Кореяда баланы қағып кеткен отандасымыздың сот үкімі өзгертілді

26 Наурыз 2020, 10:46
3590
Бөлісу:
Кореяда баланы қағып кеткен отандасымыздың сот үкімі өзгертілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 26 наурызда Чангвон қаласында ҚР азаматы Сырым Шәрібекке қатысты іс бойынша апелляциялық соттың қорытынды отырысы өтті. 

Сот отырысына қазақстандық дипломаттар да қатысты. Кореядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен аудармашы қызметі ақысыз негізде ұсынылды. 

Тыңдау барысында сот бұрын шығарылған үкімді (2 жыл 6 ай) тым қатаң деп санап, бас бостандығынан айыру мерзімін түзеу жұмыстарымен қоса алғанда 2 жылға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, қорғау тарапының Корея Республикасының Жоғарғы Сотына 7 күн ішінде аппеляцияға беру құқығы бар. Аталған уақыт бойы С. Шәрібек тергеу изоляторында болады, ал апелляция болмаған жағдайда Чангвон қаласының түрмесіне ауыстырылады.

Жазаны өтеу мерзімі ұсталған сәттен, яғни 2019 жылғы 14 қазаннан бастап есептеледі. Осылайша, жазаның жалпы мерзімі 1 жыл 6 айды құрайды. Біздің отандасымыздың жағдайы жақсы, оның ешқандай шағымы жоқ, - делінген СІМ хабарламасында.
Айта кетсек, Қазақстаннан кеткен 20 жастағы еңбек мигранты Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарланған болатын. Кейін айыптының елден қашып кеткені де анықталды. 7 жасар бала жансақтау бөліміне түскен. Оның 18 жері сынып, басынан жарақат алған. Зардап шеккен бүлдіршінге күрделі ота жасалды. 

Кейіннен қашып кеткен жігіт 14 қазан күні тергеу іс-шараларына қатысу үшін Сеул қаласына өз еркімен ұшып келгені белгілі болды.

Чанвон Кан Се Бин округінің қылмыстық бөлімінің бас судьясы 10 қаңтар күні 21 жастағы қазақстандық А. азаматты 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол адам қағып, көлікті лицензиясыз айдаған.


Өзгелердің жаңалығы