Испанияда бір түнде 700-ден аса адам қайтыс болған

26 Наурыз 2020, 15:20
1222
Бөлісу:
Испанияда бір түнде 700-ден аса адам қайтыс болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда өткен түні коронавирус жұқтырған 738 адам қайтыс болды. Елде барлығы 3434 адам көз жұмды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Испания парламенті үкіметтің жоғары дайындық режимін тағы 15 күнге - 11 сәуірге дейін ұзарту туралы ұсынысын қолдады. Ел билігі 14 наурызда 15 күнге төтенше жағдай жариялаған. 

Коронавирус індетін қайтыс болғандардың саны бойынша еуропа құрлығында Испания Италиядан кейін екінші орында тұр. 25 наурыздағы ресми мәлімет бойынша, Испанияда 48 мыңға жуық адам COVID-19 жұқтырған. 

Сонымен қатар, Италияда 25 наурызда тағы 683 адам қайтыс болған. Елде коронавирус індетінен көз жұмғандардың жалпы саны - 7503. Одан бөлек, тағы 5210 адам коронавирус жұқтырған. 

Өзгелердің жаңалығы