Алматы дәрігерлерінің қорғаныс киімді өздері тігіп жатыр дегені жалған – денсаулық басқармасы

26 Наурыз 2020, 10:01
1850
Бөлісу:
Алматы дәрігерлерінің қорғаныс киімді өздері тігіп жатыр дегені жалған – денсаулық басқармасы

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жедел жәрдем қызметкерлерінің обаға қарсы костюмді бір реттік жамылғыдан өздері тігіп жатыр деген ақпаратты растамады. 

Ол мәлімет шындыққа жанаспайды. Алматы қаласының жедел медицина қызметкерлері қорғаныс құралдарымен түгелдей қамтамасыз етілген және олар жеткілікті мөлшерде. Қазіргі таңда қаладағы станцияларда 400 дана көпретті қауіпсіз костюмдер бар. Жедел жәрдем қызметкерлерінің қорғаныс киімдері әр шақырту сайын ауыстырылып отырады, - делінген хабараламада. 

Айта кетсек, бұған дейін желіде Алматы жедел жәрдем қызметкерлері қауіпсіздік костюмдерін өздері қолдан тігіп жатыр деген мәлімет тараған болатын.
Өзгелердің жаңалығы