция жұмыстарын жүргізуде, деп жазады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Шымкентті толық карантинге жабуға негіз жоқ – Мұрат Әйтенов
Бірінші науқас 18 наурыз күні сағат 17.30-да Нұр-Сұлтан қаласынан "Нұр-Сұлтан-Жетісай" бағытымен жүретін 51 адам мінген автобуспен келген. 20 наурыз сағат 23:30-да 4 азамат Шымкент қаласы Бекжан автовокзалынан түсіп, үшеуі Түркістан қаласы бағытына жолға шыққан.
-
Конор МакГрегор коронавируспен күреске миллион еуро бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирландиялық файтер Конор МакГрегор короновирустық инфекциямен күресу үшін Ленстер провинциясындағы (Ирландия) ауруханаларға 1 миллион еуро бөлді, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Жапония коронавирустың емін тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі тұмау вирусының жаңа штаммдарына қарсы жапониялық дәрінің сынақ түрінде емдеу барысында коронавирустық инфекцияның жеңіл формасына ұшыраған науқастарды емдеуде тиімділігін дәлелдегенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz The Guardian-ға сілтеме жасап.
-
Оқу мен жұмысқа арналған 5 онлайн-платформа
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде тарап жатқан індетке байланысты қазір барлық оқу орындары қашықтан оқу режиміне ауысты. Сонымен қатар көптеген адам үйден жұмыс істей бастады. Соған байланысты Massaget.com оқу мен жұмыс барысында қарым-қатынас орнатуға ыңғайлы 5 онлайн-платформаны ұсынады.
-
Коронавирус туралы әзілдеген полицей жұмыстан қуылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарасты Ершовка ауылының учаскелік полиция инспекторы интернетте пайда болған бейнежазбадағы әрекеті үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 08:25 сағаттағы жағдай туралы хабарланды.
-
Қазақстанның 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. Бейсенбі, 26 наурыз күні 2 қалада жағымсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 08:05 сағаттағы жағдай хабарланды.
-
Коронавирус жұқтырғандар саны 81 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 наурызда сағат 01:10-дағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам анықталды.
Наверх